|
Транскрипция терминациясының іске асырылу жолы мынандай жолмен қамтамасыз етіледі
|
бет | 62/360 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 2,84 Mb. | | #129454 |
| Байланысты: ЦиÑоплазма мен ÑÑÑÑÒÑ Ð¾ÑÑада Ð , Na иондаÑÑн белгÑÐ»Ñ Ð±ÑÑ Ð°ÑаÒаÑ-emirsaba.org72. Транскрипция терминациясының іске асырылу жолы мынандай жолмен қамтамасыз етіледі:
1. терминациялық аймақта тікенекті құрылымның қалыптасуы немесе реттеуші ақуыз сигма-фактормен әрекеттесуі арқылы
2. + терминациялық аймақта ілмек тәрізді құрылымның қалыптасуы немесе РНҚ полимеразаның реттеуші ақуыз – ро-фактормен әрекеттесуі арқылы
3. РНҚ-полимеразаның терминаторлық бөліктегі мағналы кодонмен немесе реттеуші ақуыз– сигма фактормен әрекеттесуі арқылы
4. РНҚ-полимеразаның реттеуші ақуыз – пси-фактормен және сигма-фактормен әрекеттесуі арқылы
5. РНҚ-полимеразаның экзондармен немесе интрондармен, мағыналы кодондармен әрекеттесуі арқылы
73. а-РНҚ пісіп жетілу үрдісі тән жасушалылар және оларда жүреді:
1.+ эукариоттық гендерге тән, кодталмайтын қатарлардың (интрондардың) кесілуі, кодтайтын қатарлардың (экзондардың) тігілуі
2. эукариоттық гендерге тән, экзондардың кесілуі, «кэп қалпақшасының» жалғануы
3. прокариоттық гендерге тән, экзондардың кесілуі, «кэп қалпақшасының» жалғануы
4. прокариоттық гендерге тән, экзондардың алынуы және қалған интрондардың тігілуі
5. эукариоттық гендерге тән, альтернативті сайленсингтену, қалған интрондар түрлі комбинациямен тігіледі
74. Альтернативті сплайсинг тән жасушалылар оларда жүреді:
1. прокариоттық гендерге тән, пісіп - жетілген а-РНҚ да экзондар әртүрлі комбинациямен тігіледі, геннің кодтау мүмкіндігін төмендетеді
2. эукариоттық жасушаларға тән, экзондардың кесілуі, интрондардың түрлі комбинациялануы, жасушаның энергиялық мүмкіндігін арттырады
3. +эукариоттық гендерге тән, интрондардың кесілуі, экзондардың түрлі комбинациямен тігілуі және гендердің кодтау мүмкіндігін арттырады
4. эукариоттық гендерге тән, «кэп қалпақшасының» жалғануы, экзондардың алынып тасталынуы және интрондардың түрлі комбинациямен тігілуі
5. прокариоттық жасушаларға тән, «кэп қалпақшасының» жалғануы, интрондардың алынып тасталынуы және экзондардың түрлі комбинациямен тігілуі
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|