Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылым динамикасы, ғылымда дəстүр мен жаңашылдықтың қатынасы



Pdf көрінісі
бет19/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86
Ғылым динамикасы, ғылымда дəстүр мен жаңашылдықтың қатынасы
Ғылым феномені жəне де оның даму заңдылықтары осы уақытқа дейін
қызықты мəселердің біріне жатады. Ғылымды теориялық жəне эмпириялық
жақтарынан зерттеген. Əр ғылымда өзгеше ережелер мен қағидалар
ұсынылғанмен бəріне ортақ заңдылықтар бар екендігі айқын. Тек ХХ ғ. аяғында
ғылым дамуының философиялық тұжырымдамасы толық құрастырылды деп
санауға болады; оған ықпал еткен Т. Кун, К. Поппер, И. Лакатос, Ст. Тулмин,
П. Фейерабенд, М. Полани т.б. Өзекті болған соң ғылым философиясының
сұрақтары осы уақытқа дейін əр түрлі мамандардың назарын өзіне тартады.
Əуелі төрт ұғымға анықтама берейік.
Дəстүр - ұрпақтан ұрпаққа жалғаса алатын əлеуметтік пен мəдени
мұраның элементтері. Ғылымда дəстүр дегеніміз, ғылыми танымда жалпы
қабылданған білімдер, нормалар мен идеалдар жүйесі. Нақты түрде ол
ғалымдар арасында бір дəлелденген теорияның, ережелер мен нормалардың
адекваттік түрі бойынша қабылдау келісімі, конвенциясы. Дəстүр ғылымда
шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға
арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте
дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым»
өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа
да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан
басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем
қайта өндірілу керек.
Жаңашылдық - материалдық пен рухани сфералардағы жаңалықтар.
Жаңалықтар өздері екіге бөлінеді: 1. коррекция жасайтын, ескі дəстүрдің
кейбір түрлерін өзгертеді; 2. жаңа дəстүрді енгізетін. Əр салада екіншісі қиын
қабылданады. Келесіде ол өзінің қолдаушыларын тауып дамиды. Сөйтіп
концептуализация арқылы (ғылыми ортада айқын жарияланған соң) ол өзі
дəстүрге айналады, білім жүйесінде өндіріледі. Жаңа идеялар дəстүрлі
терминология тілінде жарияланады немесе жаңа ұғымдарды енгізеді.
Ғылым философиясында сандық тұрғыдан жаңашылдықтар мен


66
дəстүршілдіктер 4 млн. ғалымның арасында 2000-ы жемісті болса, тек 45
радикалдар деп саналады. Дəстүр мен жаңалық мəселесін «революция» мен
«эволюция» («қалыпты даму»), интенсивті (радикалдық-революциялық) жəне
экстенсивті (фундаменталды теориянының қолдану аймағын кеңейту) даму
түрлері арқылы қарастырамыз.
Ғылыми революция - ғылыми білімнің динамикасында ғылымның
негізімен бағытталған, зерттеу стратегиясын өзгерту кезеңдерінде күрделі рөл
атқарады. Сол кезеңдерді ғылыми революция деп атайды. Адамзат өзінің
дамуында бірнеше ғылым мен техниканың революциясынан өтті: өнеркəсіптік,
электротехникалық, электрондық, бағдарлама жəне «жасыл» революциясы.
Сөйтіп, көлем мен өзгертудің тереңдігіне қарай революцияларды
жаһандық, локалды жəне мини-революциялар деп бөледі. Фундаменталды
(жаһандық) революциялар 
ғылымның 
негіздерін (идеалдар, ғылым
нормаларын) жəне дүниенің ғылыми бейнесін (онтология өзгереді) күрделі
түрде өзгертеді. Локалды революциялар ғылымның негізін өзгерпей тек зерттеу
нақтылықтың бейнесін өзгертеді. Солай, ғылым дамуында түбегейлі өзгерістер
сонша көп емес.
Ғылым 
философиясында 
жаһандық
революциялардың 
үш
рационалдылық типтермен байланысты үш типі бар: классикалық, классикалық
емес, постнеоклассикалық; В.С. Степиннің пікірінше, тағы 4 типі - екіншісімен
байланысты, пəндік ғылымның шығуымен (ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. басы)
байланысты.
Ғылымда революция қалай қалыптасады? Кейбір пікірлер бойынша,
ғылыми революциямен жаңалықтар ғылымда кездейсоқ болады, яғни, қосымша
зат ретінде, нақты мақсатты шешкенде; ал басқа пікір бойынша, ол дəстүрлі
жолмен қалыптасқан қатал қызметтің табиғи жалғасы деген. Ал, осыған ықпал
ететін факторларға келсек, олар ішкі жəне сыртқы деп бөлінеді. Осының
интерналистік пен экстерналистік нұсқаулары бар.
Мысалы, Б.Г. Юдин сыртқы факторлар үстемді десе, Б.С. Грязнов ішкі
факторларды таңдайды. Ал Микулинский сыртқы мен ішкі факторлардың
ғылым дамуында бірлік ықпалы туралы айтады. Сол себепте, ғылыми
революциялар ішкі пəндік пен пəнаралық байланыста мүмкін.
Енді нақты түрде осы мəселе бойынша ғылым философиясындағы
тұжырымдамалар мен пікірлерге тоқтайық.
Карл Раймунд Поппердің логикалық-методологиялық тұжырымдамасы.
Карл Поппер ХХ ғ. батыс философиясының əйгілі өкілі. Оның
шығармалары философия, ғылым логикасы, ғылым методологиясы мен
əлеуметтану салаларында жазылған («Ғылыми білімнің логикасы мен дамуы»,
«Ашық қоғам жəне оның жаулары», «Историцизмнің жоқшылығы» т.б.)
К. Поппердің атын «фаллибилизм» (ағл. қатеге бейімделген, күнəға батылған)
атты ағыммен байланыстырады. Оның негізінде Поппермен ұсынылған
жүйелердің «фальсифицияландыру қағидасы» жатыр. Əмбебап пікірлерді
фальсифицияландыру дегеніміз оларды «бар еместік» (жоқ) түрінде бекіту.
Демаркацияның
мөлшері 
ретінде 
верификацияландыруды 
емес
фальсифицияландыруды ұсыну қажет. Яғни, біз бір ғылыми жүйені тек сол


67
жағымды түрде қабылдауды қажетті міндет етпеуіміз керек, ал, оны
эмпириялық тексеру арқылы жағымсыз мағынада шығару логикалық түріне
лайықтылықты қажет етуіміз дұрыс: эмпириялық жүйе тəжірибе арқылы өзін
жоққа шығаруын рұқсат етеді.
Поппердің пікірінше ғылыми білімнің дамуы - ол бір жағымсыз теорияны
жағымды теориямен ауыстыратын шексіз жəне тоқталмайтын үрдіс. Осындай
теорияның құрылымын келесі түрде көрсетуге болады: 1. гипотезаны ұсыну; 2.
гипотезаның 
фальсифицияландыру 
деңгейін 
өлшеу; 3. мүмкін
фальсификаторлар саны көп жағымды гипотезаны таңдау қажет (яғни, күдікті
гипотезалар лайықты); 4. эмпириялық тексеруі үстемді салдарды шығару жəне
эксперимент өткізу; 5. қағидалы түрде өзгеше салдарды іріктеу; 6.
фальсификация жағдайында гипотезаның өзін жоққа шығару, ал теория
фальсифицияландырылмаса оны уақытша сақтау қажет; 7. конвенционалды
(келісім) түрде тексеруді тоқтатып, нақты фактілер мен теорияны шартты түрде
қабылдауды бекіту. Басқаша айтқанда, Поппердің пікірінше, ғылым батыл
түрде ұсынылған пікірлер жəне келесіде оны қатал сыннан - қарсы мысалдарды
табу - өткізумен дамиды.
Осы философтың тұжырымдамасы жарты ғасырдың аралығында бірнеше
модификациялық өзгеріске қарамай, өзінің тіректі негізін сақтап қалды. Яғни,
тұрақты идея ретінде - ғылымның белгісі жəне ғылыми рационалдылықтың
мəні - сынның қажеттілігі мен мүмкіндігімен қатар əр-қашанда өз ережелерін
қайтадан қарастыру. Əр теория сыннан осалды (əлсіз) болса, оны ғылыми деп
санамайды. Теория фактілерге қарсы шықса, онда оны жоққа шығару міндет.
Нақты ғылымда жоққа шығарылған теория мен гипотеза жедел түрде
жойылады ма деген сұрақ қайшы, бірақ Поппер үшін, егер ғалым алдына оның
теориясының əлсіздігі мен құлдырау фактісі айқын қойылса, бірақ ол
теориясын қолдап қалса, яғни, ол рационалсыз жəне «ғылым ойынын» ережесін
бұзады. Сөйтіп, ғылыми теорияның ауысуы жəй емес, мəнді түрде қажетті.
Поппердің айтуынша, ғылыми танымның тарихы батыл ұсыныстары мен
оларды жоққа келтіруден жəне «перманентті революциялар» тарихы ретінде
көрсетілген. Сол себепте, Поппер үшін, ғылыми революция деген ұғым үстемді
айналыс түрінде көрсетіледі, бір-бірін жоққа келтіретін теориялардың
арасындағы қайшылықтар мен сол жағдайдың өзгеше ұштастығын білдіретін,
мысалы, фундаменталды теорияларға қатысты болса.
Осы модельдің онтологиялық негізі болып «үшінші əлем» атты
концепция табылады. Өзінің «Үшінші əлем» аталған тұжырымдамасында,
«Объективтік білім» атты шығармасында ол келесі үш əлемді ажырату қажет
деп, тезис ұсынады: «біріншіден, физикалық объектілер немесе физикалық
жағдайлар əлемі; екіншіден, сана, ойлау (менталитет) жағдайы жəне іске
диспозиция мүмкіндігі; үшіншіден, ойлаудың объективтік мазмұны, əуелі,
ғылыми идеялардың, поэтикалық ойлар мен өнер шығармалары». Үшінші əлем
физикалық əлем мен сананың нəтижесі, адам іс-əрекетінің нəтижесі. Оның
қажетті шарты тілдің шығуы. Тілде тұрақталып, білім «объективтік рухқа»
айналып, объективтік қасиетке ие болады.
Поппер тоқталғандай, «үшінші əлем» үстемді түрде, оған əсер етседе,


68
немесе біз оған əсер етсекте, ол автономды.
Үшінші əлемнің тұрғындарына теориялық жүйелер, мəселелер мен сынау
пікірлер, журналдар, кітаптар мен кітапханалардың мазмұны кіреді. Ғылыми
теориялардың даму процестерінің өздерінің даму логикасы бар. «Менің зерттеу
логикам білімнің даму теориясының мүмкіндік пен қатесін, яғни, қатені
жоюдан тұрады. Ал, ол болса - Ламарктің ереже нұсқаулары, үйрету арқылы
емес, Дарвинның селекциясы, іріктеуі арқылы». Осы салыстырмалы
ұқсастықты Поппер өмірінің соңында теорияның динамикасының төрт фазасы
атты схемасында ұсынды:
1) Мəселе (бақылау емес);
2) Шешу əрекет жасау - гипотезалар;
3) Қатені жою - гипотеза мен теорияның фальсификациясы;
4) Сыншыл сұхбат нəтижесінде жаңа жəне мəселені нақты қою.
Қорыта айтқанда, Попперлік «ғылыми теориялар» ғалым дүниесіне
қатыспай идея əлеміне толық қатысты. Ғалымдардың іс-əрекеті рационалды
болу қажет, яғни, теориялық құрылымды басқамен ауыстыру. Ғалымдардың
«ашық қоғамында» интеллектуалды күрестен басқа ештеңе жоқ; сайысқа
адамдар емес, идеялар шығады, ал, адамдар ғылымға адал қызмет жасау керек.
Сол себепте, біз Поппердің көзқарасында жетілген «ғылыми революцияның
құрылымын» таппаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет