Байланысты: Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)
Есімдіктердің стилистикалық қызметі Сөз таптарынын ішінде есімдіктер ауызекі сөйлеу стиліне тән болып келеді. Ауызекі сөйлеу стилін зерттеушілер “ауызекі сөйлеу тілі өз мәні жағынан есімдік" деп те атайды. Ауызекі сөйлеу стилінде есімдіктер категориялык бірліктер қатарында көріне алады, себебі ауызекі сөйлеу стилінде жазба тіліндегідей емес, абсолютті нақтылықтың мәні талап етіле бермейді.
Сөйлеу процесінде адам ойының жылдамдығы көңіл-күйінің әр түрлі ситуациялық процестерін көрсетуде есімдіктерге жиі сүйенеді. Жанды тіл аясында есімдіктердің қызметі стильдік жағынан жинақтау немесе даралау үшін, сондай-ак, ойдың тілдік бірліктерін қысқарту үшін де есімдіктер жиі қолданылады.
Есімдіктер адресант пен адресаттың арасындағы сөйлеу этикасында адамдардың әр түрлі сөйлесу, пікір алысу ситуацияларында жасырын қолданыста жиі байқалады. Мысалы: сәлеметсіз бе деген амандасуда сіз есімдігі жасырын тұрады, ал сәлем сөзінде сен формасы тұрады, қайырлы күн тілек мәндегі сөзде сізге де, сенге де ортақ болып тұрады. Ресми карым-катынас аясында саламат болыңыз, көргеніме қуаныштымын, амандасуға рұқсат етіңіз сияқты амандасу да ресми стильде сіз есімдігі жасырын қатыстырылып айтылады, стереотипті коммуникативтік актілердің стильдік дайын құрылымында тердің қолданысы тұракты, бірақ стильдік мәнін еш уақытта жоймайды.
Ауызекі сөйлеу стилінде сөйлемдердің орын тәртібі сақтала бермейтіндіктен де есімдіктерді пайдалану жиі ұшырасады. Ол сөйлеу ситуацияның алды-артында кез келген тілдік бірлікпен айтыла береді.
- Сендердің бұл ағылуларыңды тимаса балмас. Сендерге тиым салынды, -деді бұл көзі қанталап. Кім... ? - деді... - Кім тыйым салған? – Министрің бе? Президентің бе? - Мен! - деді бұл делбесі қозған мына екеуіңе еліре қарап (Р. Мұқанова). Ауызекі сөйлеу стилінде есімдіктер жинақтау мәнін білдіреді. Кім ол, оны кім біледі. Ол кімге мақтана алады. Басқаға айтса да маған айтпасын, мен оны жақсы білемін (ауызекі сөйлеу материалы). Осы сөйлемде кім белгісіз біреудің мен яғни сөйлеуші есімдікті қолдану арқылы сөйлеу бірліктерінін негізгі қорында оны жиі қайталап тұтынады, сондықтан сөйлеу ситуацияларында екпінді позицияны бермейді, кейде жиі кайталанғандықтан стилистикалық қателіктерге бой алдырады, бірақ қандай позицияда айтылса да, өзінің пәрменділігімен субъектінін іс-әрекетін көрсетуге жұмсалады.
- Ей, патшағар, мұның не сенің? Сен де ішуіші ме едің. Міне,ғажап! (О. Бөкей).
Диалогтық катынаста инверсиялык әдіс түрінде интонациялық жақтан мүшеленуге байланысты да онын актуальдығы жиі қайталанып отырады.
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсетумен бірге әркашан сөйлеушімен тығыз байланыста болғандыктан, үнемдеу, әрі қарайжинақтау мақсатында стилистикалық акценттік категорияны анықтап береді. Сондай-ақ, кейбір жағдайда жіктеу есімдіктері ол кім? бұл не? ол қалай? ол қайда? өзіне тікелей логикалық екпін түсіріп, динамикалық күш ала отырып, стильдік тізбек құра алады. Кейде сөйлеу ситуациясына қатысты сөздер ауызға оралмаған жағдайда, керекті сөздің орнына жұмсалып кететін кездері болады, кейде кідіріс кезіндеде кідірістің орнын толтыру мақсатында есімдік пайдаланылады. Бұл – сөзтаптарының ішінде көбінесе есімдікке тән құбылыс.
Ауызекі сөйлеу стилінде есімдіктің кейбір қарапайым түрлері экспрессивтік қызметті атқаруы да, тек ауызша сөйлеу формасына тән стильдік сипат ала алады анау-мынау, олай-бұлай, сондай, солай. Кейде есімдіктер қарама-қарсы стилистикалық контраст пайымдаулармен айтылып та қалады, мен-сен, сен-мен, біздер-сендер деген сияқты ойды салыстыра суреттеуден туатын мүмкіндіктер де пайдаланып отырады. Сөйлеудіңситуативтік жағдайларында сөйлемдердің аякталмаған позициясында да жиі ұшырасады, бұл процесс адам ойынын ұшкырлығынан сөйлемнің тілдік бірліктерін қатыстыра алмағандықтан, аяқталмаған ой есімдікті қолданумен шектеліп калады. Себебі есімдік есім сөздің орнына жұмсалу қызметінің тәжірибелік көрінісітікелей қатысты деген тұжырым шығады.
Есімдіктер бейнелілік қызметімен кітаби стильдерде кеңінен орын алады. Егер зат есім, сын есім, сан есімнің орнын есімдік ауыстырып қолданылса, кейде ресми стильде сол, бұл, сондай есімдіктердің орнын қазіргі, көрсетілген, анықталған сын есімдер немесе үстеулер алмастырып отырады, бірақ мәтінде есімдіктің жасырын формалары тұрады, мысалы: келесі, белгілі, керсетіген т.б. есімдіктерінің мағыналарын екі тұрғыдан қараған жөн:
-кеңістік арасында;
-мезгілге қатысты.
Сол себепті оның басқа стильдердегі сөздеріне тән айырым белгілерінен стиль кұрайтын топтары бөлініп отырады.
Субстантивтелген есімдіктер сөйлемнің барлык мүшесі болса, атрибутивтік есімдіктер негізінде анықтауыш болады, сондықтан ресми стильде сын есім үстеулердің орнына қолданысқа түсіп отырады. Есімдіктер синтаксистік жағынан ерекшеленіп тұрады, қай сөз табының орнына жүретініне қарай тұрлаулы да,тұрлаусыз мүшелер қатарынан орын алды. Есімдіктер атрибутивтік және субстанциялык деген мағыналық екі топқа бөлінуі оның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып саналады.
Функниональдық стильдердін ішінде керкем әдебиет стилінде оның жанрлық топтарына таратқанда жіктеу есімдіктері 7 пайызға көп қолданылады, ал ресми стильде 3,5 пайыз, ғылыми стильде атрибуттық ішкі мағыналық ерекшеліктері сақталып қолданылады.
Жіктеу есімдіктерініңқолданылуы әр стильаясындабіркелкі емес. Жіктеу есімдіктерінін 1-ші, 2-ші жақ көпше, жекеше түрі ғылыми стильде кездеспейді, бірақ авторлық ғылыми объект олар түрінде, ал, субъект баяндаушы “автор” біз түрінде жасырын тұлғада беріледі.
Есімдіктердің стилистикалық бояуға еніп, жарқырай көрінетін жері - көркем әдебиет стилі. Бүкіл шығарманың өн бойында суреттеу деп айтылғанмен, мен және ол етістігі көркем дүниенің өн бойында жасырын түрде қалыспай қатысып отырады. Бұл — есімдіктердін қолдану ерекшеліктерінін жалпылық сипаты, екіншіден, автор есімдіктерді қолданудың басқа себебін білдіреді, сөзді көп қайталау (қайталау стилистикалық тәсіл болса да), кейде ол орынсыз қайталау болғандықтан, стильдік мәнінен айырылып, ой жұтаңдығын көрсетіп қалады, сондықтан “автор” бұл әдістен қашып есімдікті қолданады. Сөйлеудің экспрессивтілігінің мәнін ашатын құрал ретінде диолог пен монологта көп пайдаға асады.
Мені тілден айырған жоқ, бас бостандығым өзімде. Ай, анау жақтан келген өкіл неғып мазаң кетіп отыр. Мен ақыл естен айырылып мәңгүрт болып қалған жоқпын. Мен түлкіге де, балыққа да айналғым келмейді (О. Бөкеев).
Осында “автор”, “кейіпкер” монологтүріндеөзімен-өзі іштей сөйлесу кезінде де мен деген жіктеу есімдігін жиі қайталап экспрессивтік тудырушы стильдік құрылым ретінде кәдеге жаратқан. Мен аркылы, әрине, онда толып жатқан көркемдік құралдар қатысқанына қарамастан, мен негізгі ойдың түйінін ашуға ұмтылады. Мен - адамның денесінің патшасымын (Абай).
Кейде сілтеу есімдіктері сол мәтін стилистикасының ең жағымды адам эмоциясының мәнгілік арқауы болып, оның өмір бақи мәңгілік серігі болатын арман-мұратын бейнелеуде жиі қолданылады екен. Соғыс жылдарында бізді аман алып қалған сол — үзілмес үміт пен мұқалмас сенім ғой (О. Бөкей).
Бұл жерде мен - ол - адам - ол адамның ішкі жан дүниесінің ақыл- ойының философиялық-танымдық күш-қуаты. Көркем шығарманын тіліндегі мен - жақсылық әлемінің көрінісі, жамандық дүниесі - Жаңғырық, Айқай, Анау жамандық әлемін атағысы келмей, автор оны кейде анау деген есімдікпен атауды орынды санайды. Сондықтан жақсылық пен жамандықты Мен және Анау есімдігі арқылы күрестіру үшін стильдік әсерлі құрал ретінде пайдаланылады. Бүкіл әлемдегі жан-жануар жабылып, адамзатқа шабуыл жасаса ғой. Мен сонда сол аң-құсқа қосылып, қарсы аттанар едім. Ең әуелі кімдердің жағасына жармасар едім сонда...Аналардың деп зығырданы қайнады (О. Бөкей).
Көркем әдебиеттің тілдік құралдарды стильдік мақсатта пайдалануы шексіздік кеңістігінде толық көріне алады. Ол суреткердің шеберлік тәсілі сөзді көркемдікке, эстетикалық мұрат-мақсатқа құра білуінде екен. Көркем шығармадағы есімдіктер кейде иллюзиялық қиял тудырады, кейде соған көңіл мұңын шағып риторикалық сұрақ ретінде қолдануда стильдік мағынаға ие болады. Неге біз осы ... жанымызда жанып тұрған отты су құйып өшіреміз... Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз а?