Жауабы: екінші сурет 365.Адамның сомалық жасушаларындағы хромосома жиынтығы 46 құрайды. Митоз метафазасындағы жасушалардың бірінде хромосома жиынтығын және ДНҚ молекулаларының санын анықтаңыз. +2n4c,92 ДНҚ 366. Адамның бір сома жасушасының 46 хромосомасындағы ДНҚ молекулаларының жалпы массасы шамамен 6 х 10-9 мг тең. Овоциттердегі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыз +3x10-9 367. Суреттен анафаза II -ге сәйкес келетін санды табыңыз
Жауабы:бесінші сурет
368. Бала жүректің туа біткен даму ақаулығымен туылды. Бұндай ақаулықпен туылған балалардың көпшілігі өмірінің алғашқы күндерінде қайтыс болады (фото). Қандай жасушалық механизмнің бұзылуы осындай ақаулықтың себебі болып отыр?
Жауабы: жасуша миграциясының бұзылуынан 369. Сау, жас ата-анадан мерзімінде бала туылды. Туылған кезде екі қолының саусақтарынан ақаулықтар анықталды (фото). Бұл ақаулық қолдың ақаулықтарының ішінде ең жиі кездесетін (16%-дан жоғары) ақаулыққа жатады. Осындай ақаулықтың себебі қандай жасушалық механизмінің бұзылысы болып отыр?
Жауабы: пролиферация 370. Адамдағы полидактилия (алтысаусақтылық) гені , қалыпты бес саусақтылыққа доминантты қасиет көрсетеді. Ата-аналарының екеуіде гетерозиготалы отбасында, алтысаусақты балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыз. +75% 371. Синдактилия (саусақтардың жабысып қалуы) аутосомды доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Ата-аналарының біреуі талдаушы белгі бойынша гомозиготалы, ал екіншісінде саусақтың қалыпты құрылымы бар отбасында саусақтарының жабысуымен баланың туылу мүмкіндігін? +50% 372. Ер адам дальтонизм ауырады, оның әйелі сау, бірақ әйелінің әкесінде осы ауру бар. Осы жанұяда дальтонизммен баланың туылу мүмкіндігі қандай? +50% 373. Әкесінде тіс эмалының гипоплазиясы бар, ал анасында аномалия жоқ отбасында гипоплазиясы бар қыз туылды. Бұл аномалияның келесі қыздарында көрініс беру мүмкіндігі қандай? +100% 374. Доминантты катаракта және эллиптоцитоз гендері бір хромосомада орналасқан.. Дені сау әйел мен дигетерозиготалы ер адамның некесінен болаған балаларында көрініс беру мүмкіндігін анықтаңыз, кроссинговер жүрмеген жағдайда. +50% 375. Гемофилия - Х – хромасомасымен тіркес рецессивті ауру. Егер анасы гемофилияның генін тасмалдаушы болса (ХН Хh), қыздарында гемофилияның көріну мүмкіндігі қанша?+ 0% 376. Адамда сирек кездесетін а геніанофталмияға (көз алмасының болмауына) алып келеді, ал оның А аллелі көздің қалыпты дамуын анықтайды. Гетерозиготалыларда көз алмасының кішіреюі байқалады. Егер ата-аналарының көз алмасы кішірейген болса, олардың ұрпақтарында фенотип бойынша ажырауын анықтаңыздар.+1:2:1 377. Орақ тәрізді анемия толымсыз домнанттылық ретінде тұқым қуалайды. Гетерозиготалыларда аурудың нақты клиникалық белгілері байқалмайды. Гомозиготалылар негізінен балалық шақта қайтыс болады. Ата-аналарының бірі гетерозиготалы, ал екіншісі дені сау отбасында дені сау балалардың туылу мүмкіндігін анықтаңыздар.+50% 378. Катарактаның кейбір түрлері аутосомды-доминантты типпен тұқым қуалайды. Геннің пенетранттылығы 50% құрайды. Аталған белгі бойынша ата-аналарының біреуі гетерезиготалы отбасында катарактамен ауру баланың туылу мүмкіндігі қандай +25% 379. Медико-генетикалық кеңестен отбасы өтуде. Күйеуі ахондроплазиямен (аутосомды–доминантты ауру) ауырады және гетерозиготалы. Отбасындағы бірінші бала сау. Геннің пенетранттылығы 80%. Келесі балаларының ауру болып туылу мүмкіндігі қандай +40% 380. Кариграмманы зерттеңіздер және мутация типін анықтаңыздар