Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет242/340
Дата28.11.2023
өлшемі9,47 Mb.
#130742
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   340
Байланысты:
Цито Сарыағаш-2

«Бұйрықбойынша» апоптозмембрана немесе жасуша ішілік рецепторлар арқылы берілетін сыртқы «негативті» синал арқылы іске асады.
Жалпы алғанда жасуша тіршілікке қабілетті, бірақ ағза тұрғысынан қарағанда, ол қажетсіз тіпті қауіпті болуы мүмкін. Апоптоздың бұл түрі онтогенездің белгілі бір кезеңдерімен байланысты: эмбриогенезде бірқатар негіздердің және пронефростың редукциялануы, эмрионалдық дамудың морфогенезінде саусақ аралық «жарғақшалардың» жойылуы. 
«Бұйрық бойынша» апоптоз иммундық жүйенің қалыптасуы мен қызмет атқаруында да маңызды: Т және В лимфоциттерінің аутоиммундық клондарының жойылуы.
Әйел адамдардың репродуктивті жүйесінде: атрезиялық фолликулалар жасушаларының (ооцит және фолликулалық жасуша), редукцияланған сары дене жасушаларының, менструация алдында энометрияның функционалдық қабатының, лактация аяқталғаннан кейін сүт безінің лактоциттерінің жойылуы және т.с.с.
«Бұйрық бойынша» апоптоз арқылы көптеген жасушалық мәселелер шешіледі. Мәселен, бөлініп жатқан, жақын арада бөлінген немесе әлі бөлінуге қабілетті жасушаларға да қатысты. Апоптоз жасушалар санын реттеудің тиімді әдістерінің бірі.  
Апоптозды іске қосатын «негативті» сигнал ол позитивті сигналдың болмауы болып табылады.
Негативті сигналының мысалы ретінде түйісу арқылы тежелу кезінде кадгериндерден келетін сигналды келтіруге болады. Бөлініп жатқан жасушалар өте жақын орналасқан жағдайда, тек бөлінуін тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар апоптозға да ұшырауы мүмкін.
Позитивті сингалдың келуінің тоқтауының мысалы ретінде жасушаның беткейге бекінбеген, интегриндерден келетін сигналдың жасуша бөлінуін тоқтатуын келтіруге болады. Бұл жағдайда жасуша тек бөлінуін тоқтатып қана қоймай, апоптозға ұшырайды.
Апоптоз механизмдерінің іске қосылуы жасушалардың жойылуына және олардың ағзадан шығарылуына алып келеді.
Апоптоздың морфологиясы
а) хроматиннің конденсациясы, жасушаның тығыздалуы (цитоплазманың конденсациялануы). Хроматин тығыздалып, ядро жиегінде орналасқан гомогенді массаға ие болады. Цитоплазманың да көлемінің де біршама кішіреюі нәтижесінде жасушаның пішіні өзгереді.
б) Ядро мен цитоплазманың фрагменттелуі нәтижесінде апоптоздық денешіктер түзіледі.
в) Көрші жасушалар арқылы апоптоздық денешіктер фагоцитозға ұшырайды. Көрші жасушалар апоптоздық денешіктерді тануға қабілетті. Фагоцитоздалған денешіктер фаголизосомаларда тез жойылып кетеді. Жойылған жасушаның орнын көрші жасушалар ұлпаның алғашқы құрылымын сақтай отырып толтырады немесе жаңа жасуша түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   340




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет