Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Қазіргі философиядағы ақиқат туралы негізгі тұжырымдамалар



Pdf көрінісі
бет55/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
Қазіргі философиядағы ақиқат туралы негізгі тұжырымдамалар.
Ақиқат ұғымы туралы үш негізгі концепциялар.
Ақиқат мəселесі алғашқы түрде ежелгі Грекияда ұсынылған, ол
анықталған, дұрыс, барабар білімнің мəселесі (лат. теңестірілген).
Ақиқат туралы əр түрлі түсініктер бар, қазіргі философияда оның ішінде
негізгі үш тұжырымдама айқын:
- сəйкестік концепциясы - «Ақиқат - ол білімнің нақтылыққа сəйкестігі»;
- когеренция концепциясы - «Ақиқат - ол білімнің өз-өзімен сəйкес
келісімі»;
- прагматикалық концепциясы, екі мағыналы түсініледі - «Ақиқат - ол
білімнің пайдалылығы, тиімділігі»; «Ақиқат - ол тəжірибемен дəлелденген».
Ал конвенционализм тұжырымдамасын (А. Пуанкаре, Р. Карнап жəне
т.б.) «ақиқат» ұғымы анықтамасының мазмұны шарттық-келісім қасиетке ие
болған соң ешқайсысымен келіспейді.
Тарихи 
тұрғыдан 
бірінші
классикалық
корреспонденция
тұжырымдамасын да ақиқатты психика түрлерімен (бейне, елес, анықтама)
нақты объективтік мазмұнның (объективтік нақтылықтың қасиеті мен
мазмұны) сəйкестігі.
Осы тұжырымдамасының шеңберінде ақиқатқа əртүрлі анықтамалар
берілген. Қарапайым түрінде, «ақиқат» «дұрыс, объекттің өзіне сəйкес біздің
біліміміздің дəлелденген (ақиқат, оның барлық қасиеттері туралы елес)
шындық (ақиқат) білім.
Осы мəселенің салдары ретінде тағы да мəселелер туындайды. Мысалы,
«мен Абайдың мүсінін білем дегенде». Бұл жерде, объект - ол біздің миымызда
болып жатқан, барлық биотоктармен нейрондардың байланысына ұқсамайтын
мүсін. Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, «Гималай туралы ойлағанды, не мен
емес - Гималай туралы ойлаушы, не менің Гималай туралы ойым сол Гималайға
ұқсас емес. Гималай - ол үлкен кеңістікті алатын таулар, менің ойым тауға
ұқсас емес жəне ешқандай кеңістіктің иесі емес». Сөйтіп, объект пен ол туралы
білім сəйкес болу керек. Яғни, қажетті түрде ақиқатты тек өзі туралы білімнің
білімі. Білім мен объект арасында «ашықтық» болса, яғни, білімнің бұзылуы.
Сөйтіп, білімнің қажетті ақиқаты да мүмкін емес.
Екіншіден, «ақиқат» тек танымның объектісіне емес, субъекттің
психикалық түрлерінде жатқан білімге де қатысты. «Заттар мен жағдайлар
жақсы не жаман болса, бірақ, ақиқатты не жалған болмайды. Ақиқатты немесе
жалған деп сол заттар мен жағдайлар туралы пікірді айтамыз...».
Қорыта айтқанда, мəселе психиканың ақиқат түрлері туралы. Субъект-
объекттік қатынаста субъективтілікке сəйкес құбылыс қасиеттері туралы


171
мəселе. Ақиқаттың объективтілігі - гносеологиялық объективтілік. Раушан
гүлдің бейнесіне иіс пен түс т.б. тəрізді емес, бейне пəн бола алмайды.
«Адекваттық» («дұрыс») терминнің қатал түсінігін шығару үшін
«изоморфизм» жəне «гомоморфизм» атты 
логикалық-математикалық
ұғымдарды қолданады. Изоморфты, деп екі жүйені айтады, оның бірінің
элементтері (А жүйесі), қасиеттері мен қызметтері екіншінің элементтеріне,
қасиеттеріне, қызметтеріне (А1 жүйесіне) сəйкес жəне керісінше болса.
Гомоморфалық жүйелер изоморфолықтарға қарағанда біржақты сəйкеске ие.
Яғни, алғашқы ережеден «керісінше» деген сөзді алып тастасақ, яғни, А1
жүйеде А-ның бейнеленбеген элементтері, қасиеттері мен қызметтері бар. Əр
дұрыс бейне (ойлау бейнесін қоса) бейнеленетін затпен анық қатынаста болса,
яғни, оны ақиқатты деп санауға болады.
Сөйтіп, сəйкестік концепция бойынша, ақиқат дегеніміз субъекттің
психикасымен объекттің сəйкестік түрі. Бейне немесе қарапайым ұғым түрінде
оны суреттегі (фотосурет) бейнелеудің бейнелейтінге сəйкестік. Бірақ,
сəйкестіктің мөлшері қандай? Бұл жерде психиканың түрлерімен объекттің
сəйкестігі болған соң, осы ереже білімнің ақиқат екендігін дəлелдеуге лайық.
Яғни, сəйкестік тұжырымдамасы объективтік дүниенің - нақты заттардың,
құбылыстардың, оның нақты қасиеттерін сипаттауға - бейнесін қалыптастыруға
негіз береді.
Бірақ, философиямен ғылымда біз қиын теориялық пікірлермен
шұғылданған 
соң, жəй 
затпен, оның 
бейнесінің 
сəйкестігімен
қанағаттанбаймыз. Бұл жағдайда ақиқаттың когерентік тұжырымдамасына
келеміз. Когеренттік (лат. байланыс, жалғасу) пікірлердің бір-біріне сəйкестігі,
бірізділіктігі, байланысы, пікірдің жəне теорияның жүйелілігі деп түсінеміз.
Бұл тұжырымдаманы толық дамытқан философтар: Лейбниц, Спиноза, Гегель,
Нейрат, Гемпель. Ақиқаттың когеренттік тұжырымдамасының ұстанушылары
математикалық дəлелдемелердің тəжірибесіне арқа сүйеп, пікірді ақиқат деп
санайды, оған алғашқы ақиқат пікірлерден логикалық ережелері арқылы жетеді.
Математикалық аксиомалар мен теоремаларға бұл жол айқын. Бірақ «ақиқат»
жəне «жалған» деген ұғымдар əртүрлі аймақтарда əртүрлі мағынаға ие.
Ортодоксалды когеренттік теория танымның тек бір жағын, жалпы ортақ
үрдістен суырып алып, толық үрдіске айналдырады. Теориялар мен пікірлердің
когерентік 
бағасы 
сəйкестік 
мəселені 
жоймайды (яғни, сəйкестік
тұжырымдаманы да).
Пікірлермен, теориялардың, ой қорытулардың когеренттілігі олардың
ақиқат екендігінің өзіндік дəлелдеме негізі емес. Себебі, əр логикалық тізіммен
жасалған пікірлер алғашқы пікірлері априори дұрыс болса ғана ақиқат. Ал
алғашқы түрде жалған болса, пікірдің, білімнің нəтижесі де жалған болып
шығады. Осыған қоса теорияның когеренттілігі оның жалғандығын жасырып
біздің жалпы дұрыс бағалауымызды да бұзады. Сонда алғашқы ұғымдарды
дəлелдеуге назар аудару қажет, себебі, шексіз дəлелдеу процесінде соңында біз
осыған келеміз (ІІІ ғ. Секст Эмпирик осыған бет бұрған).
Үшінші жол бойынша, ақиқаттың мөлшері практика болып табылады,
оны прагматикалық (грек. іс, іс-əрекет). Оның бастамасы ежелгі Қытай мен


172
Грек софистикасында. Қазіргі, бізге жақын заманда оның дамуына ықпал
еткендер, американдық прагматизмнің өкілдері: У. Джеймс, Д. Дьюи. Чарльз
Сандерс Пирстің идеяларын жалғастырып, өзінің «Өз пікірлерімізді қалай анық
қыламыз» атты шығармасында, оны шəкірті, жалғастырушысы Уильям Джеймс
философиялық плюрализмді прагматизмнің философиядағы дəлелдемесі дейді:
«Прагматикалық əдіс дегеніміз - ол шексіз философиялық пікірталастарды
тоқтату, бір келісіміне келтіру. Əлем бірлік пе əлде көптүрлі ма? - оның
негізінде материалдық əлде рухани принцип? Осы пікірлердің бəрі дүниге
қатысты, - олар туралы пікірталас шексіз. Прагматикалық əдіс олардың əр
қайсысының 
пайдалы 
жағына 
токталады. Қандай 
практикалық
айырмашылықтарды 
олар 
тудыру 
мүмкін? Олардың 
практикалық
айырмашылығын таппасақ, келесі талас мəнсіз. Күрделі талас тек практикалық
айырмашылықтан шығады, яғни, екі жақтың біреуі дұрыс деген де».
Прагматиктар ақиқатты сезім, ой, идеялардың мақсатқа жету жолындағы
пайдасы деп түсінеді. Яғни, ақиқатты деп біз пайдалы, адамды жақсылыққа
əкелетін білімді санаймыз. У. Джеймс Ч. Пирстің қағидасын былай
тұжырымдайды: «өз ойымызда бір зат туралы толық анық деңгейге жету үшін,
оның практикалық салдарына, одан қандай сезімдерді күтуге болады, қандай
əсерге дайын болуымыз керек. Сол салдар туралы біздің бейнеміз - жақын жəне
алыс - бəрі сол зат туралы бейнеміз, - себебі сол бейне бір жағымды мағынаға
ие болса». Солай, У. Джеймстің пікірінше, өмірде керек, пайдалы идеяға сенім
ақиқатты. Тəжірибеден алынатын идеялар, адамның іс-əрекетіне жылдамдылық
пен күштің экономиясына əкелсе, жəне оның практикалық салдары біздің
үмітімізбен сəйкес болса. Идеяның ақиқаттылығы - бұл жағдай, өзіндік тексеруі
жəне дəлелдемесі. Ақиқат сенімге де негізделеді (ақиқаттың кредиттік жүйесі)
басқа ақиқаттармен жəне жаңа фактілерге сəйкес болса.
Джон Дьюи (1859-1952 жж.), американдық философ, прагматизмнің үздік
өкілі, ақиқаттың объективтілігіне күмəнданып, оны қажеттілік пен пайдаға
теңдеген. Ол инструментализм тұжырымдамасын дамытып, яғни, ұғымдар мен
теориялар - қоршаған ортаға ыңғайлану, табиғат пен қоғаммен байланысқа
бағыттайды дейді.
Бұл позицияның да салдар сұрақтары бар.
Біріншіден, таным объектісімен корреспондеттік байланыста болмайтын
ұғымдар мен пікірлер жүйесін, прагматикалық тұрғыдан жағымды болса, біз
ақиқатты деп санаумызға болама? Тарихи тұрғыдан адамдардың көбісі осылай
істейді. Сонда ақиқаттың прагматикалық түсінігі «ақиқат» ұғымының алғашқы
этимологиясымен байланысты емес.
Екіншіден, біліміміздің ақиқатын практикада қолданғанда ғана
бағалаймыз ба? Əр іс-əрекеттің басында біз білмейміз ақиқатты ма ол əлде жоқ
па? Біздің біліміміздің негізгісі алғашқы тəжірибемен байланысты. Бұл жағдай
тек қалыпты оқиғаларға қатысты. Ал, қалыпты емес оқиғаларда біз тəжірибені
дəлелдейтін 
фактілердің 
жоқтығымен 
кездесеміз. Прагматикалық
концепцияның шеңберінде біз ылғи ақиқатқа жетпестік оқиғаға түсеміз.
Үшіншіден, ақиқат адамның əр практикалық нəтижесімен анықталмаған
болса, оның пайдалылығы əрқашанда салыстырмалы. Мысалы, батыс өркениеті


173
планетаның энергетикалық жəне басқа мүмкіндіктерін қолданған. Ал,
жаһандық экологиялық дағдарыстың алдында энергетикалық т.б. дағдарыстар
алғашқы магистралдық жолдың дұрыс деген бағасын күмəнға əкелді. Осындай
оқиғалар тарихи тұрғыдан жойылмайтын болған соң, практика мен пайдаға
бағытталудың футурологиялық (болжау) жəне білімнің прагматикалық
қызметінің шектілігін көрсетеді.
Ақиқаттың үш концепциясы бір-бірін толықтырады. Мысалы, маркстік
гносеологияда практиканың белгісі сəйкестік тұжырымдамасын дамытуға
қолданылады.
Нақты таным процесінде зерттеушілердің көбісі келесі ережелерге сəйкес
білімді ақиқатқа жақын деп санайды:
а) нақтылықтың зерттелетін объектісіне қатысты корреспонденция
байқалса;
b) дəлелдеу мен пікір жүйесінің когерентілігі көрінсе;
c) прагматикалық (пайдалық) қажеттілігі мен практикамен дəлелденсе.
Зерттеуші өзінің зерттеуінде басты зерттеу аймағымен (зерттеу объектілердің
қасиетімен), субъекттің зерттеу (танымдық) қызметінің түрімен (дүниені
қарапайым-практикалық 
деңгейде, инженерлік-құрылыстық, тəжірибе-
эксперименталдық қызметтер, теориялық зерттеу) жəне нақты таным істің
функционалдық қызметімен (ғылыми қызығушылық, дұрыс іс-əрекеттің
бейнесін іздеу, рухани жетілдіру, құңдылық бағытын, қоршаған ортаны
өзгертуін т.б.) байқалады.
Логика мен математиканың өкілдері когеренттік тұжырымдаманы
қолдайды. Физиктер жəне экспериментаторлар сəйкестік тұжырымдаманы
қолдайды. Инженерлік-техникалық қызметкерлер ақиқаттың прагматикалық
концепциясына арқа сүйеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет