Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет11/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#124382
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Ұсынылатын əдебиеттер
1. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 - том. Ғылым мен
техниканың батыстық философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 560 б.
2. Əлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 13 - том. Классикалық
емес батыс философиясы. - Алматы: Жазушы, 2006. - 528 б.
3. Никифоров А.Л. Философия науки: история и методология. - М., 1998.
4. Поппер К. Реализм и цель науки // Современная философия науки.
Знание, рациональность, ценности в трудах мыслителей Запада: Хрестоматия. -
М., 1996.


28
2 ТАҚЫРЫП. МƏДЕНИЕТ ПЕН ӨРКЕНИЕТТЕГІ ҒЫЛЫМ
Дəріс мақсаты
: Ғылым мəдениеттің феномені ретінде қалыптасуына
тоқтау. Ғылыми танымның өзгешелігін анықтау. Ғылым жəне философия,
ғылым жəне өнер, ғылым жəне қарапайым таным салыстырмалы түрде
ерекшеліктеріне тоқтау. Өркениеттік дамудың дəстүрлік жəне техногендік
типтері жəне олардың негізгі құндылықтарын анықтау. Ғылымдық
рационалдықтың құндылығын көрсету.
Ғылым əлеуметтік-мəдени феномен ретінде
Ғылым өзі көп анықтамалардың иесі, бірақ үш негізде (қырында)
көрінеді: қызмет түрінде, пəндік аумақтардың жүйесі, əлеуметтік институт
ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың
байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет немесе іс-əрекет
түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, таңдау, жауапкершілік
атқару алаңына кіреді. Осы жағдайға В.И. Вернадский назар аударған:
«ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардың ғылыми жұмысынан тұрады».
Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің
өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттың көрінісі, дербес позицияны алуға
тырысады, саяси жəне əлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат - ол
ғалымдардың арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мəні де, ғылымды
құрастыратын элемент жəне оның негізгі құндылығы.
Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық
сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен (дін, саясат,құқық,
өнер т.б.) тығыз қатыста.
Ғылым əлеуметтік институт жəне қоғамдық сананың түрі ретінде
ғылыми-техникалық білімді өндіреді жəне ғылыми ұжымдар мен ғылыми
қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды.
Тек ХХ ғ. шіркеу мен заңгер кəсібіне тең ғалым кəсібі де дамиды.
Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру
үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:
1) институт ретінде;
2) əдіс;
3) білім дəстүрінің жинағы;
4) өндірістің даму факторы;
5) адамның дүниеге қатысы жəне сенім тудырудың негізгі факторы.
Американдық этимологиялық сөздікте ғылымды бақылау, құрастыру, суреттеу,
эксперимент пен теориялық анықтамаға қарап бағалайды.
Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы
теория деп түсіну керек; бұл ғылыми жəне қарапайым білімдерді ажырату
болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді.
Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым


29
болмас. Бірақ, бұл екі жақты мəселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық,
концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы.
Қазіргі кезде ғылым əлеуметтік-мəдени феномен. Яғни, қоғамдағы
көптүрлі күштердің əсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды.
Сөйтіп, екі ұштасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған
ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа аумақтарына əсер етті, «мəдениет» деңгейіне
шықты; екінші жағынан, ғылым мəдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің
бірінші - қызметтік жəне технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар
адам жəне заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым əлеуметтік-мəдени
феномен ретінде адамзат қатынастарының бүкіл аумақтарына қатысты. Қазіргі
технократтық ғылымдардың максимасы: «Бəрі ғылымды болмау керек, тек
ғылыммен тексеріліп, дəлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мəдениетте
қалыптасқан дəстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық
қызмет мəдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мəдени-технологиялық
функциясы анық, адам материалын өңдеу.
Ғылымның мəдениеттік қызметі тек нəтижеге емес, мəдениеттің
мүмкіндігі 
болып 
табылады. Ғылымның 
мəдениеттік 
қызметі
процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі
ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мəдениетті, қоғамдық
түрде өткізіледі. Индивид əлеуметтену барысында дайын əдістер мен
құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бəріне ортақ тіл, қарулар
мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның
қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын
қалыптастырып, сөйтіп, қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада
тұлғаның қалыптасуы айқын.
Ғылым этосы: интеллектуалдық жəне əлеуметтік жауапкершіліктер
туралы мəселе; моральдық жəне адамгершілік тұрғысында таңдау жасау;
шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік жағдайды
тудыру.
Ғылым қоғамдық процестердің əлеуметтік меңгеру факторы. Осының
бəрі білім беру, тəрбие жүйелері арқылы қалыптасады.
Біліммен тек 6-8% адамдар айналысады; ХХ ғ. аяғында əлемде
ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мың ғылыми пəндер қалыптасқан;
қазір ғылыми шоғырлану мен пəнаралық тенденциялар үстемді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет