Cөж тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері



Дата10.12.2023
өлшемі88,63 Kb.
#136478
Байланысты:
stud.kz-33921


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

CӨЖ
Тақырыбы: Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері

Тексерген: Курманбаева К.С.
Орындаған: Құлахмет С.Ж.
Топ: Қ-217

Семей, 2015 ж.


1. Әдебиет теориясы туралы оқу құралдары. Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 — 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.
Қазақстанның халық жазушысы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов – көркем сөздің ел таныған майталман шебері, әдебиеттің ірі қайраткері. З.Қабдолов көркем әдебиеттің дамуына қосқан үлкен үлесі үшін, көркем шығарма жазудағы табысы үшін еңбегіне сай халық жазушысы атанды. Ол - әдебиеттану ғылымына, оның ең бір күрделі саласы – әдебиет теориясына зор үлес қосқан ғалым. Әдебиеттану саласында ұзақ жылдар бойы өнімді еңбек етіп, алдымен ғылым кандидаты, онан кейін ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін арнайы диссертациялық еңбек жазып қорғады. Әдебиет теориясы саласындағы жазған, жарияланған еңбектері жоғары бағаланып, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, онан соң толық мүшесі – академигі болып сайланды.
З.Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған. 1945 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітіреді де, осы білім ордасында үздіксіз ұстаздық және ғылыми жұмыстар атқарады. Ұстаздықтың алуан сырлы жарқын өнегесін танытқан оның бұл саладағы ғибратты еңбегі – ұстаздардың өтуге тиісті педагогикалық мектебі десе де болғандай. Республикамыздың ең үлкен, белді ғылым мен білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің білікті профессоры қызметін атқара жүріп, көптеген шәкірттеріне ғылыми жетекшілік етіп докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғатты. Бүгінде өзінен кейінгі талай әдебиетшілер, жазушы, сыншы, журналисттер академик-жазушыны тәлімі мол ұстаз тұтады.
З.Қабдолов –қазақ әдебиеттану ғылымының аса көрнекті өкілі, үлкен ғалым. Жоғары мектептегі әдебиет теориясын оқытудың, әдебиеттану ғылымының негіздерін оқытудың басты әдіснамалық бағыттары З.Қабдоловтың әдебиет теориясы мектебінен өріс алған. 1970 жылы жарық көрген «Әдебиет теориясының негіздері» атты жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы студенттерді әдебиет туралы білімнің негізімен сусындатып келеді. Бұл кітап қазақ әдебиеттану ғылымында, әсіресе әдебиет теориясы саласында үлкен жетістік деп бағаланған, ғылыми жаңалағы мол қомақты, іргелі зерттеу болды. Оның айрықша құндылығы көркем әдебиеттің табиғатын, оның өмірмен жалғастығын, қазақ сөз өнерінің ұлттық сипат-ерекшелігін ғылыми тұрғыдан терең ашып беруінде, теориялық қағидаларды, көркем шығармаларды үлкен талғампаздықпен танып, нақтылы талдау жасай білу шеберлігінде болатын. Бұл еңбек 1976 жылы «Сөз өнері» деген атаумен өңделіп, толықтырылып екінші рет басылды. Бірнеше рет қайта басылып шыққан «Сөз өнері» атты оқулық студенттердің жастана оқитын аса бағалы, құнды кітабына айналды.
«Сөз өнері» әдебиет әлемінің бар сырын ашып, сөз өнерінің басқа өнер салаларынан артықшылықтарын дәйекті пікірлерімен дәлелдейді, әдеби туындыдағы эстетикалық пайымға да диалектиканың жан-жақтылығымен қарайды. Ондағы жүйелі теория, нақты айқындаулар, дәлелді, негізгі толғам, тұжырымға жол ашады.
Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 — 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы,1973.
2.Әдебиеттану терминдер сөздігі. –А,1999.
3.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1989.
4.Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
5.Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы,1970.
6.Нұрғали Р. Әдебиет теориясы.-Астана, 2003.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет