«Corel draw» программасында зертханалықжұмыстарды орындауға арналған әдістемелікқұрал



бет7/22
Дата31.12.2021
өлшемі24,81 Mb.
#21747
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
CorelDraw оқулық

Тапсырма 2, Төмендегі суреттерді Polygon құралын пайдаланып, өзбеттеріңізбен салын, файлға Тапсырма 2 - деген ат қойып сақтаңыздар.



Зертханалық жұмыс № 3

Объектіні бояу және контурынын түсі

Мақсаты: Салған суреттер мен объектілерімізді бояуды және контурына түстер беруді үйрену.

Салған суреттерімізді жандандыру үшін оларды боям немесе объектілер құралған бөліктерді түстермен толтыруымыз керек. Бояу түсін политрадан таңдаймыз, CorelDraw политралардың біршама арнайы түстерімен қамтамасыз етілген, олар суретшілердің политрасынан айырмашылығы көп мөлшерде түстерді араластырады. Солардың бірі – Default CMYK palette – үнсіз келісім бойынша құжаттың жұмыс өрісінің оң жағында орналасады. Бұл палитра басқа электронды палитралар сияқты бірнеше түстер ұяшығы болады, олардын әрқайсысы бір түстен тұрады. Түстердің 100 үлгісі бар, соның ішінде 10-ы ақтан қараға диінгі түстер.

Бағыттауышы бар жоғары, төмен бағытталған батырмалар көмегімен палитраларды қарап, қажеттісін таңдай аласыздар.

Тышқан көрсеткішін ұяшықтардың біріне орналастырсаңыз, осы ұящықтағы түстің атауы қалқымалы анықтама түрінде шығады.

Палитраның жоғарғы ұяшығы ағымдағы түсті жоюды білдіреді. Жоғары төмен бағытталған батырмаларды жылжыту кезінде ол әр кез көрініп тұрады. Батырмасы палитраларды бірнеше бағанға кеңейтеді. Батырмасын басыңыз, экранда көрібей тұрған палитралар толығымен көрінеді. Қандай түстерден тұратынын қарап шығыңыз. Тышқан көрсеткішін құжат терезесінің бос жұмыс өрісінде шертсеңіз палитранын бір ғана бағаны қалады.

Сіз осы уақытқа дейнгі салған объектілеріңіздің контуры қара және өзі боялмаған. Үнсіз келісім бойынша ол барлық объектілерді салғанда солай болады. Бірақ суреттің түсін өзгертуге болады. ол үшін алдымен боялатын объектімізді ерекшелеуміз керек.

Тышқанмен квадратты ерекшелеу үшін шертіңіз. Қалып күй қатарының оң жағында оның түсі көрініп тұрады

Үстіңгі жолда көретіндеріңіз, крестеп сызылған белгі боялмаған дегенді білдіреді. Төменгі жолда көретіндеріңіз, сызықтын типін және контуры қара түс дегенді білдіреді. Енді осы объектіні бояумен толтыруға болады. палитра ұяшығынан озіңізге қажетті түсті тышқанның СОЛ ЖАҚ батырмасын сертіп таңдаңыз, осы түспен ерекшеленген объектіңіз боялады. Қалып күй қатарындағы ақпаратымыз өзгереді. Объектіні бояғаннан кейін, көңіл бөліп қарасаңыз контурының өзгермей қара күйінде қалған.контурдың түсін келесідей өзгертуге болады. палитра ұяшығынан өзіңізге қажетті түсті тышқанның ОҢ ЖАҚ батырмасын шертіп таңданыз, осы түспен ерекшеленген объектіңіздің контуры боялады. Қалып күй қатарындағы ақпаратымыз өзгереді. Бос орынға тышқанды шертіңіз, объектінің ерекшеленуі алынады. Егер бояудың немесе контурдың ағымдағы түсін өзгерту керек болса, келесі әдістерді қолданыңыз.



  • Тышқанмен квадрадты ерекшелеңіз.

  • Палитраның жоғарғы жағындағы ұяшықты тышқанның СОЛ ЖАҚ батырмасын шертіңіз, объектінің ағымдағы түсті жойылып, мөлдір болады.

  • Палитраның жоғарғы жағындағы ұяшықты тышқанның ОҢ ЖАҚ батырмасын шертіңіз, объектінің ағымдағы контурының түсті жойылады.

  • Палитраның ұяшығының бірінде тышқанның оң жақ батырмасын тағы бір рет шертіңіз, сол түспен объектінің контуры боялады.

Түстерді алып тастау, бояу сияқты әрекеттермен жеңіл орындалады. Өз беттеріңізбен объектілердің түсін және контурын бояп өзгертіңіздер. Құжаттағы өзгерісті сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет