Науқаста ұзақ уақыт темекі шегуден қызыл иегінде метастаздалған жаңа түзілістер анықталды. Төменде келтірілген үдерістердің қайсысы жаңа түзілістің себебі болып табылады?
МУТАЦИЯ
Бірқатар гемоглобинопатияларда гемоглобиннің альфа- және бета тізбектеріндегі аминқышқылдарында өзгерістер болады. Төмендегі өзгерістердің қайсысы HbS (орақ тәрізді жасушалық анемияға) тән?
Глу-вал
Кейбір химиялық элементтер (брома препараттары, профлавин және т.б.) инсерция инсерция типті мутацияларға алып келетіні белгілі. Егер бұл өзгерістер геннің құрылымдық бөлігінде болса қандай муатацияға алып келеді?
Оқылу реті жылжуына
ДНҚ молекуласындағы матрицалық тізбекте мутация нәтижесінде ТАЦ триплеті АТЦ триплет өзгерді. Мұндай мутация типі аталады:
Миссенс мутация
Гемолитикалық анемияның ауыр түрімен ауыратын науқастың гемоглобиннің бета тізбегіндегі глутамин аминқышқылының валинге алмасуына байланысты эритроциттерінің пішіні орақ тәрізді. Мутацияның қандай типі анемияның дамуына себеп болған?
МИССЕНС-МУТАЦИЯ
Дюшен үдемелі бұлшықет дистрофиясында науқастарда аномальды дистрофин ақуызының синтезделуіне алып келетін экзондардың делециялары анықталады. Мутация типін анықтаңыз
Фреймшивт
Антисептик профлавин және акридиндік бояулар көрші орналсқан негіздердің арасына еніп, ДНҚ деформациялануына, инсерцияға алып келеді. Аталған өзгеріс қандай мутация типіне алып келеді?
Фреймшивт мутацияға
β-каротин, С және Е дәрумендері ДНҚ-дағы спонтанды өзгерістерді төмендететіні белгілі. Бұл заттар қандай топқа жатады?
АНТИМУТАГЕНДЕР
. Жасушада геннің құрылымдық бөлігіндегі бірінші экзонда мутация болды. Ондағы жұп нуклеотидтер 290-нан 288 болып азайды. Бұл қандай мутация типі