Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Философиялық білім жүйесіндегі құқық философиясы



бет52/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Философиялық білім жүйесіндегі құқық философиясы
Көптеген авторлар құқық философиясын анықтағанда, оны құкықтың
логикасын түсінетін ғылым ретінде ұғынады. «Құқық философиясы пəнін
құқық болмысының логикалық диалектикасын жəне таным теориясын зерттеу
түрінде сипаттауға болады» деген пікір бар. Оны əрі қарай, құқықты
философиялық зерделеудің негізін жалпылық диалектикалық заңдар мен
категориялар тұрғысынан қарастыруды дұрыс деп жалғастыруға болады.
Тағы бір ойшылдар осы қарастырылатын пəн «ең алдымен, шынайы
қоғамдық қатынастарды бейнелейтін ұғымдардың қалыптасуы мен дамуының
тарихы» дейді.
Көптеген ойшылдар өзінің еңбектерінде құқық философиясын зерттей
келе, оны адамдар өміріндегі, адам болмысындағы құқық туралы ғылым деп
сипаттайды. Сонда құқық философиясы құқықты дүниеге көзқарастық құбылыс
санатында ұғындырып, оның мағынасы мен мақсатын айқындайтын, адам


159
болмысы мəнін ұғындыратын жəне құндылықтар жүйесі ретінде қалыптасатын


ғылыми пəн ретінде қалыптастырады.
Дегенмен, құқық философиясын айқындағанда əдеттегі заңдық
материалға философиялық категорияларды, терминологияларды жəне тіпті
философиялық жүйелерді орынсыз қолдана салудан аулақ болу керек. Бұл
туралы Бенедикт (Барух) Спиноза «философиялық терминдерді əйтеуір
құқыққа қолдана беру оған жаңа мағына қоспайды, ол тек оны үстірт көбейте
береді», - дейді.
Бірақ диалектика, феноменология, экзистенциализм, герменевтика,
аксиология, жүйелер теориясын құқыққа «қосымшалау», оңтайлы тұрғыда
қарастырғанда құқықтық мəселелерді шешуде эвристикалық, танымдық
тұрғыда зəру құрал болып табылады.
Құқық философиясында құқық біртұтастыққа, анықталған əмбебаптық
бітімді бүтіндік түріндегі құқық, құқықтық əлем, құқық дүниесі, құқық мəні
мен осы мəннің өзін-өзі паш етуінде (құқықтық құбылыстар) зерттеледі.
Құқықты осылай біртұтастық қалыпта түсіну дегеніміз құқық мəнінің құқықтық
құбылыс түрінде өзін-өзі анықтауы, құқықтағы мəн мен құбылыстың өзінде,
құқық мəні жəне құқық құбылысы бола тұра ішкі мəнді құқық жəне сыртқы
құбылысты құқық ретінде ұғыну. Сөйтіп, жалпылай айтқанда, ғылым
тұрғысындағы құқық философиясының пəндік ауқымы (дербес өзіндік ғылыми
пəн) - мəн санатындағы құқық пен құбылыс санатындағы құқықтың
ажыратылуы, арақатынасы (сəйкес келуі немесе сəйкес келмеуі) жəне
ізденістегі бірлігі болып табылады.
Осы айтылғандардың бəрін қорыта келе, құқық философиясының пəндік
бітімін нақты формада былай тұжырымдауға болады: құқық философиясының
пəні дегеніміз құқық пен заңның ажыратылуы, арақатынасы жəне ізденістегі
бірлігі.
Сонда құқық деп мəн санатындағы құқық, яғни заң шығарушының
(мемлекет) ерігі немесе қалауына тəуелсіз болатын, тек құқыққа ғана тəн
ерекше əлеуметтік құбылыс жəне реттегіш түріндегі өз табиғатындағы,
объективтік құқықтық мəн, ал ресми биліктік құбылыс ретіндегі заң деп
құқықтың мəніне сəйкес келуі де мүмкін, келмеуі де мүмкін болатын
заңшығарушының (мемлекет) ерігі мен қалауына тəуелді, мəжбүрлік -
міндеттейтін ережелер, яғни позитивтік құқықты айтады. Құқық мəнін, құқық
философиясын либертарлық-юридикалық қағида бойынша анықтау дегеніміз -
адамдардың əлеуметтік өміріндегі еркіндік пен əділеттіктің жалпылық жəне
теңдік өлшемі ретіндегі формалды теңдікті ұғыну.
Құқық мəнін осылай түсіну құқық философиясының пəнін анықтауға
мынадай негіз береді: құқық философиясының пəні - формалды теңдік жəне
оның формаларының көрінісі. Əлеуметтік саладағы (соның ішінде құқықтық)
барлық теңдік - формалды теңдік болғандықтан, келтірілген анықтаманы
қысқаша былай тұжырымдауға болады: құқық философиясының пəні - теңдік
принципі жəне оның көрінісі.
Формалды теңдіктің эмпирикалық шындықтағы сыртқы көрінісі мен
практикалық жүзеге асуы - бірыңғай құқықтық мəнділіктің, бірде-бір оңтайлы


160
құқықтық бастамалардың, формалды тендіктің жалпы құқықтық принципінің


сыртқы көрінісі мен нақтылануының əртүрлі формасын ғана білдіретін
нормативті-реттегіш, институционалды-биліктік жəне тəртіптік сипаттағы
шынайы құқықтық құбылыстардың бейнесі болып табылады. Сөйтіп, құқықтық
құбылыстарға формалдық теңдік принципіне сəйкес келетін жəне осы
принциптің талаптарының жүзеге асуы мен сыртқы көрінісінің формасы болып
табылатын барлық шынайы (ресми орныққан заң, дəйекті нақты мемлекет,
əлеуметтік өмірдегі əртүрлі субъекттердің тəртіптік актілері мен олардың
арақатынасы жəне т.б.) құбылыстар жатады.
Құқық философиясы пəніне өзге құқықтық құбылыстармен бірге ерекше
құқықтық құбылыс ретінде мемлекет те кіреді, дəлірек айтсақ, ол жалпылық
жəне бірыңғай құқықтық мəнділіктің көрінісі мен əрекеті тұрғысындағы
институционалды билікті білдіретін форма.
Кез келген құқық философиясы құқықты философиялық зерделеу мен
негіздеу ғана емес, сонымен бірге барлық теориялық жəне практикалық
көріністеріндегі антиқұқықты философиялық əшкерелеу, яғни сынау жəне
терістеу, яғни антиқұқықтық заң, антиқұқықтық билік, антиқұқықтық
қатынастар формасы түрінде көрсету.
Барлық құқық философиясы үшін (оның қағидалары, бағыттары,
ағымдары жəне нұсқалары үшін) пəн құрайтын мағынаға ие болатын жалпы
момент, құқықты мəн тұрғысында жəне құбылыс тұрғысында біртұтас түсіну
болып табылады, яғни құқықтағы объективтік сипатқа ие ерекше құқықтық мəн
(заң шығарушының ерігіне, жалпы субъективтік себептерге тəуелсіз құқық
мəні) мен субъективтік себептерге тəуелді (заң шығарушының ерігі мен
пікіріне, ресми биліктің қарары мен қалауына жəне т.б.) құқықтық
құбылыстардың теориялық ажыратылуы.
Объективтік құқықтық мəн (мəн тұрғысындағы құқық) мен субъективтік
құқықтық құбылыстың (құбылыс тұрғысындағы құқық) осындай теориялық
ажыратылуы құқық философиясының барлық қағидаларына тəн. Жалпылық
түрде алғандағы осы теориялық ажыратылу құқық (ерекше мəн тұрғысындағы
құқық) пен заңның (ерекше құбылыс тұрғысындағы, ресми-биліктік орнығу
тұрғысындағы) ажыратылуы мен олардың арақатынасы (сəйкестігі немесе
сəйкессіздігі) болып табылады. Құқық пен заңның осылай ажыратылуы мен
арақатынасының
неғұрлым
нақты
мағынасы
құқық
философиясы
қағидаларының ерекшеліктеріне сай құқықты дəл солай нақтылы түсінуге,
ұғынуға байланысты, тəуелді.
Мəселен, құқық философиясының табиғи құқықтық қағидаларында құқық
философиясының пəндік ауқымы табиғи құқық пен позитивтік құқықтың («ius
positivium» - «позитивтік құқық» термині римдік юриспруденцияда пайда
болып, ортағасырлық юриспруденцияда орнықты) ажыратылуымен жəне
арақатынасымен анықталады. Ал юснатурализмді (лат. ius naturale - табиғи
құқық) жақтаушылар үшін табиғи құқық - бірде-бір шынайы құқық, өз
мəніндегі нағыз құқық, ал мемлекет бекіткен жəне əрекеттегі ресми құқық (яғни
позитивтік құқық) - болымсыз, бейтабиғи, кездейсоқ, жасанды құқық.
Сондықтан, юснатуралистердің ұғынуынша құқық философиясы шын мəнінде


