Д. А. Байжуманова 2024ж. «Келісілді»


Мәселе есептерді шешудің оқушыларға қиындық туғызу себептері



бет2/3
Дата03.10.2024
өлшемі28,52 Kb.
#146710
1   2   3
Байланысты:
Математика қолданбалы курс Мәселе есептерін шешу (11 сынып) (1)

Мәселе есептерді шешудің оқушыларға қиындық туғызу себептері:

  1. Есептің шартын дұрыс талдай алмауы;

  2. Шамалар арасындағы байланысты дұрыс меңгермеу;

  3. Тірек – есептерді шешу дағдыларының дұрыс қалыптаспауы;

  4. Есеп шығару барысында оқытушы тарапынан оқушының ойлау әрекетін жеткіліксіз басқару;

  5. Есеп шығару әдістерін меңгертуде оқытушының сабақтастық , бірізділік және жүйелілік принцптерін дұрыс сақтамауы.

Іс жүзінде мәселе есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу – оқушының математикалық , логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәселе есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәселе есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі. Орта мектеп математика курсы үшін ҰБТ оқушылардың есеп шығару біліктілігі мен дағдыларын қажет етеді.
«Математикадан мәселе есептерді шешу» таңдау курсы есеп шығару тәсілдерін тереңдете оқытуды , алгебралық есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдануды , сонымен қатар орта мектеп математика бағдарламасынан тыс күрделірек , мазмұны комбинацияланған есептерді шығару білімділік дағдысын жетілдіре түседі.


Өзектілігі: Математикадан мәселе есептерді шығара білуді үйрету


Мақсаттары:

  • Есеп шығару тәсілдерін тереңдете оқыту;

  • Алгебралық есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану;

  • Орта мектеп математика бағдарламасынан тыс күрделі, мазмұнды есептерді шығару білімділік дағдысын жетілдіру ;

  • Өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру;

  • Оқушылардың реалды өмірде процестерді зерттеу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру;

  • Функционалды ойлау қабілеттерін дамыту.



Міндеттері:

  • Есеп шығару әдіс – тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту;

  • Есеп типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру;

  • Мәселе есептер шешу біліктіліктерін қалыптастыру;

  • Жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде оқушыларды практикалық іскерлікке баулу.

Курс алдын ала бейінді даярлық жүргізетін жалпы орта білім беретін мектептердің 10 сынып оқушыларына арналған. Курс 34 сағатқа негізделген. Бағдарламаға енгізілген оқу материалдары оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады және қоғамдық тәжірибелік бағытына орай әр топтағы оқушыларға қолданылады.




Стандарт бойынша курсты меңгеру талаптары:


Оқушылар білуі тиіс:

  • Бөлшектер және проценттер, процентке берілген негізгі есептер;

  • Қатынас , шамалардың тура және кері пропорционалдығы;

  • Табиғатта кездесетін әр түрлі шамалар арасындағы қатынастар (масса мен көлем , тауар массасы мен құны , жол мен уақыт және т.с.с)

  • Негізгі типті есептер шығару алгоритмі.

Оқушылар орындай білуге тиіс:

  • Есептің сөздік мәтінінматематиканың абстрактілі тіліне аудару;

  • Есептің математикалық моделін құру (теңдеу немесе теңдеулер жүйесі);

  • Табылған шешімді зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет