Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Сын есімнің стилистикалық қызметі Сын есімнің сапалық көрсеткішінің мағыналық сипатын атқарады. Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді.
Сын есімдер әлем, тіршілік, дүниетанымның ішкі-сыртқы бояуларын, оның сыр-сипатын, түр-түсін, қадыр-қасиетін таныту мақсатында көркемдіктің нақты сапалық белгісін көрсету үшін жұмсалады. Стилистикалық бағалау категориясы сын есім арқылы беріледі. Сын есімдер функциональдық стильдерде мынандай қызмет атқарады:
1. Түсінікті пайымдап ойлау;
2. Заттың құбылыстық сапалық мазмұнын ашу;
3. Бейнелілікті көрсету.
Сын есім – ауыз әдебиеті үлгілерінде, ауызекі әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілінің ең айшықты моделі ретінде қолдануға бейім сөз табы.
Ақ ала таудың алдында, Ақ ала жылқы жусайды(Шалкиіз жырау) Қызыл алмас жан қияр, Қызыл талға қынаса (Ақтамберді жырау),осы ауыз әдеби тіл үлгілеріндегі сын есімнің осындай қасиеттері функциональдық стильдердің сапалық категориясының стильдік жағынан толығуына үлкен ықпал етті.
Енді міне, көңілсіз күз де жуық.Айнала ажарсыз.Жер де өңсіз.Көңіл де жүдеу, қыз да мұңды.Өмір де күдікті (Х. Есенжанов).
Көркем әдебиет стилінде сын есімдер сөйлемде тиянақты тұрып қана стильдік әсер тудырмайды, адам, өмір сипатының когнитивтік шынайылығын көрсетуде ерекше стильдік мәнге ие. Айлалы, саясатшыл, қанқой Мамай сондықтан да өз басын бәйгіге тігіп еді (І. Есенберлин).
Сын есімнің сапалық, қатыстық түрлері инверсия әдісімен ойды әсерлі бейнелеуде әстетикалық функцияның ролін жан-жақты көрсете алады. Кез келген стильде негізгі тілдің орталық категориясы белгілі прагматикалық теорияның басты мақсатын көздейді, ол кез келген айтылған ой немесе түзілген мәтін айтушының белгілі, алдына қойған мақсатының әлеуметтік іс-әрекетіне негізделеді. Адресант өзінің мет көрсетуді мақсат етеді. Осыған байланысты автор тілдік бірліктердің мүмкіндіктерін жұмсауға әрекет ете алады.
Сөз таптарының ішінде зат есім стильдердің әрқайсысында атаушылық қызметте көрінсе, сын есімдер сапалық, бағалауыштық, эстетикалық, көркемдік, “образдылық стильдік-көркемдік” тәсіл бола алады.
Функциональдық стильдердің мәтіндерінде сын есімнің жиілігі өте жоғары. Сын есім анықтау, заттың сапасын көрсету, зат пен құбылыстың сапалық өлшемі ретінде жұмсалынады. Зат есімдер сияқты сын есімнің де стильдік мақсатының арақатынасы бір-бірінен өте алшақ тұра алмайды.
Мысалы, бір ғана құжат сөзі зат есім болса,оның анықтамалық сипатын танытатын мемлеттік құжаты, ақпарттық құжат, әкімшілік құжат,басқару құжаты т.б. Қатыстық сын есімдер, есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер сөздің нақтылы мағынасына қатысы қасиеттерді білдіру үшін жұмсалынады.
Ресми стильде сын есімдер нақты нысанаға алынған зат пен құбылыстың бір-біріне қатысты сипатын анықтау мақсатында жұмсалынады. Мысалы: қаржылық сөзі экономикалық термин ретінде терминін құрай отырып, сын есімнің қызметін атқарады.
Мысалы, Алматы мен Астанада ипотекалық несиелеу кестесі бойынша тұрғын үй салу құрлысы қарқынды жүріп жатыр. Онымен қоса, бұл жүйенің екі деңгейде болатындағы, рыноктық ставкалар бойынша жүзеге асырылып едеуір қымбатқа түсетін ипотекалық несиелеумен қатар құрылыстық, жинақтық қаржыны іске қосу да көзделгенін есептен шығарып та үлгердік. (“Егеменді Қазақстан”). Бұқаралық ақпарат құралдарында қатыстық сын есімдер терминдік атау сөздер ретінде ресми стильдегі хабарлардың мазмұндық-ақпараттық сипатын көрсетеді.
к орпорация
с аясат
т ермин
р еформа
с ектор
а гент қаржылық
статистика
алпауыт
бақылау
дағдарыс
жетімсіздік
заңгерлер
есеп
Сын есімнің қазіргі стильдердің барлық түрінде, соның ішінде ресми стильде “сөз сапасы” ретінде көрінуі жиі байқалады, сөздік қорының икемділік және стильдік белсенділігін арттыруға қызмет етеді.
Ресми және ғылыми стильдерде өнімді жұрнақтар арқылы жасалынған сын есімдер көп кездеседі әрі сөздің нақты мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есімдер жасалынады.
Қазіргі уақытта экономика саласында немесе ресми стильде, яғни экономикалық-статистикалық құжаттар тілінде қазақ тілінің төл сөздерінен немесе орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғану арқылы жасалған сын есімдер стилистикалық категорияны көрсететін стильдік мән арқалайтын сөздер бірлігі болып табылады. Мысалы: Акционерлік қоғам- акцияларды сату жолымен ақша қаражатын орталықтандыру негізінде өндірісті ұйымдастыру нысаны. Ақшалай кірісті индексациялау – халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі, бұл олардың ақшалай кірісінің сатып алу қабілетін қолдауға бағытталған, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне байланысты шығындарды толық немесе ішінара өтеуді көздейді. Сондай-ақ, бағалы қағаздар, бухгалтерлік есеп, бюджеттік қаржыландыру, валюталық ескертпе, вексельдік несие, тәуекелдік мәмілелер, диллерлік жеңілдік, импорттық инфляция, кәсіпкерлік қызмет, коммерциялық несие, лицензиялық келісім, монополиялық шарт, өтімдік мәміле, саудасыз төлемдер, т.б.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан байқағанымыздай, сын есімдер ресми стильде терминдік сипат алуға бейімділік танытады.
Сын есімдердің тағы бір ерекшелігі ресми стильде мадальдық мағынаға да ие болады: Әр азамат міндетті. Әр азамат өз құқын қорғауға міндетті. Дипломатикалық құжаттарда қалыптасқан жиі қолданылатын сын есімдер көптеп кездесіп отырады. Белгілі оқиғаға баға беру тұрғысынан қатыстық сын есімдер жемісті, тыңғылықты, байсалды, салмақты, пайдалы т.б. сөздерді жиі қолданылса, келіссөз барысын сипаттауда өзара түсіністік, сенімділік, ынтымақтастық, жолдастық т.б. тәрізді сөздер тобы кездеседі.
Ғылыми стильде жаратылыстану ғылымдарында оның қолдану ерекшелігінің мүмкіншіліктері өте кең, яғни анықтамалық, көлемдік, өлшемдік сапасын көрсету сипатында стильдік мәні жоғары сөздер ретінде жиі ұшырасады. Мысалы: айырымдық схема, өткізгіштік теңдеу, айқындамаған сызықтар, шекаралық есеп т.б.
Ғылыми стильде бір сөз бірнеше сын есімдермен тіркесіп заттың жан – жақты логикалық, қисындылық процесін ашуға көмектеседі, ғылыми мәтінде стилистикалық гипотезиялық категорияға қызмет етеді.