Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы



Pdf көрінісі
бет21/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
Имре Лакатостың зерттеу бағдарламасының методологиясы.
Ғылымның тарихи өзгерісінің талдауында логикалық дəстүрді сақтауға
ұмтылыс жасаған Имре Лакатос.
Попперден кейін Лакатос ғылыми рационалдылық теориясының негізі
(методологиялық концепцияның) сыншыл принцип болу керек. Бұл қағида əр
ғылыми қызметтің əмбебап қағидасы болады; бірақ нақты ғылым тарихына
келсек радикалды жəне қатал фальсификация үстемді болмау керек.


71
«Догматикалық» фальсификационизм» «Евклиддік» рационалды ғылымы
туралы арман сияқты. «Контр мысалдар» мен «ауытқулар» əрқашанда
ғалымдарды өз теориясынан бет бұруға себеп емес; зерттеушінің рационалды
əдеті бірнеше стратегияны қамтиды, олардың ортақ мағынасы - бұл қозғалыс
жаңа эмпириялық жетістіктерге үміт берсе ғана алға басады, сонда сөзде
ақталады. И. Лакатос «сыншыл 
рационализмнің» «теориялық
рационалдылықты» түсінуі мен дамып жатқан ғылымның практикалық
рационалдылығының 
арасында 
айырмашылықты 
көріп, «сыншыл
рационализмді» реформалау қажет деген. Осының нəтижесінде «жөнделген
фальсификацонизм» атты методологиялық тұжырымдама немесе ғылыми-
зерттеу бағдарламасының методологиясы. Осы теорияны ол «Фальсификация
жəне ғылыми зерттеу бағдарламасының методологиясы» атты шығармасында
жариялады.
Лакатостың айтуынша, Поппер көрсеткендей ғылымда бір-бірін
ауыстыратын теориялардың бауы емес, ғылыми зерттеу бағдарламалар, яғни
нақты құрылымнан тұратын теориялық саптар. Əр зерттеу бағдарламаның
«қатал ядросы» бар. Керісінше эвристика modus tollens -ді қолдануға қарсы
шығады. Оның орнында бар гипотезаларды дамыту немесе жаңа сол ядроны
айналатын «қорғау 
белдігін» қалыптастыру 
үшін 
біз 
өзіміздің
жасампаздығымызды жетілдіруіміз қажет. Тексерістен бірінші қорғау белдігі
өту қажет; қатқан ядроны қорғап, ол бейімделу, түзетілуі немесе мүлдем ауысу
қажет. Поппер тек теориялардың арасындағы күресті қарастырса, Лакатос
«қорғау белдігін» құрайтын жоққа келтірілетін жəне бəсекелестік теорияларды
қана емес, сонымен қатар зерттеу бағдарламалардың арасындағы күреске назар
аударады. Сөйтіп, Лакатос ғылымның дамуын нақты ғылыми теорялардың
кезектесуі емес, зерттеу бағдарламалардың шығуы, өмірі мен құлдырауы.
Бірақ, Лакатостың зерттеу бағдарламасыда неге бағдарламалар ауысады
екендігін түсіндіре алмайды. Логика мен методология бұл жерде күшсіз, Кунға
қарағанда ол бағдарламаның мазмұны логикалық тұрғыдан салыстырмалы,
жəне ғалымға қандай бағдарламаны тандау қажет деген рационалды бағыт
ұсынуға болады. Лакатостың пікірінше ұсталған пікірлердің ауысуы мен
құлдырауы, яғни Кунның ұсынылған пікірінше, ғылыми революциялар «топтың
психологиясымен» емес, екі бəсекелестік бағдарламаларды салыстыру үшін
Лакатос мəселелердің жылжу түсінігін ұсынды.
Зерттеу бағдарламасы прогрессивті болады, оның теориялық өсуі
эмпириялықтан үстемді болса, яғни, ол жаңа фактілерді болжаса («мəселенің
прогрессивті жылжуы»). Бағдарлама регрессивті, оның теориялық өсуі
эмпириялықтан қалып қойса, яғни, кездейсоқты жаңалықтарға немесе
бəсекелестікте болған бағдарламамен ұсынылған фактілерге кешіктірілген
түсініктеме берсе («мəселенің прогрессивті жылжуы»). Егер зерттеу
бағдарламасы прогрессивті түрде бəсекелеске қарағанда көп түсіндірсе, онда
оны «ысырып» жəне сол бəсекелес бағдарлама ауыстырылады. Мəселенің
«прогрессивті жылжуы» болғанда бағдарламаның қатал ядросын сақтау қажет.
Ал «регрессивті жылжу» болса да зерттеу бағдарламадан бас тартпау керек.
Тоқталуға ұшыраған бағдарламаның дамуының ішкі ресурстарында негіз табуға


72
мүмкін, сол арқылы ол өзі қалып қойған бағдарламадан озық болады. Шешуші
эксперимент болып аталатын ештеңе жоқ, яғни, зерттеу бағдарламаны бұзатын
себеп жоқ. Ғалым сезімге басылып өзінің экспериментін бағдарламаның
бұзушысы деп санайды, бірақ басқа жеңілген лагерден біреу өзінің
бағдарламасын шешуші экспериментті ұсынса жəне ол жеңушіге айналса,
алғашқысы өзінің атағынан айырылады.
Сөйтіп, Лакатостың зерттеу бағдарлама атты тұжырымдамасынан біз
түсінетіміз, ғылыми революция сонша үстемді жəне маңызды емес, себебі,
ғылымның дамуында ешқашан бір бағдарлама үстемді болмайды, өз арасында
бəсеклеес теориялар, идеялар мен бағдарламар бар. Олардын ішінде біреуі бір
кезде үстемді болса, басқасы - артқа шегінеді, ал үшіншісі - қайтадан
қарастырылып жаңа құрылымға ие болады. Революциялар сонда ғылымның
негізін сонша бұзбайды, ғалымдардың көбісі өз ісін жалғастырып, осы жағдайға
аңғармайды. Əйгілі жəне қарапайым, дəуірлі жылжу немесе жəй қозғалу - осы
бағдармалардың 
бəрі 
методологиялық, «метағылыми» рефлексияда
ретроспективті түрде болады. Лакатостың пікірінше, ғылымның дамуы əр
логикалық-методологиялық концепцияның «сынау тасы», оның қайсар
төрешісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет