Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет147/340
Дата28.11.2023
өлшемі9,47 Mb.
#130742
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   340
Байланысты:
Цито Сарыағаш-2

Жалпы генетика негіздері -189
*1*77*4*

433. Тірі ағзаларға тән қасиеттердің қайсысын генетика зерттейді?


1) өсу
2) даму
3) дискреттілік
4) тұқым қуалаушылық +
5) репарация
434. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың бірдей локустарында орналасқан және альтернативті белгілерге жауап береді.
Берілген сипаттамаларға қандай гендер жауап береді?
1) аллельді емес
2)аллельді+
3)доминантты
4) рецессивті
5) аралық
435. Гендер гомологты хромосомалардың түрлі локустарында немесе әртүрлі хромосомаларда орналасқан және әртүрлі белгілерге жауап береді.
Берілген сипаттамаларға қандай гендер жауап береді?
1) аллельді
2) аллельді емес+
3)доминантты
4)рецессивті
5) аралық
436. Дараның аллельді гендері әртүрлі, бірі доминантты, екіншісі рецессивті.
Оның генотиптері қандай?
1) дизигота
2) гемизигота
3) гомозигота
4)монозигота
5) гетерозигота+
437. Белгісіз генотипі бар дара рецессивті гомозиготамен шағылыстырылды.
Берілген сипаттамаға төменде келтірілген шағылыстырулардың қайсысы тән?
1) дигибридті
2) тригибридті
3) полигибридті
4) моногибридті
5) талдаушы+
438. Бір жұп альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын даралар шағылыстырылады.
Берілген сипаттамаға төменде келтірілген шағылыстырулардың қайсысы тән?
1) дигибридті
2) тригибридті
3) полигибридті
4) моногибридті+
5) талдаушы
439. Ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы
1) генотип
2) фенотип+
3) кариотип
4) гаплотип
5) диплотип
440. Берілген шарттардың қайсысы менделденуші белгілерге тән?
1) моногендік+
2) гомогендік
3) өзгергіштік
4) гетерогендік
5) полиморфтық
441. Барлық тұқым қуалайтын факторларының жиынтығы
1) генотип +
2) фенотип
3) диплотип
4) гаплотип
5) кариотип
442. Диплоидты хромосомалардағы гендердің жиынтығы
1) генотип +
2) гаплотип
3) диплотип
4) кариотип
5) фенотип
443. Дараның бірдей аллель гендері бар. Оның генотипі қандай?
1) дизигота
2) гемизигота
3) гомозигота +
4) монозигота
5) гетерозигота
444.Дара, бір хромосомада 5 морганид қашықтықта орналасқан, а және в гендері бойынша талдануда.Келтірілген тұқым қуалау типтерінің қайсысы үйлесімді?

  1. аутосомамен тіркес+

  2. Х-хромосомамен тіркес

  3. У-хромосомамен тіркес

  4. тәуелсіз

  5. митохондриалық

445. Дара, бір хромосомада 50 морганидтен алыс қашықтықта орналасқан, а және в
гендері бойынша талдануда.Келтірілген тұқым қуалау типтерінің қайсысы үйлесімді?

  1. аутосомамен тіркес

  2. Х-хромосомамен тіркес

  3. У-хромосомамен тіркес

  4. Тәуелсіз+

  5. митохондриалық

446. АаСс генотипі бар дара гаметогенез кезінде 18 % кроссовер гаметалар (Ас және аС) түзеді.
Осы дара қанша % кроссоверсіз гаметалар түзеді?
1) 18 %
2) 36 %
3) 54%
4) 72 %
5) 82%+
447. ВвДд генотипі бар дара гаметогенез кезінде 64 % кроссоверсіз гаметалар (ВД және Вд) түзеді. Вд гені аллелдерінің ара қашықтығы қанша морганид тең?
1) 64 м.
2) 32 м.
3) 36 м.+
4) 40 м.
5) 44 м.
448. Адамның аутосомдық хромосомалармен тіркес топтары қанша?
1) 46
2) 44
3) 23
4) 22+
5) 40
449. Адамның Х -хромосомамен тіркес доминантты гені
1) гемофилия
2) миоплегия
3) дальтонизм
4) тіс эмалі гипоплазиясы +
5) эктодермалық ангидроздық дисплазия
450. Адамның Х -хромосомамен тіркес рецессивті гені
1) анемия
2) гемофилия+
3) миоплегия
4) тіс эмалі гипоплазиясы
5) көру нервінің атрофиясы
451. Адамның Х -хромосомамен тіркес рецессивті гені
1) анемия
2) миоплегия
3) дальтонизм +
4) тіс эмалі гипоплазиясы
5) көру нервінің атрофиясы атрофиясы
452. Әкесінің гипертрихозы бар, шешесі қалыпты отбасынан шыққан. Қыздарында гипертрихоздың байқалу мүмкіндігі қандай?
1) 100%
2) 75%
3) 50%
4) 25%
5) 0%+
453. Анасы дальтонизммен ауру, әкесі сау. Қыздарында дальтонизмнің байқалу мүмкіндігі қандай?
1) 100%
2) 75%
3) 50%
4) 25%
5) 0%+
454. Ер адамның жыныс хромосомаларымен тіркес топтары қанша?
1) 2+
2) 4
3) 6
4) 22
5) 44
455. АВО жүйесі бойынша ІАІВ генотипі қандайқан тобын анықтайды?
1) 0
2) І
3) ІІ
4) ІІІ
5) ІY+
456. АВО жүйесі бойынша І қан тобының генотипі
1) ІАІО
2) ІАІА
3) ІВІО
4) ІВІВ
5) ІОІО+
457.Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы пенетранттылықты сипаттайды?
1) гендер әсерінің жалпы көрсеткіші
2) гендер әсерінің қосымша көрсеткіші
3) белгі дамуының сапалық көрсеткіші
4) белгі дамуының сандық көрсеткіші+
5) бір геннің басқа генмен басылу көрсеткіші
458. Аллельді гендердің өзара әсерлесу түрі
1) полимерия
2) доминантты эпистаз
3) рецессивті эпистаз
4) кодоминанттылық+
5) комплементарлық
459. Рецессивті эпистазға мысал болатын белгі
1) интеллект
2) тері түсі
3) дене салмағы
4) бомбей феномені+
5) орақ тәрізді жасушалық анемия феномені
460. АВО жүйесі бойынша ІY қан тобының генотипі
1) ІАІА
2) ІВІВ
3) ++ІАІВ
4) ІОІО
5) ІОІА
461. Геннің көптік аллелизмі
1) бір ген басқа бір генді толық баса алады
2) доминантты ген рецессивті генді толық баса алмайды
3) бір аллельді жұптың гендері тең дәрежеде,екеуі де өз әсерін көрсетеді
4) доминантты және рецессивті гендерден басқа аралық аллельдердің болуы+
5) доминантты ген гомозиготалы күйге қарағанда гетерозиготалы күйде басымды
462. Аллельді емес гендердің өзара әсері
1) кодоминанттылық
2) комплементарлық+
3) аса жоғары доминанттылық
4) толық доминанттылық
5) толымсыз доминанттылық
463. Адамда толымсыз доминанттылыққа мысал
1) есту қабілеті
2) полидактилия
3) синдактилия
4) микрофтальмия+
5) бомбей феномені
464. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы экспрессивтілікке тән?
1) генотип көрінісінің жиілігі
2) фенотип көрінісінің жиілігі
3) ұрпақтар ретінде гендер жиілігінің өзгеруі
4) генетикалық тұрғыда анықталатын белгінің көріну дәрежесі+
5) бір немесе бірнеше фенотиптік белгілердің дамуына бір геннің әсері етуі
465. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы плейотропияға тән?
1) жалпы, өзара толықтыратын геннің әсері
2) белгі көрінісінің сандық көрсеткіші
3) белгі көрінісінің сапалық көрсеткіші
4) бір геннің әсерінен бірнеше белгінің жарыққа шығуы +
5) бірнеше геннің әсерінен бір белгінің жарыққа шығуы
466. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы онтогенезді сипаттайды?

  1. түрдің тарихи дамуы

  2. дараның тарихи дамуы

  3. дараның эмбрионалды дамуы

  4. түрдің жеке дамуы

  5. дараның жеке дамуы+

467. Эмбрионалды кезеңіне сәйкес келетін жүктіліктің аптасы

  1. 2-дан 8 дейін+

  2. 9-дан 40 дейін

  3. 1- дан 15 дейін

  4. 16-дан19 дейін

  5. 20-дан 30 дейін

468. Ұрықтық кезеңге сәйкес келетін жүктіліктің аптасы

  1. 2-дан 8 дейін

  2. 9-дан 40 дейін+

  3. 1- дан 15 дейін

  4. 16-дан19 дейін

  5. 20-дан 30 дейін

469. Аналық әсері бар гендер

  1. гомеозисті гендерге сәйкес келеді

  2. гомеобокс және гомеодомендері болады

  3. апоптозды генетикалық тұрғыда бақылайды

  4. белгілі бір сегменттің дамуын бақылайды

  5. ұрықтануға дейін жұмыртқа жасушасындағы +

470.Төменде келтірілген жасушалардағы мутациялардың қайсысы гаметопатияға әкеледі?

  1. ұрықтағы

  2. эмбриондағы

  3. бластоцистадағы

  4. ата-аналардың жыныс жасушаларындағы+

  5. ата-аналардың сомалық жасушаларындағы

471. Жұмыртқа жасушасының полярлығы

  1. туа біткен ақаулардың дамуы

  2. жасушаның тотипотенттілігі

  3. жұмыртқа жасуша ядросының гомогенділігі

  4. жұмыртқа жасуша цитоплазмасының гетерогенділігі+

  5. зиготаның зат алмасу үрдісінің қарқындылығы

472. Антенатальді онтогенездің алғашқы кезеңінде өтетін жағдай

  1. фетогенез

  2. эмбриогенез+

  3. гистогенез

  4. бластогенез

  5. органогенез

473. Қандай жасушаларда аналық әсерлі гендердің мутациясы пайда болады?

  1. аналықтың жыныс жсушасында+

  2. аталықтың жыныс жасушасында

  3. аналықтың сомалық жасушасында

  4. аталықтың сомалық жасушасында

  5. аналық және аталық жасушаның дене жасушасында

474. Адамның постнатальді онтогенезіндегі кезең

  1. фетальді

  2. бастапқы

  3. туғанға дейін

  4. эмбриональді

  5. репродуктивті+

475. Адамның антенатальді онтогенезіндегі кезең
1) фетальді+
2) неонатальді
3) перинатальді
4) репродуктивті
5) пострепродуктивті
476. Төменде келтірілген кезеңдердің қайсысы адамның антенатальді онтогенезіне сәйкес келеді?
1) эмбриональді+
2) неонатальді
3) перинатальді
4) репродуктивті
5) пострепродуктивті
477. Экзогенді туа біткен даму ақаулықтары
1) постнатальді онтогенезде пайда болатын
2) тератогенді факторлардың әсерінен дамитын+
3) ата-аналардың гаметасындағы гендер мен хромосомаларының өзгерісінен пайда болған
4) экзогенді және генетикалық факторлардың әсерінен дамыған
5) адамның басқа омыртқалылармен генетикалық байланысы
478. Мультифакторлы туа біткен даму ақаулары
1) постнатальді онтогенезде пайда болатын
2) тек қана тератогенді факторлардың әсерінен дамитын ақаулар
3) ата-аналардың гаметасындағы гендер мен хромосомаларының өзгерісіне байланысты пайда болған
4) экзогенді және генетикалық факторлардың әсерінен дамыған+
5) адамның басқа омыртқалылармен генетикалық байланысы
479. Туа біткен жүйелік даму ақаулары
1) бір жүйе бойында+
2) екі не бірнеше мүшеде дамыған
3) жеке немесе оқщауланған
4) ата тегіндегі мүшелерді қайталайды
5) заманауи жануарларда аналогтары жоқ
480. Тератогендік факторлар

  1. геннің құрылысына әсер ететін зиянды факторлар

  2. патологиялық әсері жоқ қалыпты факторлар

  3. туа біткен даму ақауларын дамытатын зиянды факторлар+

  4. хромосоманың құрылымын зақымдайтын мутациялық факторлар

  5. хромосома санының өзгеруіне әкелетін мутациялық факторлар

481. Тератогенез
1) хромосома санының өзгеруі
2) хромосома құрылысының бұзылысы
3) даму ақауларының түзілуі +
4) тұқым қуалайтын аурулардың түзілуі
5) нуклеотидтік қатарлардың өзгеруі
482. Биологиялық тератогенді фактор
1) гипоксия
2) антибиотиктер
3) гипертермия
4) цитомегаловирус+
5) дизентерия қоздырғыштары
483. Төменде келтірілген орта факторлардың қайсысы тератогенді?
1) алкоголь +
2) көмірсулар
3) ас содасы
4) сірке қышқылы
5) минералды су
484. Туа біткен даму ақауларының пайда болу себептері
1) дәрумендер
2) анальгетиктер
3) ана сүті
4) ас тұзы
5) ауыр металдар+
485.Туа біткен даму ақауы бар баланың туылуына әкелетін жүкті әйелдің ауруы
1) отит
2) ринит
3) бронхит
4) эпилепсия+
5) пневмония
486. Жүктіліктің ерте кезінде тератогенді болып табылатын дәрілік препарат
1) валидол
2) анальгин
3) варфарин+
4) валерьянка
5) амидопирин
487. Төменде келтірілген дәрілік препараттардың қайсысы тератогенді?
1) ауырсынуды басатын
2) ішқұртына қарсы
3) дәруменге қарсы
4) қан ұюға қарсы +
5) қабынуға қарсы
488. Популяцияның сипаттамасы
1) тарихи
2) генетикалық +
3) индивидуалдық
4) филогенетикалық
5) морфологиялық
489. Популяцияның демографиялық факторы
1) генотип
2) генофонд
3) полиморфизм
4) жыныстық құрамы+
5) табиғи сұрыпталу
490. Демдердегі туыстық некенің жиілігі
1) 50-59 %
2) 60-69 %
3) 70-79 %
4) 80-90 % +
5) 95-100 %
491. Инбридинке қандай неке тән?
1) идеалды
2) кездейсоқ
3) панмиксті
4) туыс емес
5) туыстық +
492. Популяцияның барлық гендердің жиынтығы
1) ген
2) геном
3) генотип
4) фенотип
5)генофонд+
493. Популяцияның гентикалық факторы
1) генотип
2) полиморфизм +
3) гомогендік
4) жыныстық құрамы
5) жастық құрамы
494. Изоляттардағы туыстық некенің жиілігі
1) 80 % дейін
2) 80-85 %
3) 75-85 %
4) 90-95% +
5) 70 % дейін
495. Кездейсоқ неке
1) инцесттік
2) аутбредті +
3) инбредті
4) туыстық
5) таңдамалы
496. Панмиксия тән популяция
1) кіші
2) қарапайым
3) күрделі
4) идеалды+
5) демдерге
497. Демдерге тән адамдар саны
1) 1.500 дейін
2) 1.500 - 4.000+
3) 5.000 - 10.000
4) 10.000 - 15.000
5) 15.000 - 40.000
498. Популяцияда изоляцияның пайда болуының табиғи себебі
1) финанстық
2) географиялық+
3) экологиялық
4) экономикалық
5)климаттық
499. Бояғыш заттарды, консерванттарды және басқа да тағамдық қоспаларды залалсыздандыратын ферменттердің орны
1) жүрекете
2) бауырда+
3) бүйректе
4) бұлшықетте
5) өкпеде
500. Қоршаған орта факторларына жауап реакцияларын этникалық адамдар топтарында салыстыру үшін қолданылатын әдіс
1) генеалогиялық
2) цитогенеткалық
3) гендік инженериялық
4) популяциялық-статистикалық +
5) молекулалық-генетикалық
501. Кейбір адамдарда сүтті қабылдағанда іштің өтуі және өзін жайсыз сезіну байқалады.
Қандай ферменттің жеткіліксіздігі аталған реакцияны туғызады?
1) лактаза +
2) пепсин
3) каталаза
4) тризозиназа
5) моноаминоксидаза
502. Қоршаған ортаның түрлі факторларына ағзаның төзімділігі
1) өзгергіштік
2) толеранттылық+
3) сезімталдылық
4) тұқымқуалаушылық
5) бейімділік
503. Қоршаған ортаны ластайтын мутагендік әсері бар фактор
1) азот қышқылы
2) хлорлы натрий
3) хлорлы кальции
4) ауыр метал тұздары+
5) ароматизаторлар
504.Глютенді қабылдағанда қозатын ауру
1) фенилкетонурия
2) целиакия+
3) галактоземия
4) қант диабеті
5) гемоглобинопатия
505. Метаболизмі моногенді бақыланатын дәрілік препарат
1) варфарин
2) изониазид
3) барбитурат
4) суксаметоний+
5) анальгетиктер
506. Наркоздық ингаляциялық газ – галотанның метобализмін бақылайтын геннің тұқым қуалау типі
1) голандриялық
2) аутосомды-рецессивті
3) аутосомды-доминантты+
4) Х-тіркес, рецессивті
5) Х-тіркес, доминантты
507. Тұқым қуалайтын бауырдың ауыруы - порфирияның дамуының себебі
1) вирустық инфекция
2) полигендер әсері
3) рецессивті мутация
4) майлы тағамдар
5) доминантты мутация+
508. Дәрілік заттардың токсикалық жинақталу қаупі байқалатын метаболизм.
1) қалыпты
2) төмен+
3) жылдам
4) жоғарғы
5) токсиқалық
509. Дәрілік препараттың мөлшерін арттыруды қажет ететін ағзаның реакциясы.
1) толеранттылық+
2) парадоксальды
3) сезімтал
4) анафилактиқалық
5) аллергиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   340




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет