Шешуі: 30-16=14, 16-14=2. Жауабы. С
№48 жалпы орта білім беретін мектеп
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар
Математикалық сауаттылық
11-сынып
Математика пәнінің мұғалімі: Сейілжан Рыскүл Есенқызы
Математикалық сауаттылық
I нұсқа
Қабырғаны ақтауға қанша сулы эмульсия кететінін есептеу үшін қандай өлшемдер жеткілікті екенін табыңыз.
А) Диогональінің ұзындығын білу жеткілікті
В) Периметірін білу жеткілікті
C)Енін білу жеткілікті
Д) Ауданын білу жеткілікті
Ұзындығы 7 м, ені 4 м болатын бөлменің еденіне қанша кафель тақтайшасын жапсыруға болады. Кафель тақтайша 20см 20 см.
А) 500 В) 700 С) 650 Д) 690
Аулада қозылар мен тауықтар жайылып жүр. Олардың сандары тең. Барлық аяқтар саны 54. Аулада неше қозы жайылып жүр?
А) 6 В) 9 С) 10 Д) 8
Таразының бір табағында бірдей үш қауын және әрқайсысы 2 кг нан екі гир, ал екінші табағында осындай 4 қауын және 1 кг-дық бір гир жатыр. Егер таразы табақтары теп-теңдікте болса, қауын салмағы қанша?
А) 2 кг В) 5 кг С) 3 кг Д) 1 кг
Айбек пен Шыңғыс ағашты 6 сағатта кеседі. Арман мен Арсен олардан 2 есе жылдам, Асхат пен Бекзат 3 есе жылдам кеседі. Барлығы бірігіп, ағашты қанша уақытта кесетінін анықтаңыз?
А) 1 сағ В) 30 мин С) 2сағ Д) 45 мин
Күркетауықтың салмағы қораздан 5 есе артық және қораз күркетауықтан 8 кг кем. қораз неше кг?
А) 15 кг В) 2 кг С) 3 кг Д) 4 кг
Әли өзінің ойыншықтарының салмақтарын салыстырып ойнады. Машинаның салмағы бір доп пен екі ойын текшесінің салмағына немесе екі доп пен бір ойын текшесінің салмағына тең болды. Осындай 5 машинаның салмағы неше ойын текшесінің салмағына тең?
А) 16 В) 11 С) 21 Д) 15
Ағаш кесуші ағашты үш бөлікке бөлу үшін 150 тг алады. Ағашты 11 бөлікке бөлу үшін қанша ақша алады?
А) 850 В) 650 С) 750 Д) 600
Бақта бір бірінен 5 м арақашықтықта 20 алмұрт ағашы бар. Екі шеткі ағаштардың ара қашықтығы қанша?
А) 30 В) 45 С) 90 Д) 95
Диас, Еркін, Дәулет 2,3,5 күн сайын басесейінге барады. Олар бүгін бассейнге барса, енді неше күннен кейін тағы кездеседі?
А) 30 В) 25 С) 20 Д) 35
Ауладағы ойын алаңындағы сырғанақтың ортасы тік бағанымен бекітілген. Егер сырғанақтың биіктігі h=3,1 м болса, ортасына орнатылған бағанның L ұзындығын табыңыз.
А) 6,2 м В) 1,25 м С) 1,55 м Д) 2,4 м
Қыры 50 см текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған оған қанша литр су құйылған?
А) 125 л В) 127 л С) 135 л Д) 132 л
Тіктөртбұрыштың ені 4 см . Оның ауданы қабырғасы 6 см болатын кв-ң ауданымен тең. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен қаншаға ұзын?
А) 8 В) 4 С) 6 Д) 5
Тік бұрышты паралелипипед тәрізді ыдыстың биіктігі 9 м, ұзындығы 8 м, ені 3 м болса, оған қанша литр су құюға болады?
А) 3600 000л В) 216 000 л С) 220 000 л Д) 3000 000л
Оқушының үшеуіне ғана әртүрлі үш жоладама келді. Жолдаманы неше тәсілмен оларға бөліп беруге болады?
А) 25 В) 60 С) 16 Д) 10
Достарыңызбен бөлісу: |