|
Тернер-Шерешевский синдромы
554. Жыныс хромосомалар санының өзгеруінен болатын синдромдар
|
бет | 128/360 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 2,84 Mb. | | #129454 |
| Байланысты: ЦиÑоплазма мен ÑÑÑÑÒÑ Ð¾ÑÑада Ð , Na иондаÑÑн белгÑÐ»Ñ Ð±ÑÑ Ð°ÑаÒаÑ-emirsaba.org5. Тернер-Шерешевский синдромы
554. Жыныс хромосомалар санының өзгеруінен болатын синдромдар:
1. +Кляйнфельтер
2. Теа – Сакс
3. Леша – Найян
4. Даун
5. Патау
555. Гендік аурулардың себебі болатын мутациялар:
1. геномдық
2. хромосомалық
3. хромосомалардың делециясы
4. +нуклеотидтер делециясы
5. хромосоманың теломерлік локусының делециясы
556. Моногендік аурулардың этиологиясы болып табылатын мутациялар:
1. +нуклеотидтердің алмасуы
2.хромосомалардың алмасуы
3.хромосомалардың жоғалуы
4. хромосома санының артуы
5.хромосоманың қосылуы
557.Тұқым қуалайтын гемоглобинопатияларға жатады:
1. орақ тәрізді жасушалық сары ауру
2. темір жетіспейтін анемия
3.гипохромдық анемия
4.+талассемия
5.гемолитикалық анемия
558. Тұқым қуалау типіне қарай моногенді аурулар жіктеледі:
1. геноммен, аутосомамен тіркескен
2. аутосомды- гоносомалы, аутосомды-геномды
3. +аутосомды-доминантты, аутосомды - рецесивті
4. аутосомды-гоносомалы, толық доминанттылықпен
5.аутосомды- рекомбинантты толымсыз доминанттылықпен
559. Полигендік ауруларды көрсетіңіз:
1.Теа-Сакс
2.Марфан
3.фенилкетонурия
4.гемофилия
5. +подагра
560. Тұқым қуалайтын ферментопатияға жатады :
1. орақ тәрізді жасушалық анемия
2. темір-жетіспеушілік анемиясы
3. глюкоземия
4. талассемия
5. +фенилкетонурия
561. Қандай ауруда клиникалық белгілерінің көрінуінің алдын-алуға болады:
1. +фенилкетонурияда
2. гемоглобинопатияда
3. алкаптонурияда
4. глюкоземияда
5. гемофилияда
562. Аурудың бауыры, көкбауыры үлкейгендігі байқалады. Клинико-лабораторялық тексеруден анықталды: церулоплазминнің кан құрамында төмен екендігі. Диагнозын анықтаңыз:
1. Леш – Найян
2. Шерешевский - Тернер
3. +Вильсон-Коновалов
4. Вильямс-Олдрич
5. Вольф-Хишхорн
563. Тұқым қуалау типі аутосомды-доминантты, толымсыз доминанттылықпен. Гомозиготаларда ауру өте зілді болады, ал гетерозиготаларда ̶ субклиникалық формада. Қанды зерттегенде эритроциттердің формасы өзгергені анықталды. Диагноз қойыңыз:
1. гемофилия
2. +талассемия
3. галактоземия
4. фенилкетонурия
5. алкаптонурия
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|