161
табиғи құқық философиясы болып табылады.


Легизм (лат. lех - заң) өкілдері мүлде қарама-қарсы көзқарасты ұстайды.
Олар өздерінің позитивтік жəне неопозитивтік құқық туралы ілімдерінде табиғи
құқықты терістеу былай тұрсын, тіпті заң шығарушы, ресми биліктің ерігіне
тəуелсіз құқықтың объективтік мəні болуын мойындамайды. Легистер үшін
құқық - заң (позитивтік құқық), өзінің ресми-биліктік, мəжбүрлеу - міндеттік
сипатындағы нағыз құқық. Сондықтан легизм үшін құқықтың заңмен
ажыратылуы жəне арақатынасының мəні туралы кез келген теориялық ілім,
құқық философиясы - болымсыз (бейпозитивтік) нысан туралы метафизикалық
ілім. Кейбір легизм (позитивизм жəне неопозитивизм) өкілдері легизм мен
позитивистік заңнаманы философиялық зерделейтін позитивтік құқық
философиясын ғана əзер мойындайды. Құқықтық түсінуде жəне құқық
философиясына қатысты алғанда легизм мен юснатурализм ымырасыз, бір-
біріне қайшылықты бағыттар. Құқықтық түсінудегі осы сыңаржақтылық
либертарлық-юридикалық құқық түсінуде өзінің шешімін табады.
Əдетте, құқықтық тақырып, оның пəні позитивтік (оң) құқық деп
аталатын барлық юридикалық (заңи) ғылымдарда қарастырылады. Сонда
дəстүрлі юридикалық пəндер (мемлекет пен құқық теориясынан салалық
ғылымдарға дейін) үшін позитивтік құқықтың ресми-биліктік болмысы ең
жоғарғы тұғырда көрінеді. Əрекеттегі, қолданылудағы құқықтың ресми-
биліктік тұжырнамалары жəне оларды юриспруденция (құкықтану) əдістері
жəне құралдарымен (нормативтік материалды юридикалық-аналитикалык
талдау, оған түсінік беру, жүйеге түсіру жəне топтастыру, заңнамалар мен
құқықты қолдану мəселелерін қарастыру жəне т.б.) зерттеудің қажеттілігі мен
маңыздылығы баршаға айқын, əрі қашаннан да мəлім. Бұлар практикалық жəне
ғылыми маңызға ие.
Позитивтік кұқықты (оны дəстүр бойынша «юридикалық догматика» деп
те атайды) юридикалық аналитикалық тұрғыдан қарастырудан өзге, құқық
философиясы пəніне кіретін жалпы теориялық, философиялық көптеген
мəселелерде жеткілікті.
Позитивтік құқықтың негізгі арқауы ресми-биліктік бедел екенін тек
юридикалық догматика ғана емес, сонымен бірге құқық философиясы да
келіседі. Бірақ қарапайым, əдеттегі сана деңгейінде заң шығарушылардың
беделі бір басқа, ал адам өмірінің түпкілікті жақтарын, оның құқығы мен
міндеттерін реттейтін заңдардың парасаттылығы, дұрыстығы, əділеттілігі бір
басқа.
Адамның өмір сүру əдісі, болмысы, осы болмысты ұғыну, өзінің
дүниедегі жəне өзге дүниенің өзіндегі мəнін түсіну болып табылады. Адамның
құқықтық дүниемен қатынасы да осы негізге сүйенген. Ол қарапайым,
теориялық, философиялық көзқарас тұрғысында барлық құқықтық, соның
ішінде позитивтік құқықтың ресми-биліктік анықтауларын, болмысын
қарастырады, оған күмəнданады, тексереді, оның тұжырымдарын сарапқа
салады.
Жалпы парасаттың, ақыл-ойдың мақсаты - ақиқатқа жету, ал құқық
философиясының мақсаты - құқық туралы ақиқатты іздеу, оны зерделеу.


162
Позитивтік құқық көзқарасы тұрғысынан қарағанда, барлық құқық


жөніндегі шындық позитивтік құқықта берілген, яғни əрекеттегі құқықтың
барлық билікті мойындайтын көздері (заңдар, заңға сəйкес актілер,
санкцияланған əдеттегі құқық, соттық прецеденттер, т.б.), заңдық күшке ие
ресми анықтаулары, жалпы айтқанда, барлығы заңға негізделген заң болып
табылады.
Құқықты осылай ұғыну, құқықты жалпы, позитивтік құқыққа теңейтін,
құқық пен заңды барабар, бір деп қарастыру юридикалық догматикаға,
юридикалық позитивизмнің əртүрлі варианттарына жəне легизмге (лат. lех -
заң) тəн. Мұнда, демек, құқық жөніндегі шындық заң шығарушының ерігіне,
позитивтік құқықтың ресми-биліктік анықтаушысының пікірі мен бағытына
тəуелді. Əлбетте, мұндай бағыт бедел мен биліктік пікірді терістейтін, құқықты
ақиқатты, теориялық, философиялық зерделейтін парасаттық ойдың табиғаты
мен талабына сай емес.
Позитивтік құқық туралы ойлағанда, позитивтік құқық пен позитивтік
түсініктің шеңберіне сыймайтын көптеген сұрақтар мен мəселелер туындайды.
Құқықты позитивтендіру дегеніміз не? Заң, құқық, заң шығарушының
ерігіне тікелей байланысты ма? Құқық дегеніміз не, оның табиғаты, мəні неге
байланысты? Құқық пен өзге əлеуметтік нормалардың ара салмағы неде?
Əдептілік, моральдық немесе діни нормалар емес, атап айтқанда құқық
нормалары мəжбүрлеу мүмкіндігіне неліктен ие? Құқық əділетті ме, оның
құндылығы неде? Құқықтың үстемдігі, оның алғышарты, құқықтық заңға келу
жолдары қандай?
Осы сұрақтардың негізгі мəні теориялық тұжырымдалған түрде құқық
пен заңның ажыратылуы мен байланысы, арақатынасы мəселесі түрінде болып
келіп, кез келген бірізділікті құқықтық теорияның арқауы жəне құқық
философиясының пəндік құрылымын анықтайды. Бұрынғы жəне қазіргі құқық
туралы философиялық ілімдер құқық пен заңды ажырату нұсқауларын өзінде
сақтап, философиялық-құқықтық көзқарастың бағытын айқындайды.
Құқық философиясы пəніне адамдардың қоғамдық өмірінің іргелі
институты - мемлекетті дəстүрлі философиялық зерттеу мəселесі, мемлекет
болмысын философиялық зерттеу мəселесі, мемлекет философиясы тақырыбы
да кіреді.
Сөйтіп, құқық философиясының пəні деп құқықтың заңнан ажыратылуы
мен қатынасын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет