Цитоплазма мен сыртқы ортада К+, Na+ иондарын белгілі бір арақатынаста ұстау



бет203/351
Дата20.09.2022
өлшемі9,18 Mb.
#39619
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   351
Қозғалушы /бағытталған/ сұрыптау фенотиптiң белгiлi бiр бағытта бiртiндеп өзгеруiн қамтамасыз етедi, бұл осы белгiнiң орташа мәндерiнiң не көбеюiмен не азаюымен көрiнедi. Тiршiлiк ортасының жағдайы өзгергенде осы сұрыптау нәтижесінде осы ортаға сәйкес фенотип сақталады. Бағытталған сұрыптау жасанды сұрыптаудың негiзiн құрайды.

  • Дизруптивтi /бөлушi/ сұрыптау шеткi варианттарды сақтап, аралық немесе орташа варианттарды жояды. Сұрыптаудың дизруптивтi түрi популяцияны белгiлi бiр белгi бойынша бiрнеше топқа "бөледi". Ол популяцияда генетикалық полиморфизмдi қолдайды.

  • Сұрыптау генофондты сыртқы орта жағдайына сәйкестендіреді. Адамзат популяцияларында сұрыптау түр түзу қызметін жоғалтқан. Табиғи сұрыптау адамдардың ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне, генофондтың тұрақтануына жағдай жасайды, генетикалық полиморфизмді тұрақтандырады. Адам поуляцияларындағы табиғи сұрыптаудың өз ерекшеліктері бар. Адамзат қоғамына тән сұрыптау түрлері: а)рецессивті гомозиготаларға қарсы сұрыпталу; б) доминантты аллелге қарсы сұрыпталу; в) гетерозиготалардың пайдасына сұрыптау; г) гетерозиготаларға қарсы сұрыптау.

  • Табиғи сұрыптаудың позитивтi /оң/ әсерлерінен басқа негативтi /терiс/ әсерлері де бар. Ол бiр генотиптердiң көбеюiн, өсiп-өнуiн, екiншi бiр генотиптердiң жойылуын қолдайды және көбею мүмкiндiгiн жояды.

  • Ортаның мутациялық факторлары гетерозигота түрінде жасырынған өзгерген гендер санының көбеюіне алып келеді. Бүл адам денсаулығына және өміріне қауіпті генетикалық ақпараттың жасырын көлемі генетикалық жүк болып табылады. Көптеген рецессивтi мутациялар гетерозиготалы ағзалардың фенотипiне әсер етпейдi, алайда олар популяциялардың генофондында сақталып, тұқым қуалайтын өзгергiштiктiң қорын қүрайды. Генетикалық жүк - популяцияда жеке бір даралардың, барлық популяциямен салыстырғанда, мекен орасына бейімділігін төмендететін рецессивті гендердің жинақталуы (5-10%). Генетикалық жүк фенотипте (өздігіне түсік, ұрықтың құрсақтағы өлімі, өлі туылу, гендік және хромосомалық аурулар, дамудың туа біткен ақаулықтары) көрініс беруі мүмкін немесе көрініс бермеуі де рецессивті патологиялық геннің гетерозиготалы тасымалдаушылары) мүмкін.

  • Сегрегациялық генетикалық жүк - ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

  • Мутациялық генетикалық жүк – мутагенез нәтижесінде пайда болады және қоршаған ортаның ластану дәрежесіне байланысты.

  • Медицинаның басты бір міндетінің бірі – генетикалық жүк әсерінен болатын аурулар санының өсуін қоршаған ортаны ластайтын мутагендерден қорғау, тұқымқуалаитын ауруларды ерте диагностикалау әдістерін дамыту арқылы тұрақтандыру. Генетикалық жүкті төмендетудің тиімді әдісі - кең көлемді медициналық-генетикалық кеңес (МГК) орталықтарын құру




  • 8 сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі,қызметі Геннің молекулалық биологиясы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   351




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет