Covid-19 Дайындағандар : Қартаңбайқызы Перизат



бет7/12
Дата10.05.2022
өлшемі2,63 Mb.
#33958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ШТАМНЫҢ ҚАУПІ ҚАНДАЙ?

  • ДДСҰ жаңа штамның иммундық реакцияны айналып өтіп, жұқпалығы жоғары болуы мүмкін екенін, ғаламдық деңгейде тарау ықтималдығы жоғары екенін мәлімдеді. Ұйымның сөзінше, індет ошағы қай жерден шығатынына қарай аурудың ауыр салдары болуы мүмкін. "Жалпы алғанда, алаң тудырған омикрон штамының ғаламдық қаупі өте жоғары" делінген ДДСҰ-ның 28 қараша күнгі баспасөз хабарламасында.
  • Бірақ әлі көп нәрсе белгісіз, зерттеу нәтижесін күту қажет дейді халықаралық ұйым. Оның мәлімдеуінше, қазір жаңа штамм төңірегіндегі үш сұрақтың жауабы анық болмай тұр:
  • Штамм қаншалық жұқпалы, әлде аурудың тез тарауы штамның имундық реакцияны алдай алуына байланысты ма, әлде екі фактор да бар ма?
  • Қазіргі вакциналар аурудың жұқтырудан, таратудан, ауыр халге түсуден, өлімнен қаншалық қорғайды?
  • Штамм ауыр халдің жаңа түріне әкеле ме?
  • ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, вирустың осы штамына төтенше шара қолдану үшін алдымен осы сұрақтардың жауабы белгілі болуы тиіс. Ұйым омикронның қаншалық ауыр вирус екеніне көз жеткізу үшін бірнеше апта қажет дейді.
  • Омикроннан коронавирустың жаңа штамы болуы мүмкін деп бірінші болып күдіктен оңтүстік-африкалық дәрігерлердің бірі Анжелика Кутзи штамды жұқтырғандардың ауруды орташа деңгейде өткеріп жатқанын, оны үйде емдеуге болатынын айтты. Оның сөзінше, иіс-дәм сезу жоғалғаны туралы, оттегі деңгейінің түсіп кеткені туралы шағымдар әлі бола қоймаған. Дельта штамынан осы белгілер байқалған. Кутзи – Оңтүстік Африканың медицина қауымдастығын басқарады және елдің денсаулық сақтау министрлігі жанындағы вакцина жөніндегі консультациялық комитеттің мүшесі.
  • Гонконгтегі пандемия жөніндегі үкімет кеңесшісі, жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшы Дэвид Хуэй анализінен омикрон штамы анықталған екі адамның осыған дейін Pfizer вакцинасын алғанын, олардан тамақтың қабынуы секілді жеңіл симптомдар ғана байқалғанын мәлімдеді.
  • "Вакциналар қорғауы тиіс, бірақ әсері азаюы ықтимал" деді ол Reuters агенттігіне.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет