55
соңғы келесі компоненттерден тұрады:
а) Ғылым субъектісінің - негізгі элементтері: өзгеше зерттеуші, ғылыми
ұжым, ғылыми топ, т.б. - түбінде тұтас қоғам. Ғылым субъекттері объекттердің
қасиеттерін, қатынастарын, жақтарын жəне объекттердің топ (материалдық пен
рухани) түріндегі қатынастарын осы жағдайда жəне осы уақытта зерттейді.
Ғылыми қызмет танушы субъекттен (ғалым-зерттеушіден) ерекше дайындық
талап етеді, яғни, ол алғашқы жəне қазіргі кезде жиналған концептуалдық
материалды меңгереді, қалыптасқан тану тəсілдер мен əдістерді, оны өзіндік
қаруға айналдырады, жəне ғылыми танымға сай құндылық, көзқарастық,
адамгершілік бағыттарды ұстанады.
b) Объект (пəн, пəндік аймағы), яғни ол, ғылым немесе ғылыми пəнде
танылатын дүние. Басқаша айтқанда, зерттеушінің ақылы бағытталған,
суреттелген, сипатталған, анықталған, оймен қорытылған. Жалпы түрде, «пəн»
дегеніміз, біріншіден, адамзат қызметі мен танымында объект əлемінен ерекше
бөліп шыгарылған шектелген тұтастық, екіншіден, танымның субъектісіне
қарсы тұратын объект, өзінің жақтары, қасиеті, қатынасымен бірге.
«Пəн» деген ұғым объектілерді түсіндіретін заң жүйесін көрсетуге
арналған (мысалы, дамудың жалпы заны – диалектика). Объект туралы білім
дамығанда оның жаңа қырлары, жақтары, байланыстары айқын болады. Əр-
түрлі ғылымдар бір объект бойынша өзгеше танымдық пəнді шығарады
(мысалы, анатомия ағзаның құрылысын зерттейді, медицина - оның ауруларын
т.б.). Танымның пəні - материалды болуы мүмкін (атом, тірі ағзалар,
электромагниттік өріс, галактика т.б.) немесе идеалды (таным процессі,
тұжырымдамалар, теориялар, ұғымдар т.б.). Солай, гносеологиялық тұрғыдан
субъект пен объекттің айырмашылығы ықтималды жəне пəндікке объектің
қасиеті мен белгілері кіреді.
c) Пəндік ерекшелікпен негізделген, осы пəнге немесе ғылыми пəнге
лайық əдіс пен тəсіл жүйесі.
d) Өзіне лайық өзгеше табиғи жəне жасамды тіл (таңбалар, рəміздер,
математикалық шешімдер, химиялық формулалар т.б.).
Басқа «кескін» бойынша ғылыми танымның құрылысында келесі
элементтерді шығаруға болады:
- эмпириялық тəжірибеден алынған фактілер материалы;
- анықтама немесе басқа түрінде көрсетілген алғашқы концептуалды
жалпылаудың нəтижелері;
- фактіге негізделген мəселелер мен ғылыми болжаулар;
- олардан «өсетін» заңдар, принциптер, теориялар, дүние бейнесі;
- философиялық негіздер;
- əлеуметтік-мəдени, құндылық, дүниеге көзқарас негіздері;
- ғылыми танымның əдістері, идеалдары, нормалары, үлгілері,
реттеушілері мен императивтері;
- ойлау тəртібі мен басқа элементтері (мысалы, иррационалдық). Ғылыми
танымның идеалы мен нормалары - ғылымға əр нақты-тарихи даму кезеңіне
лайық, нақты концептуалды, құндылық, методологиялық, жəне басқа
ұстанымдар бірлестігі. Олардың негізгі қызметі - ғылыми зерттеуді
56
ұйымдастыру мен бақылау, тиімді жолмен ақықат нəтижеге жету əдістер мен
түрлерге бағыттандыру. Ғылыми зерттеу өзінің басқа кезеңіне көшкенде
идеалы мен нормаларын өзгертеді (мысалы, классикалықтан классикалық
емеске көшу). Олардың қасиеттері танылатын пəндікпен, зерттелетін
объектілердің ерекшелігімен анықталады, ал олардың мазмұны нақты
əлеуметтік-мəдени аясында қалыптасады. Нақты ғылымның даму кезеңінде
ғылыми танымның идеалы мен норамалар тұтастығы «ойлау стилі» деген
ұғымды белгілейді. Ол ғылыми танымда реттеушілік функцияны атқарып, көп
қатпарлы, нұсқаулы жəне құндылық қасиеттерге ие болады. «Ғылымның
философиялық негіздері» деген ұғым нақты ғылымның философиялық идеялар
мен принциптерін, жəне танымдық қызметке жалпы бағытты береді.
Қалыптасқан білімді негіздеумен бірге ғылымның философиялық негіздері
эвристикалық (жаңа теорияны шығару) жəне методологиялық қызметтерді
атқарады.
Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен
қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты
дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Негізіне қарай бүкіл дүние
туралы дүниенің жалпы ғылыми бейнесімен (табиғат, қоғам мен таным туралы)
дүниенің табиғаттану бейнесі деген екі түрі бар. Соңғысы - таным пəніне қарай
- физикалық, химиялық, астрономиялық, биологиялық т.б. бөлінеді. Дүниенің
жалпы бейнесі түрінде анықтаушы ретінде ғылымның нақты даму кезеңінде
үстемділік алатын ерекше ғылыми білімнің дүние бейнесі болуы мүмкін.
Əр дүниенің ғылыми бейнесінің негізінде бір фундаменталды теория
жатады, тəжірибе мен танымның дамуына қарай бір бейне келесі бейнеге
ауысады. Мысалы, табиғаттану (ХVІІ ғ.) классикалық механиканың негізінде
қалыптасты, ал ықтималды теория (ХХ ғ.) келесі түрін ұсынды, қазір -
синергетиканың негізінде жаңа бейне қалыптасты.
Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде
эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста
болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Ғылым өзінің аспектілерінің біртұтастығында көп түрлі ғылымдармен
зерттеледі: ғылым тарихымен, ғылым логикасымен, когнитологиямен, ғылым
əлеуметтануымен,
ғылыми
шығармашылықтың
психологиясымен,
ғылымтанумен. ХХ ғ. ортасынан бастап осылардың бəрін толық, жүйелі, кешен
түрге біріктіріп, зерттеуге бағытталған жаңа ғылыми сала - ғылым
философиясы пайда болды. Қорыта айтқанда, ғылыми білім нақты заңдар
бойынша дамуға бағытталған қиын, көп бұтақтан тұратын, көп түрлі
процедуралардың жүйесі.
Ғылыми білімнің құрылысы: фактілер, ұғымдар, теориялар, заңдар,
əдістер, дүниенің ғылыми бейнесі, құндылықтар, негіздер т.б. Ғылыми білімнің
басқа күрделі құрылысы бойынша: мəселелер, мақсаттар, тəжірибе фактілер,
экспериментальді фактілер, зерттелетін объект туралы жалпы білімдер
жиынтығы, онтологиялық схемалар мен суреттер, модельдер, құралдар (тіл,
ұғым, категориялар), əдістер мен методикалар.
Ғылым философиясында дəстүрлі түрде таным мен білімді эмпириялық,