Cөж тақырыбы;Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы заңнамасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты



бет7/8
Дата19.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#119390
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Білім беру жүйесі АҚЖҮНІС

Білім беру саясаты – кез келген қоғамда болған, бар және болатын үздіксіз үдеріс. Білім беру саясаты үдерісі мемлекет, қоғам, білім беру бірлестіктері өзінің білім беру жүйесін қалай жүзеге асырады, білім беру қандай мақсатты көздейді, білім беруде басқару жүйесі қандай, білім беруді басқару жане ұйымдастыруда кімнің қызығушылығы негізге алынған, білім беру жүйесі қалай қаржыландырылады деген сұрақтар аясында көрініс табады.

Білім беру ұйымдарының құзыреті.

Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру туралы Үлгілік ережелер мен білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген шектерде оқу-тәрбие процестерін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.

2. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді.

3. Білім беру ұйымының құзыретіне мынадай міндеттер:

1) ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

2) әскери мамандықтар бойынша жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларынан басқа, жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгілік ережесінде өзгеше көзделмесе, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастыру;

4) оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

5) бірыңғай ұлттық тестілеуді және техникалық және еңбек қызметін көрсету кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу;

6) өздерінің жеке қаржы қаражаттары шектерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге лауазымдық айлықақылар, (ставкалары) үстемеақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет