Çokan (Muhammed Hanafiya) Valihanov – 19. Asrın Türk Bilgesi Шоқан (Мұхаммед Қанапия) Уәлиханов XIX ғасырдың Түркі



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі136,58 Kb.
#1595

Çokan (Muhammed Hanafiya) Valihanov – 

19.Asrın Türk Bilgesi 

Шоқан (Мұхаммед Қанапия) Уәлиханов  - XIX ғасырдың Түркі 

Ғұламасы. 

Yrd. Doç.Dr. Azhar Shaldarbekova 

L.N. Gumilev Avrasya Üniversitesi 

 Astana, Kazakistan 

ajars@mail.ru

 

 



Түркі  әлемінде  түркі  халықтарының  тарихы,  әдебиеті,  этнографиясы  мен 

географиясын  зерттеуге  өмірін  арнаған  ғұламалар  айтарлықтай  көп.  Олардың  арасында 

халқының  қиын  кездерінде  отаршылдықтың  қатаң  заңдарына  қарамастан  барлық  күш 

жігерін елінің рухани мәдениетін зерттеу үшін жанын қиюға дейін барған ғалымдардың 

орны ерекше.  

Шоқан Уәлиханов – ХІХ ғасырда қазақ даласында дүниеге келген түркі ойшылы. 

Бұл  кезең  патшалық  Ресейдің  әскери  күшпен  қазақ  жерлерін  толығымен  бағындырып, 

өзінің  саяси  және  заңдық  жүйесін  еңгізіп  жатқан  уақыт  болатын.  Шоқанның  шын  аты 

Мұхаммед  Қанапия,  ал  анасы  мен  әжесінің  Шоқан  деп  қысқартқан  атын  ғалым  кейін 

ресми  құжаттарда  да  қолдана  бастайды.  Ол  жоңғарлармен  соғыста  аты  шыққан  Абылай 

ханның  үлкен  ұлы  Уәлидің  немересі  болған.  Уәли  хан  –  Орта  жүздің  соңғы  ханы,  ал 

Шоқанның әкесі  Шыңғыс өмір сүріп жатқан кезеңіне сай, патша үкіметінің қызметінде 

болған.  Ол  орыс  әскери  мектебінде  білім  алып,  Аман-Қарағай  сыртқы  округының  аға 

сұлтаны болып тағайындалған. Осылайша, ғылыми әлемде өшпес із қалдырған Шоқан – 

хандар ұрпағы, әлемді дүркіреткен Шыңғыс ханның ұрпағынан шыққан. 

Шоқан өзінің қысқа ғұмырын қазақ елінің рухани байлықтарын зерттеуге арнаған. 

Ол  қазақ  аңыздарын,  салт-дәстүрлерін,  шежірелік  әңгімелерін  қағазға  түсірген.  Шоқан  

алғаш  рет  әлемге  қырғыз  эпосы  Манасты  танытқан.  Сонымен  қатар,  қырғыз  халқының 

этнографиясы, Шығыс Түркістан халықтарының тарихи-саяси жағдайы туралы өте құнды 

еңбектер жазған.  

Ғалымның  кең  танымал  болуына  қарамастан,  қазіргі  таңда  оның  ғылыми  мұрасы 

жаңаша түсінілуді және қазақстандық тәуелсіз тарихнама тұрғысынан тиісті  баға берілуін 

қажет  етеді.  Атап  айтқанда,  19-ғасырдағы  ұлы  түркі  ойшылы  ретінде  Шоқан 

Уәлихановтың ғылыми жетістіктерін түркі әлеміне таныту керек.  

Бұл мақалада атақты ғалымның өмірі мен қызметі туралы мәліметтер беріліп, оның 

түркі әлемін зерттеуге қосқан үлесі баяндалады.  



Ш.Уәлихановтың  барлық  еңбектерін:  географиялық  (Орта  Азияның  әртүрлі 

аймақтарына  жасаған  саяхаттарының  сипаттамалары,  карталары,  топографиялық 

суреттемелері,  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемінің  анықтамалары);  тарихи  (тарихи 

әңгімелер  мен  аңыздар,  тарихи  деректердің  талдауы  және  сыны,  қоғамның  әлеуметтік 

жағдайының  сипаттамасы);  этнографиялық  (халықтың  тұрмысы,  күнделікті  өмірі,  салт-

дәстүрлері),  деректемелік  (орта  ғасырдағы  арабша  деректер  және  орыс 

шығыстанушылаының  еңбектерін  талдау)  деп  бөліп  қарастыруға  болады.  Кейбір 

еңбектерін  тарихи  және  этнографиялық  деп  айтуға  болады  (мысалы,  қазақтардың  діни 

көзқарастары туралы мақалалары, батырлар туралы аңыз әңгімелері және т.б.) 

1. 

Шоқанның білімі және түркі халықтарын зерттеу жолындағы қызметі: 

Ресейдің  отаршыл  саясаты  және  шыққан  тегі  мен  туып  өскен  ортасы 

Ш.Уәлихановтың  өмір  жолына  өз  ықпалын  тигізбей  қоймады.  Ол  бастауыш  білімін 

Құсмұрын жеке мектебінде алады. Ол жерде араб жазуын үйреніп, қыпшақ және шағатай 

тілдеріне машықтанады. Мұрағаттық материалдардан Шоқанның араб жазуын толығымен 

меңгеріп  кейін  ұйғыр  жазуын  үйренгенін  көруге  болады  [1, 19].  12  жасында  әкесі  оны 

орыстың  әскери  оқуы  –  Омбы  кадет  корпусына  апарады.  Ол  жерде  Шоқан  орыс  тілін 

жоғары  дәрежеде  меңгереді  және  оқытушыларының  ерекше  назарына  ілігіп,  олардың 

кітапханаларында көп жұмыс жасайды. Осылайша Шоқан сол кездегі Европаның ғылыми 

жетістіктері  туралы  оқып-біліп  отырады.  Шоқанның  әкесі  Шыңғыс  сұлтанның  қазақ 

фольклоры мен этнографиясына көп көңіл бөлгені белгілі. Шыңғыс ең атақты ақын мен 

жыршылардың  басын  қосып  отырған.  Ал  Шоқан  бала  кезінен  бастап  қазақ  өлең-

жырларын  қағазға  түсіріп  жүрген.  Әкесімен  бірге  ауылдарға  барып,  этнографиялық 

жұмыстарға қатысқан Шоқан қаламмен өте жақсы сурет салуды үйренеді. Бұл қабылетін 

кейін ғылыми еңбектерін даярлауда қолданады.  

Шоқанның  қабілеттері  мектеп  кезінен  бастап  байқалған.  Оның  ірі  ғалым 

болатындығы  туралы  мектепке  келгеннен  кейін  2-3    жылдан  соң  айтыла  бастаған.  Ең 

алғашқы  ғылыми  еңбектерін  өзінің  мектептегі  ұстаздарымен  бірге  жасайды.  Ол 

оқытушысы,  әрі  сол  кездегі  атақты  орыс  шығыстанушысы  Н.Ф.Костылецкиймен  бірге 

қазақ  халық  поэзиясының  ең  ежелгі  үлгілері  «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлуды»  қағазға 

түсіреді.  Ориеталист  И.Н.  Березиннің  Тоқтамыштың  жарлығы  туралы  еңбегіне  талдауы 

оның  тұңғыш  ғылыми  зерттеуі  болып  есептеледі.  Бұл  еңбектері  Шоқанның  18  жасқа 

толған кезінде жасалған [1, 29].  

Шоқанның қоғамдық және әдеби қызметі оқу аяқталғаннан басталады. Ресми түрде 

Ш.Уәлиханов  Сібір  казак  әскерінің  6-шы  кавалериялық  полкының  офицері  болып 

бекітіледі. Бірақ негізінде алдымен Сібір генерал-губернаторы, ал 1 жылдан кейін генерал 



Г.Х.  Гасфорттың  адъютанты  болды.  Сонымен  қатар,  арнайы  тапсырмалар  бойынша 

офицер  деген  лауазымы  да  болған.  Ш.Уәлиханов  канцеляриялық  жұмыстармен  бірге 

Батыс  Сібір  тарихнамашысы  міндетін  де  атқара  бастайды.  Соның  арқасында  ол  Омбы 

қаласының  мұрағатында  Азиядағы  орыс  отарлау  саясатын  баяндайтын  құжаттарға  қол 

жеткізеді [1, 33].  

1855  жылы  Ш.Уәлиханов  генерал-губернатор  Гасфортпен  бірге  Қазақстанның 

оңтүстік-шығыс  аумағына,  Жетісуға  барады.  Осы  сапарда  ол  қазақ  ауыз  әдебиетінің 

үлгілерін, қазақ тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинап қайтады.  

1856 жылы Ыстықкөл сапарына қатысады.  

1856-


1857  жж.  ол  қазіргі  Қырғызстан  және  батыс  Қытай  жерлеріне  сапар  шегеді. 

Оның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен 

Құлжа  қаласы»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  атты  еңбектері  осы  сапар  нәтижесінде  

жазылған.  

Осындай географиялық, тарихи, этнографиялық зерттеулері нәтижесінде ол Ресей 

ғалымдары арасында танымал болып, 1857 жылы ақпанында 20-жастан жаңа асқан кезінде 

Орыс география қоғамының толық мүшелігіне сайланады [1, 44]. 

1858-


1859  жылдарда  Ш.Уәлиханов  өзін  әлемге  әйгілі  еткен  Қашқария  сапарын 

ұйымдастырады.  Қашқарияда  1858  жылғы  қазанның  1-нен  1859  жылғы  наурыздың 

ортасына дейін болған Уәлиханов Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін зерттейді.  

Петербордағы  ғалымдар  арасында,  Бас  штаб  пен  Сыртқы  істер  министрлігінде  

аталмыш  сапардан  құнды  мәліметтермен  оралған  Ш.Уәлихановтың  беделі      арта  түседі. 

Солардың ұсынысымен II Александр патша1860 жылы маусымның 15-інде Уәлихановты 

Азия  департаментіне  қалдыру  туралы  бұйрыққа  қол  қойған.    Петерборға  келген 

Уәлиханов қатарынан бірнеше мекемеде (Бас штабтың әскери-ғылыми комитетінде, Азия 

департаментінде,  Орыс  география  қоғамында)  жұмыс  істеп,  Петербор  университетінде 

лекция тыңдаған.  

Бірақ  ұзақ  және  қиын  сапарлар  Шоқанның  десаулығына  теріс  әсерін  тигізбей 

қоймайды. Петербордан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін 

көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. Ол бұл 

туралы досы Достоевскийге «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. 

Оларды  шенеуніктерден,  қазақ  байларынан  қорғамақ  болдым.  Сондағы  ең  алдымен 

көздегенім өзім арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» 

деп жазады. Бірақ ол бұл мақсатына жете алмай, аға сұлтандыққа өтпей қалады.  

1864  жылы  наурыз  айында  Шоқан  генерал  Черняевтің  шақыруымен  Әулиеатаға 

(қазіргі Тараз қаласы) келіп, Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істейді. Бірақ патша 


генералының  жергілікті  халыққа  жасаған  зорлық-зомбылығын  көріп,  одан  тез  арада  

бөлініп  кетеді.  Содан  Верный  (Алматы)  қаласына  келіп,  одан  әрі  Тезек  төренің  аулына 

барып тоқтайды. Сонда үйленіп, тұрып қалады. 

Сөйтіп жүргенде бұрынғы өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде 

қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен тоған деген жерге 

қойылады. 



2. 

Шоқан Уәлихановтың түркі халықтары туралы ғылыми еңбектері: 

2.1

 

Қазақ халқы жайлы еңбектері 

Ш.Уәлиханов еңбектерінің басым бөлігі қазақ халқының тарихы мен этнографиясы 

туралыОларды бірнеше топқа бөлуге болады: 

2.1.1 

Қазақ халық ауыз әдебиетімен байланысты еңбектері : 

a) 

«Қозы-Көрпеш  Баян  сұлу»,  «Едіге»,  «Еркөкше»,  «Қазақ  поэзиясының  түрлері 



туралы» 

б) «Орақ әндері», «Абылай туралы ән», «XYIII ғ.батырлар туралы тарихи аңыздар», 

«Үлкен  қырғыз-қайсақ  ордасының  аңыз  әңгімелері»,  «Жоқтау  үлгісі»,  «Үлкен  орда 

мәтелдері», «Шуна батыр» 

«Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу»  жыры  Сарыбай  мен  Қарабайдың  аң  аулай  жүріп  құда 

болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, 

ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған 

Қозы  мен  Баян,  жүздерін  көрмегенімен  бір-біріне  ғашық  болады.  Уақыт  өте  келе  сараң 

Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті 

палуан  Қодарға  ұзатпақшы  болады.  Қос  ғашықтың  арасына  тосқауыл  болған  Қодар, 

айласын  асырып,  зұлымдықпен  Қозының  басын  алады.  Қайғыдан  қабырғасы  қайысқан 

Баян  өш  алу  үшін  қулыққа  көшеді.  Ол  Қодарға  өзіне  құдықтан  су  алып  берсе,  күйеуге 

шығатынын  айтады.  Алданған  Қодар  Баянның  шашынан  ұстап,  құдықтың  түбіне  түсе 

бергенде,  айлакер  қыз  бұрымын  кесіп  тастайды:  Қодар  түпсіз  тұңғиыққа  құлап  қаза 

табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне 

қанжар салып қол жұмсайды 

«Қазақ  халық  поэзиясының  формалары»  атты  еңбегіне  Шоқан  қазақтардың 

музыкалық  қабілетінің  аса  биіктігін  көрсетеді.  Бізге  толық  жетпеген  бұл  зерттеуінде 

Шоқан  «Ер  Көкше  –  Ер  Қосай»  мен  «Орақ  батыр»  жырларынан  мысал  келтіре  отырып, 

жырдың  жалпы  сипаттамасын  қара  сөзбен  әңгімелей  келіп,  бас  кейіпкерлердің  іс-

әрекеттері  мен  ой-пікірі  өлеңмен  немесе  қобыздың  сүйемелінде әнмен  айтылатындығын 

жіктеп жазған. 



 

«Ән  әлемді  шарлап  жүріп,  бірде  Сырдың  арғы  бетіне  (сағасын),қарақалпақтар 

қонысына аялдапты. Өмірі (құлақ) естімеген, (көз) көрмеген қонақтың түскендігі жайлы 

(жылы)  хабар  жай  оғындай  жылдамдықпен  шар-тарапқа  мәлім  болып,  бақыт  қонған 

ауылға  сансыз  қарақалпақ  ел-жұрты  бас  қосып,  ғажайып  қонақты  күн  батқаннан  таң 

атқанша,  әбден  қалжырап,  әннің  көзіне  ұйқы  тығылғанша  тыңдапты»,  деп  тарқатады  да 

түйінінде:  «Сыр  өзенінің  жоғары  жағында  алысырақ  қоныстанған  қырғыздар  мен 

түркмендер (туыстас тайпалар ол кездері қатар қоныстанған) түн ауа ғана жетіп, керемет 

әуеннің тек соңын тыңдап үлгірген», — деп тұжырымдайды [1, 280-286].  

«

Үлкен  қырғыз-қайсақ  ордасының  аңыз  әңгімелері»  деген  енбегінде  қазақтардың 



шығу  тегі  туралы  бірнеше  аңыз-әңгімелер  келтірілген.  .Ал  «Үлкен  орда  мәтелдері» 

еңбегінде, қазақ мақал мәтелдерін жазып алған. Бұл зерттеулердің құндылығы Шоқанның 

алғаi  рет  халық  ауыз  әдебиетін  тарихи  дерек  ретінде  қолдануы  және  оларды  қағазға 

түсіруі. 

«Шуна батыр» еңбегінің тағы бір аты «ХҮІІІ ғ. аватюристі». Бұл жерде аты аңызға 

айналған  Шуна  батырдың  ерліктері  және  оның  атын  қолданып  көптеген  істер  жасаған 

басқа бір адам туралы қызықты әңгімелер келтірілген.  

2.1.2 

Қазақ халқының этнографиясымен байланысты еңбектері: 

а) «Қырғыздардағы шаманизм қалдықтары», «Даладағы мұсылмандық туралы» 

б)  «Егіншілік  туралы»,  «Киіз  үй»,  «Қырғыз-қайсақ  молалары  және  жалпы 

ескерткіштер  туралы»,  «Қырғыздардың  ежелгі  дәуірлердегі  қаруы  және  әскери 

жабдықтары», «Қырғыздардың көші қоны туралы»  

Ш.Уәлиханов  қазақ  халқының  рухани  және  материалдық  мәдениетіне,  діни 

көзқарастардың қалыптасуына, қазақ даласындағы ислам дінінің таралуына өте көп көңіл 

бөлген.  Ғалым  адамдардың  дiни  сенiмi  табиғат  күшiнiң  адамға  еткен  үстемдiгiнiң 

әсерiнен,  адамның  оның  алдында  әлсiздiгiнен  пайда  болған  деп  дәлелдейдi. 

"Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары" деген мақаласында: "Табиғат пен адам, өмiр 

мен өлiм әрқашан да ақыл жетпес құпия сыр болып келедi. Әлемдi және оның ғажайып 

ғаламаттарын,  өмiр  мен  өлiмнiң  сырын,  адамның  табиғатқа  деген  қарым-қатынасының 

құпиясын бiлу сияқты қажеттiлiктерден келiп әлем мен табиғат, өлген адамдарды құдай 

тұтып  қастерлеу  -  шаман  дiнiн  туғызды.  Сөйтiп,  сәбилiк  дүниедегi  адам  күнге,  ай  мен 

жұлдыздарға және бiздiң табиғат немесе әлем деп атап жүрген шетсiз-шексiз мәңгiлiкке 

бәрiне табынатын болды" [1; 99-100]. 

Сонымен қатар қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығын  «Егіншілік туралы», 

«Киіз  үй»,  «Қырғыз-қайсақ  молалары  және  жалпы  ескі  ескерткіштері  туралы»  деген 

еңбектерінде  зерттесе,  «Қырғыздардың  ежелгі  дәуірлердегі  қаруы  және  әскери 



жабдықтары»  деген  еңбегінде  болса  ежелгі  дәуірлерден  бері  19  ғасырға  дейінгі 

қазақтардың қару жарағын зерттеген, «Қырғыздардың көші қоны туралы»  мақаласында 

қазақ  көшпелі шаруашылығының ерекшеліктерін ерекше көрсеткен.  

2.1.3 

Қазақ халқының тарихымен байланысты еңбектері:  

а)  «Қырғыз-қайсақ  Үлкен  Ордасы  туралы», «Үлкен  жүз  қазақтарының  басқару 

жүйесі», «Қазақ хандары мен сұлтандарының шежіресі», «Қырғыз шежіресі» 

б) «Соттық реформа туралы хат»  

«Қырғыз-қайсақ  Үлкен  Ордасы  туралы»  еңбегінде  Үлкен  орда  немесе  қазақтың 

Ұлы  жүзі  туралы  мәліметтер  берілген:  рулары,  мекендеген  жерлері,  шаруашылығы. 

Зерттеуші, Талас және одан әрі Ташкент маңайын мекендеген Үлкен орданың Абылайдың 

басқаруымен  шығысқа  жылжып,  жоңғар  тайпаларын  Алатау  жоталарына  ығыстырғанын 

осылайша, ежелден келе жатқан атамекеніне қайта оралғанын айтады[1, 182-183].  

«Үлкен жүз қазақтарының басқару жүйесі» еңбегінде Ұлы жүз мекендеген оңтүстік 

және оңтүстік-шығыс өңірінің саяси жағдайы баяндалған. Ресей отарлауының шекарасы, 

Қоқан хандығының қазақ жерлеріндегі ықпалы туралы мәліметтер берілген. 

«Қазақ хандары мен сұлтандарының шежіресі» - бұл қазақ халқының қалыптасуы 

жайлы  мәлімет  беретін  бірнеше  ортағасырлық  еңбектерге  сүйеніп  жалызған  ғылыми 

зерттеу  болып  табылады.  Ол  жерде  ерекше  өзінің  бабасы  Аблай  хан  және  оның 

ұрпақтарының  шежіресіне  тоқталған.  «Қырғыз  шежіресі»  еңбегінде  ол  казақ  халқының 

құрамына  енген  әртүрлі  рулардың  шығуы  мен  мекен  еткен  жерлерін  баяндады.  Оның 

қазбаларына  қарағанда  алшын,  арғын,  найман,  жалайыр,  қыпшақ,  ұзақ,  каңлы,  керей, 

маңғыт, қият, түрікмен, қырғыз т.б. да тайпалар осы күнгі түркі тектес халықтардың пайда 

болуына негіз болған [1, 160-166]. 

 

«Соттық  реформа  туралы  хатында»  Ш.Уәлиханов  өзінің  саяси  көзқарастарын 



білдіреді.  Патшалық  Ресейдің  XIX  ғ.  60-шы  жылдарында  қазақ  жерінде  ежелден 

қалыптасып келе жатқан билер сотын таратып, орыстың соттық жүйесін орнатуын дұрыс 

емес деп есептеген және оған қарсы шыққан.  

2.1.4 

Қазақ тарихының деректерін талдау еңбектері :  

а) Орта ғасырлық арабша жазылған деректерді талдау  

б) Орыс ғалымдарының еңбектеріне талдау 

Ғалым  Қазақстанның  орта  ғасыр  тарихына,  әсіресе  қазақ  халқының  қалыптасу 

мәселесіне көп мән беріп, бұл туралы ортағасырлық шығыс деректеріне талдау жасаған. 

Атап  өтетін  болсақ,  «Тарихи-Рашиди»,  «Низам-ут-Таварих  -  Кази  Бейзави  шығармасы», 

«Абу-Наср Самани», «Хронологиялық жазбалар». 



Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  бірінші  болып  шығыс  деректерін,  атап  айтар 

болсақ Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди» деген еңбегін пайдаланды. Бұл ғалымға 

қазақ  халқының  этногенез  процесінің  аяқталған  кезеңін  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеуіне 

мүмкіндік  берді.  Аталған  мәселе  бойынша  көптеген  материалдарды  мұқият  зерттеу 

нәтижесінде Шоқан Уәлиханов қазақтар «ежелгі халық емес» деген қорытынды жасады. 

Сөйтіп,  қазақ  халқының  пайда  болуын  моңғолдарға  дейінгі  кезеңге  жатқызатындардың 

пікірінің дұрыс емес екндігін дәлелдеді. 

Шоқан  Уәлиханов  қазақтардын  пайда  болу  мәселесін  Қадырғали  Жалаиридің 

«Жеми-ат-тауарих» еңбегін негізге ала отырып зерттеді. 

«

(А.И. Левшинның) қырғыз-қайсақ Ордалары туралы жазбасының үшінші бөліміне 



ескертулер»,  «И.Н.  Березиннің  «Хан  жарлықтары»  кітабін  оқығандағы  ойлар»  деген 

еңбектерінде Шоқан сол кездегі Азияны зерттеуші орыс ғалымдардың еңбектеріне талдау 

жасаған. Әрине, өзі қазақ болғандықтан, тілді білемеген орыс ғалымдарының қателіктерін 

түзеткен немесе кейбір мәліметтерді толықтырған.  

«Письмо  профессору  И.Н.Березину»  атты  еңбегінде  ол  Алтын  орда  дәуірінің  бас 

қаһармандары - Тоқтамыс, Орақмырза, Ер Көкше, Ер Қосайға қатысты жырларды, Жедек, 

Көшім,  Орыс  хандарға  қатысты  аңыз-әңгімелерді  пайдаланып,  қазақ  халқының  кейінгі 

ортағасырлардағы тарихын зерттеді. 



2.2

 

Шоқан  Уалихановтың  қырғыз  халқының  тарихы,  этнографиясы  және 

географиясы туралы жазған еңбектері : 

 

а) Географиялық еңбектері: «Ыстықкөл сапарының күнделігі» 



 

б)  Тарихи-этнографиялық  зерттеулері:  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»,  «Көкетай 

ханның өлімі және оның жерленуі». 

Ш.  Уалиханов  1856  жылы  М.  Хоментовский  басқарған  экспедиция  құрамында 

Ыстықкөл сапарына қатысады. Сол аймақтың фаунасы мен флорасын зерттейді. Қираған 

көне  қалалардың  орнына,  эпиграфиялар  мен  тас  мүсіндерге  назар  аударады. 

Қырғыздардың  бұғы,  сарыбағыш,  солты  руларының  арасында  болып,  қырғыз  халқының 

шежіресін, өлең, жыр, аңыз-әңгімелерін, соның ішіңде «Манас» жырын жазып алады. Жас 

зерттеуші алғаш рет қырғыз халқының эпикалық шығармасы «Манасқа» назар аудартып, 

оның  ең  бірінші  ғылыми  нұсқасын  қағазға  түсіреді  және  жартылай  орыс  тіліне  де 

аударады.  Бұл  еңбектің  алғашқы  тарихи-әдеби  сараптамасын  жасап,  Манас  және  тағы 

басқа  қырғыз  қаһармандарының  образдарына  баға  береді.  Шоқан  «Манас»  жырының 

барлық қырғыз аңыз, ертегі, әңгімелерінің бір уақытқа және бір адамның Манас батырдың 

айналасына жинақталғанын, яғни жиынтығы екенін айтады. 



«Манас», дейді Шоқан, қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан ертегілерінен 

жиналып,  бір  адам  -  Манастың  төңірегіне  топталған  энциклопедия.  Бұл  жағынан  ол 

даланың  «Илиадасы»  тәрізді.  Бұл  аса  күрделі  эпопеяда  қырғыз  халқының  өмірі,  әдет 

ғұрпы,  жағрафиясы,  діни  дәрігерлік  ұғымдары,  шетелдермен  қарым  қатынасы  түгел 

қамтылған.  Екінші  эпос  «Семетей»  -    «Манастың»  жалғасы  болып  табылады.  Бұл 

қырғыздың «Одиссеясы» [1, 42]. Ол Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген 

жерлерді барып көреді.  

Шоқан  «Манас»  эпосынан  «Көкітай  ханның  өлімі  және  оның  жерленуі»  деген 

үзіндіні  аударады.  Бұл  бөлім  қырғыздар  туралы  көптеген  тарихи-этнографиялық, 

шаруашылық,  құқықтық  мәліметтер  береді  және  қазақ  жерлерін  мекендеген  ежелгі 

тайпалар  туралы  қызықты  ақпаратты  қамтиды.  Одан  бөлек,  қырғыздардың  оңтүстік 

Сібірден Тянь-Шаньға дейінгі ежелгі сапарын мәлімдейді.  

1856-

1857  жылғы  алғашқы  саяхаттарының  ғылыми  нәтижелері  Уәлихановтың 



«Ыстықкөл  сапарының  күнделігі»,  «Қырғыздар  туралы  жазбалар»  атты  еңбектерінде 

баяндалған.  Осы  сапарларында  Уәлиханов  қырғыз  тарихының  мәселелеріне,  әсіресе, 

қырғыздардың  Енисей  алабын,  Памир,  Алтай  тауларын  бір  мезгілде  қалайша 

мекендегеніне  ой  жіберген.  Саян  –  Тянь-Шань  аралығы  қырғыздардың  көші-қон  мекені 

болғаны  жайлы  ғылыми  мәселені  қарастырған. 17-18  ғасырлардың  жазба  деректерін 

зерттеуге кіріскен Уәлиханов 1856 жылдың қысын Батыс Сібір облыстарының мұрағатын 

ақтарумен,  Алтынхан,  Жоңғар  заманының  құжаттарын  іздеумен  өткізген.  Сөйтіп,  Сібір 

мен  Тянь-Шань  аралығында  көшіп  жүрген  қырғыздар  Алатаудың  автохтонды  тұрғыны 

екенін  тарихта  тұңғыш  рет  анықтаған.  Сол  көне  заманда  қырғыздар  Енисей  алабымен 

тығыз  байланысты  болғанын,  Енисей  мен  Алтай,  Жоңғар  даласы,  Тянь-Шань  —  бәрі 

біртұтас  географиялық  аймақ  болып  тұрғанын  дәлелдеген.  Қырғыздар  жөніндегі  шығыс 

жазба  деректерін  де  зерттеген.  Алтай  мен  Тянь-Шань  арасында  17  ғасырда  Ойрат 

(Жоңғар)  мемлекеті  пайда  болғанда  ғана  қырғыздардың  Енисеймен  байланысы 

тоқталғанын анықтаған. Бұл зерттеуінде Уәлиханов қырғыздың көне тарихы туралы еңбек 

жазған географ К.Риттердің, А.Гумбольдтың, шығысты зерттеуші Шотт пен Клапроттың 

пікірлерін сынға алған.  



2.3

 

Шоқан Уалихановтың Шығыс Түркістан туралы ғылыми еңбектері : 

Шығыс  Түркістанға  жасаған  саяхаттары  «Қытай  империясының  батыс 

провинциясы  мен  Құлжа  қаласы»  (1856  ж.  Құлжа  сапарының  күнделігі), «Қытай 

империясының  батыс  аймағы  туралы», «Құлжа  және  Шәушектегі  сауда  туралы» 

еңбектерінде жазылған. Бұл зерттеулер 1856 жылы жазылған. 


«Құлжа  күнделігінде»  ол  жерге  жасаған  саяхатының  естеліктері,  сонымен  қатар 

аймақтың  әкімшілік  басқару  жүйесі,  әсіресе  Шығыс  Түркістан  қалаларының  дербес 

басқару  жүйесі  туралы  нақты  мағлұматтар  берілген.  Сонымен  қатар,  батыс  Қытайда 

ежелгі  дәуірлерден  бастап  ХІХ  ғасырға  дейін  өмір  сүріп  жатқан  әртүрлі  халықтардың 

мәдениеті  мен  күнделікті  өмірі,  сол  жердегі  ұйғұр,  сибо,  солон,  қалмақтардың 

шаруашылығы мен қоғамдық тұрмысы туралы баяндалған. 

«

Қытай  империясының  батыс  аймағы  туралы»  мақаласында  аймақтың  басқару 



жүйесі,  Шығыс  Түркістанның  ежелгі  дәуірлерден  бастап  Қытайдың  жаулап  алуына 

дейінгі саяси тарихы зерттелінген. Бұл еңбегін дайындауда Шоқан қытай және Орта Азия 

(Әбілғазы) деректерін қолданған.  

«

Құлжа  және  Шәушектегі  сауда  туралы»  еңбегінде  XIX  ғасырдың  ортасындағы 



Қытай  мен  Ресей  арасындағы  сауда-саттық,  соның  ішінде  қазақ  даласындағы  сауда 

мәселесі қамтылған.  

1858-

1859  жылдардағы  Қашқарияға  сапары  Уәлихановтың  ғылым,  ағартушылық 



саласындағы  шығармаларының  жаңа  белеске  көтеріліп,  дәуірлеп  өсуіне  жол  ашты.  13 

ғасырдың  соңғы  ширегінде  Марко  Поло,  содан  1603  жылы  саяхатшы  Гоес  қана  болған 

Қашқарияның географиясы, саяси құрылысы, мәдениеті мен тұрмыс-салтының ерекшелігі 

туралы  үш  жарым  ғасыр  бойы  Еуропа  ғылымында  елеулі  мәлімет  болмаған. 

Еуропалықтарға жабық болып есептелетін Қашқария билеушісі Уәлихан-төре Шоқаннан 

бір  жыл  бұрын  Үндістан  арқылы  барған  немістің  белгілі  географы  Адольф 

Шлагинтвейттің  басын  кескен  еді.  Сөйтіп,  Жетісуда  жүрген  Уәлиханов  экспедицияға 

аттануға тиісті Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына 1858 жылы маусымның 

28-

інде келіп, Семейде жабдықталған арнаулы керуенге қосылады. Қыркүйектің 19-ында 



керуен  Зауқы  өзеніне  жетіп,  Сырт  арқылы  Қашқарияға  бет  алған.  Зауқы  асуының 

оңтүстігінде  Тянь-Шаньның  Сырт  деп  аталатын  биігінде  Уәлихановқа  дейін  география 

тарихында  ешбір  географ  болған  емес.  Сырттың  өсімдік  және  жануарлар  дүниесінің 

ерекшеліктерін,  орографиясын,  табиғаты  мен  климатын  әлемдік  география  ғылымында 

тұңғыш  рет  Уәлиханов  сипаттап  берген.  Қашқарияда  1858  жылғы  қазанның  1-нен  1859 

жылғы наурыздың ортасына дейін болған Уәлиханов Қашқар қаласы мен Алтышаһар елін 

зерттеген. Ол кезде Алтышаһар деп солтүстіктен Тянь-Шань, оңтүстіктен Кунь-Лунь тауы 

қоршап  тұрған  Қашқар,  Ақсу,  Үштұрпан,  Янысар,  Жаркент,  Хотан  қалаларын  атайтын. 

Қоқан ханының Қашқардағы сауда консулы әрі саяси резидентінің жәрдемімен Уәлиханов 

Қашқардың  экономикасы,  саяси  құрылысын  зерттеп,  тарихы  мен  этнографиясы  туралы 

көптеген материалдар жинаған. Әр аймақтан келген саудагерлермен Қашқарияның саяси 

қайраткерлерімен,  ғалымдарымен,  ақындарымен  кездесіп,  Алтышаһардың  өткен  тарихы 



мен  бүгіні  туралы  нақты  деректерді  анық  білетін  кісілерден  алып  отырған.  Жергілікті 

ғалымдардан  сирек  кездесетін  шығыс  қолжазбаларының  бірнешеуін  қолға  түсіріп, 

нумизматикалық  коллекция,  гербарий,  тау  жыныстарының  коллекциясын  жасаған.  Осы 

экспедиция  барысында  ол  бейтаныс  елді  жан-жақты  сипаттайтын,  әскери,  саяси, 

экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да керекті бай материал мен 

сирек кездесетін деректер әкелген. Оның материалдары көп ұзамай неміс және ағылшын 

тілдерінде жарияланды. 

2.4

 

Түркі халықтары туралы басқа да еңбектері :  

a)

 



«Волгадағы булгар», «Түркмендер туралы», «Орта ғасырда Орта Азияда болған 

саяхатшылар және олардың реляциялары». 

Бұл еңбектерде, жоғарыда айтылған еңбектерде секілді, Шоқан тек қазақтың ғана  

емес,  сондай-ақ  жалпы  түркі  жұртының  тарихи  жәдігерлері  туралы  көп  ізденген:  яғни, 

олардың шығу тегі, тарихи деректері, мәдени ерекшеліктері, наным-сенім жүйесі, рухани 

құндылықтары және т.б. көптеген өзекті мәселелердің барлығының зейін қойып зерттеген. 

Cонымен, Шоқан Уалихановтың ғылыми еңбектерінде түркі халықтарының рухани 

және  материалдық  байлықтары  кеңінен  зерттелген.  Бұл  зерттеулердің  қазіргі  таңда 

деректемелік құндылығы өте зор, себебі олар 19 ғасырдағы түркі халықтарының тарихы, 

этнографиясы,  георафиясы,  әлеуметттік  және  саяси  жағдайы  туралы  мәліметтер  береді. 

Түркі ғұламасының ғылыми мұрасы әлде де түркі халықтарының тарихымен байланысты 

көптеген  мәселелерді  шешуге  көмектесетіні  анық.  Сондықтан,  Ұлы  даланың  азаматы 

Шоқан Уалихановты әрі ғарай зерттеуіміз және жаңадан әлемге танытуымыз қажет.  

Қолданылған әдебиет тізімі : 

1.  Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  5  т.,  т.  1-Алма-Ата:  под  редакцией 

Казахской советской энциклопедии, 1984. 

2.  Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  5  т.,  т.  2-Алма-Ата:  под  редакцией 

Казахской советской энциклопедии, 1984. 

3.  Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  5  т.,  т.  3-Алма-Ата:  под  редакцией 

Казахской советской энциклопедии, 1984. 

4.  Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  5  т.,  т.  4-Алма-Ата:  под  редакцией 

Казахской советской энциклопедии, 1984. 

5.  Ч.Валиханов.  Собрание  сочинений  в  5  т.,  т.  5-Алма-Ата:  под  редакцией 

Казахской советской энциклопедии, 1984. 

6.  Зиманов  С.,  Атишев  А.  Политические  взгляды  Чокана  Валиханова.  Алма-Ата, 

1965. 

7. 


Сүлейменов Б.,  Моисеев В.А. Шоқан Уәлиханов Шығыстанушы. Алматы, 1985. 

8. 


Ш.Ш.  Уалиханов  мұрасы  әлемдік  тарих  контекстінде.  Халықаралық  ғылыми 

флрум материалдары. Семей, 2010 

9. 

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том, Алматы, 2006 



10. 

Мұқтарұлы C. Шоқан және өнер. Алматы, 1985. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет