Д. А. Əлкебаева Қазақ тілінің прагмастилистикасы


Кейбір стилистикалық амал-тәсілдер туралы



бет11/54
Дата01.10.2023
өлшемі422,04 Kb.
#112194
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
Д. А. лкебаева аза тіліні прагмастилистикасы (1)

Кейбір стилистикалық амал-тәсілдер туралы

Стилистика ғылымының міндеттерінің бірі дискурс пен мәтіндегі стилистикалық амал-тәсілдерді анықтау болып табылады. Ендеше, стилистикаллық амал-тәсілдер деген атаумен аталатын стилистикалық мүмкіндіктердің қайнар көзінің сапалы және сандық ерекшеліктерін көрсету- стилистиканың толыққанды зерттеу көздерінің ең бастылары. Стилистикалық амал-тәсілдер бүгінгі синхронды стилистикадағы толық қызметін анықтауда диахронды стилистиканы негізге алу көзделінеді. Олай болса, стилистикалық амал-тәсілдердің негізгі антика дәуірінде риторикалық кеңінен өріс тапқан, себебі стилистиканың бастау көздері риторикамен және шешендік өнермен етене жақын болған. Стилистикалық амал-тәсілдердің көбі антик дәуірінде қолданылса, кейбір амал-тәсілдер жеке автордың ойлау жемісінен туындаған. Бұл жерде мына мәселеге айрықша көніл бөле кету керек. Стилистикалық амал-тәсілдердің қай қайсысын алып қарастырсақ та, тіл мәдениетінің сапалақ қасиеттерін қанағаттандырып отырады. Өйткені, стилистика-тіл мәдениетінің теориялық негізі. Сондықтан стилистикалық амал-тәсілдер өзімен шектес стиль, сөздің тиімділік теориясы сияқты ғылымдардың да көркемдеу, безендіру тәсілдерінің жиынтығы деп тануға болады. Стилистикалық амал-тәсілдердің ең ұтымды жағы (біздің пікірімізше) қай стиль түріне телінсе де әлеуметтік талап мүддені белгіліпрагматикалық мақсатқа үйлестіріп, орынды қолданыс шарттарының мазмұндық-ақпараттық, эстетикалық мәнін көрсетуге негізделеді.


Стилистиканың күрделілігін толық танытатын шарт-талаптардың ең бастысы стилистикалық амал-тәсілдер айқындайды. Стилистикалық амал-тәсілдер бүгінгі күй-қалпымен ғана көрінбейді, ол сөз, сөз жанрларының әр кезеңінде және мәтінде қалыптасып, қоғамның әр түрлі аясында стилистикалық мүмкіндіктерін өтеу қажеттілігімен анықталады. Стилистикалық амал-тәсілдердің дискурс пен мәтіндегі көрінісін анықтау әлеуметтік топтардың талғамы мен саналы сөз қолдануға міндетті болып келетін тәжірибесімен де айқындалады.
Тілдік бірліктер тілдік норманы қалыптандырса, стилистикалық амал-тәсілдер стилистикалық норманы тұрақтандыруға күш салады. Стилистикалық норманың иек артатын негізгі діңгегі-стилистикалық амал-тәсілдер. Безендіруші стилистиканың барлық жиынтығын стилистикалық амал-тәсілдер атқарып отырады.
Стилистикалық амал-тәсілдер арқылы көрінетін сөздің бейнелілік қасиетінің табиғаты өте қызық. Публицистикалық стильде, жарнама тілінде, мәдени коммуникацияның барлық саласында, көркем әдебиеттің эстетикалық-көркемдік сөз өзегінде стилистикалық безендіру модельдері стилистикалық амал-тәсілдер арқылы жиі байқалады.
Стилистикалық амал-тәсілдердің табиғатына үңілген сайын оның басты ерекшеліктері көріне бастайды. Оның бастыларына мыналарды жатқызуға болады:

  1. Көріктеу амал-тәсілдерінің синонимі ретінде алынуы;

  2. Синтаксистік амал-тәсілдердің бірі- аверсия. Аверсия риторикалық тәсіл бола тұра, стилистикалық амал-тәсілдердің қызметін атқара алады.

Аверсия – риторикалық қаратпа сөз, барлық стиль түріне тән екендігі дау тудырмайды, бірақ қазір публицистикалық стильдің ауызша түрінде жиі байқалып жүр. Аверсия стилистикалық амал-тәсіл ретінде ұлттық этика нормаларының жаңа әуендерін қалыптастырады, сондықтан бүгінгі мәдени коммуникацияның «ізетті» стильдік мәнерін айқындайды, мысалы: отандастар, кқрметті ағайын т.б. Аверсия жансыз құбылыстарға қаратып айтылады,мысалы: Мейірімді ай, мені дағы жаныңа алшы (Мағжан).
Стилистикалық амал-тәсілдердің бірі- анантаподотон сөйлемнің синтаксистік конструкцияларының бұзылуы. Сөйлемнің аяғы басталуымен қиыспайды. Анантаподотон стилистикалық амал-тәсіл ретінде көрінуінің үш қызметін атап кету керек:

  1. Жеке субъектінің ауызекі стиліне тән;

  2. Жеке субъектінің тұрақты сөйлеу дағдысының қалыптаспауынан болды;

  3. Авторлық жаңашылдық ретінде танылып стилистикалық норма аясына кіреді.

Публицистикалық стильдің ауызша түрінде анантаподотон жиі байқалады. Бұл ежелгі дәуір әдебиетін түсіндіреді студенттерге (теледидар хабарынан). Көркем әдебиет стилінде кейде автордың акценттік категориясының стилистикалық амал-тәсілі ретінде алынады. Қарап отырып өз тамың өзіңе алмасты көрініп (Т.Нұрмағанбетов).
Кейбір стилистикалық амал-тәсілдер көркем әдебиет стилінің кіші жанрларына тән, бұл тәсілдердің қатарына паремияны жатқызуға болады.
Паремия фольклордың кіші жанрларына жатады,бірақ публицистикалық стильде қоғам өмірінің прагматикалық тіршілігін кқрсетуде жиі пайдаланады. «Өттідәурен осылай» (Д. А. Қонаев).
Кейбір стилистикалық амал-тәсілдердің қатарына периергия жатады.
Периергия «артық еңбек» сөзінен шыққан, плеоназм сөзімен синонимдес. Автор кейбір троптарды сәтсіз қолданады, себебі автор өз санасында логикалық қателіктер жіберіп отырады, сондықтан стилистикалық әсер беруге арналған троптар стилистикалық қателіктерге ұрындырады. Периергияны автор өз туындысын көріктендіру элементі ретінде алатын сәттері кездесіп қалады, бірақ кейде ой қайталаушылық жиі байқалса, стилистикалық әсері бәсең тартады, пәрмендділік қуаты солғындайды. Периергияны көркем әдебиет стилінің парадия жанрында кездестіруге болады.
Стилистикалық амал-тәсілдердің қай-қайсын алсақ та, стильдің қай түріне жатқанына қарамастан, қазақ тілінің ұлттық сөз байлығының сан алуан иірімдерін, ерекше нақышты бояуын танытады, композициялық-сюжеттік құрылымының да жандануына улкен ықпал етеді.
Стилистикалық амал-тәсілдердің бірі- апозиопезис сөйлемдегі ойдың аяқталмауы себебін бейвербальді тәсілдермен де түсіндіруге болмайды. Апозиопезис сөз актілерінде сөз этикасын сақтау үшін қолданылады. Мәтін мен дискурста апозиопезис сияқты аяқталмаған сөйлемдер синтаксисистік компоненттері түгел қатысқан сөйлемдерден коммуникативті-прагматикалық және эстетикалық бағдары кем түспейді. Мысалы: ... Бірақ, бұл тырп ете алар емес... Апырау, мынау сиқыр көзқарасты кімнен, қайдан көріп еді... (Ә. Кекілбаев)
Ғылыми стильдің ауызша түрінде ғылыми объектінің маңызды бөлігіне баса назар аударғанға айтылады. Ғылыми стильдің ауызша түрінде білімнің танымдық қағидасының тоқтап қалуынан көрінеді немесе ойдың басқа прагматикалық мақсатқа бұрылып кетуіне де болуы ықтимал. Әрине, контексте басқа кажеттіліктен туындайтынын да көруге болады.
Публицистикалық стильде апозиопезис айрықша стилистикалық мәнер түзе отырып, қоғамның прагматикалық мәселелерінің сырын ашуға ықпал етеді.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі апозиопезис сөйлемдердің айтылуының бірнеше «ықтималдық» мүмкіндігі бар. Сөз этикасын сақтау, адресант қабылдаушыға ықпал етуді тоқтатқысы келгендіктен пайдаланбайды. Екінші себебі мәдени коммуникацияда субординация сақтау үшін арнайы тоқтатылынды.
Апозиопезистің тағы бір ерекелігі адам психологиясына тікелей байланысты. Адам санасына ықпал еткен хабардағы тілдік сигналдар адамның жеке физиологиялық болмысынан тежегіш күштерге ие болады, сондықтан апозиопезис сөйлемдер пайда болады. – О, бейшара, болған су-ур!-деді Мәлика әзілдей күрсініп. –Сен бұл жаққа жетпей жатып-ақ жаңа ғашық боп біткен екенсің ғой... Ал, мен болсам... Ол тағы күлді.
-Бә-әрі алда деп жүрмін... (Д. Исабеков) Жанайдаров жылан сорып жатқан құрбақадай табан асты шала-жансар күйге көшті. –Келсін... Келсін... Күтеміз... Сіз де келесіз бе? – Оның дауысына діріл араласты. –Ойбай-ау, онда... әрине, қуанамыз. Қашан? Бүгін кешке? Қайдан? Қалай-қалай?
Англиядан? О құдай сақ... құдай сақт... –Жанайдаров өзіне-өзі келем дегенше ана жақтағы адам трубканы қойып үлгерді.
-Құдай ұрды деген осы!-деді ол дұға оқығандай күбірлеп. (Д. Исабеков).
Стилистикалық амал-тәсілдердің қатарына жататын стилистикалық фигуралар стилистикалық норманы толық қалыптандырады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:



  1. Стиль дегеніміз не?

  2. Стильдің негізгі қызметін атаңыз?

  3. Қазіргі стилистиканың қандай даму бағыттары бар?

  4. Прагматика дегеніміз не?

  5. Прагматистилистиканың қарастыратын мәселесі.

  6. Прагматика, коммуникация, ақпарат дегеніміз не?

  7. Дискурс пен мәтіннің айырмашылықтары мен ұқсастықтары, арақатынасы.

  8. Дискурс пен мәтіндегі прагматикалық тоғысуынан пайда болды?

  9. Қазіргі тіл ғылымында прагматикалық аспектіде зерттеудің қандай түрлері бар?

  10. Прагматилистика қандай ғылымдардың тоғысуынан пайда болды?

  11. Стилистикалық ұғымдар мен категориялврды атаңыз.

  12. Функциональды стильдердің әрқайсысына тән стилистикалық категорияларды ажыратып көрсет.

  13. Стилистикалық терминдерді атаңыз.

  14. Кейбір стилистикалық ұғымдарға сипаттама бер.

  15. Стилистикалық норма мен тілдік норманың негізгі межесін анықтаңыз.

  16. Стилистикалық қателер мен сөз қателерін ажыратып көрсет.

  17. Коммуникативтік норма мен стилистикалық норманың тиімді жақтарын ажыратып бер.

  18. Прагматиканың орталық категориясын құраушы кім?

  19. Неге прагматикалық фактор стиль түзуші болып саналады?

  20. Дискурс пен мәтіндегі стилистикалық фигуралардың прагматикалық мақсаты неде?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет