Cөж тақырыбы;Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы заңнамасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты


Білім беру деңгейлері Білім беретін оқу бағдарламалары



бет5/8
Дата19.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#119390
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Білім беру жүйесі АҚЖҮНІС

Білім беру деңгейлері

Білім беретін оқу бағдарламалары

Білім беретін оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:

1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

3) қосымша болып бөлінеді.

Үлгілік жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Жұмыстық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектепке дейінгі балалалар үшін жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:

балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру принциптерін ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді;

әр баланың қимылын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады;

3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы оқудың, жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейді.

Мектепке дейінгі оқыту мектепте балаларды оқытуға мектеп алды дайындық түрінде бес жастан бастап жүзеге асырылады.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары


Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - 4 жыл.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру білім алушылар біліміне аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін іріктеп мониторингтік бағалаумен аяқталады.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруге, олардың жеке адам аралық және этника аралық қатынастағы жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - 6 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет