Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылыми қоғамдардың тарихи типтері



бет34/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Ғылыми қоғамдардың тарихи типтері:
ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттар
Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды əлеуметтік-мəдени
феномен ретінде қарастырады. Ғылым - ол білімді өңдеу, жаңа ғалымдарды
даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-əрекет. Өзінің іс-əрекетінің
əлеуметтік табиғаты бойынша ғылым əлеуметтік институт ретінде
қалыптасады.
Əлеуметтік институт - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың
əлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын əлеуметтік байланыс пен нормалар, əдет
пен дəстүрлердің тұрақты жүйесі. Əлеуметтік институттар іс-əрекеттің негізгі
аумақтарын ретке келтіреді.
Əлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, ұжымдық таным процесті
меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б. іс-
əрекетпен айналысатын ғалым топтарынан тұрады.


111
Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы.


Ғылымның институционалды дамуы - дегеніміз жаңа білімді өндіру,
тарату жəне қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың ұжымдық іс-
əрекеті жəне ғалымдардың жас ұрпақтарын даярлау. Ғылыми іс-əрекеттің
институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми
мектептерден бастама алды (пифагоршылдықтар, Платон, Аристотель
мектептері т.б.). Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, зиялы адамдар
білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған.
Əртүрлі пікірлер сынау пікір таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды
оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі
қалыптасты (математика, физика, биология, əлеуметтану, психология т.б.). Осы
ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пəн деңгейіне айналды,
олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мəтін саны көбейіп,
ғылыми кезек дайындалып тұрды.
Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер
жəне шіркеудегі мектептер болған. Олардың ішінде пұтқа табынушылықты
жою жəне христиан құңдылықтарды насихаттау мақсаттары қойылған. Бірақ
ғылым туралы айтуға əлі болмайды, көп монастырлық мектептер мен
скрипторийлерде кітаптарды көшірумен айналысқан жəне сол жерде
кітапханалар орналасқан. Оларда да оқу процесінде жеткізілетін ғылымның
пəндік құрылымы қалыптасқан. Ол «жеті еркін өнерлер» - тривиум жəне
квадривиум. Тривиум грамматика, логика мен диалектикадан тұрады; квадриум
- арифметика, геометрия, астрономия жəне музыкадан тұрады. Орта ғасыр
мəдениетінің өркендеу кезінде, ХІІ-ХІІІ ғғ. екі қызметін - жоғары білім беру
жəне ғылыми жұмысты қамсыздандыру - университеттер атқарған.
Университеттер еуропалық астаналардың барлығында ашылды жəне үлкен
қалалардың көбісінде (1500 ж. олардың саны 80 жетті). Еуропада
университеттік орталар ұлттан жоғары интеллектуалдардың корпорациясын
құрды, осыған білімге қатысты адамдардың интерұлттық тілдің бірі - латын тілі
ықпал етті. Сонымен орта ғасыр университеті ілім өкілінің ұжымына айналды,
бірақ əлі қазіргі ғалым деген атқа жеткіліксіз болды, себебі, олар жаңа білімді
ашпаған, тек абыз, заңгер жəне дəрігер мамандары бойынша жастарға
сақталған, реттелген білімді жеткізу.
Жаңа еуропалық ғылымның дамуы жəне оның келесіде үзілмей
қалыптасуы Галилейдің уақытынан бастап үш ғасырлық ғылымның сандық
параметрлерінің экспоненциалдық өсу мəселесін қояды. Ол түсініктемені
білімнің имманенттік даму бейнесінің шеңберінде табамыз. Ғылымның
əлеуметтік өлшемінде ескеру қажет, ғылымның дамуы институционалды
түрлерінің эволюциясына арқа сүйеген, сол арқылы ғылыми ұжымның қаржы
жəне қоғамдық ресурстарға (мүмкіндіктеріне) жол ашылды.
Осы эволюцияда ғылым институтының дамуында келесі кезеңдерді
шығаруға болады: қызығушылық ғылым, академиялық ғылым, университеттік
ғылым жəне өнеркəсіп, мемлекеттік бағдарламалармен, əскери зерттеулермен
байланысты ғылымдар. Ғылымның жаңа типі ХVІ ғ. аяғында - ХVІІ ғ. басында
еуропалық қоғамның əлеуметтік институттарынан тыс аймағында пайда болды.


112
Не мемлекет, не шіркеу, не университеттік орта схоластиканың канондарын


сақтап ғылыми зерттеулерге қолдау жасамаған. Осы кезеңде ғылыми іс-əрекет
дəулеті жоғары немесе басқа əлеуметтік аумақтарда адамдардың қызығушылық
жұмысына айналды. Формальды емес ғалымдар тобы үлкен мырзалардан
немесе магнаттардан патронаж түрі типикалық болған. Осындай кішкентай
интеллектуалдар ұжымы Қайта Өрлеу кезеңінен айқын, антика философиялық
мектептері соған қарап өздерін «академия» деп атаған.
Қазіргі мағынаға сай алғашқы академиялық ғылымның институттары -
Лондон корольдік қоғамы (1660 ж.), Париж ғылым академиясы (1666 ж.) -
эксперименталды ғылымдардың өсуі мен ғылымның əлеуметтік мəртебесі өсу
нəтижесінде өзін меңгеретін ғылыми қоғамға айналды. Академия мемлекеттен
көмек алды, ал өкілдері əртүрлі əлеуметтік артықшылықтар. ХVІІ - ХVІІІ ғғ.
академиялары ұлттық ғылыми қоғамдардың қалыптасуына ықпал жасаған,
себебі, олар ғылыми журналдарын ашып, өз шығармаларын ұлттық тілінде
басып шығарған. Академиялықпен бірге орта тап айналысатын қызығушылық
ғылым сақталды («бюргерлік» деп аталған).
Осы институттармен негізделген білім массиві ХІХ ғ. басында қайшы
мəселелерге əкелді. Зерттеуге қажетті білім көлемін меңгеру үшін ұзақ кəсіптік
дайындық қажет болған. Ғалым əрекет күшін беруге мəжбүр, сол жағдайда ол
жəй қызығушылық болмай, қаржыландыру қажет етеді. Кəсіптікке қажеттілік,
ғалым зерттеудің тар аймағына назарын толық беруге жəне қымбат, қиын
эксперименталдық техникаға сұраныс жасайды. Осы мəселелердің шешімі
ғылымның институционалдық революциясына əкеліп, нəтижесінде ғылыми
ұжым қоғамның институционалдық құрылымында жаңа орын алды, олар
ғалымдарға кəсіптік ғылыми іс-əрекетке негіз болатын шарттар мен əдістер
ұсынды, олардың экономикалық тұрғыдан əлі өнімі аз болған. Сондай институт
университеттің жаңа типін жəне негізгі қағидаларын қалыптастырды -
академиялық бостандық жəне зерттеу мен білім беру бірлестігін.
Университеттің жаңа типі орта ғасыр университеттік корпорациясына айналды
жəне ағартушылық кезеңінің университеті мемлекеттік қажет бойынша
мамандар мен шенеуніктерді дайындаған. Осы институт нақты түрде 1808 ж.
Берлин университетінде жүзеге асырылды. Вильгельм фон Гумбольдттың
университет моделі кейбір модификациясымен Еуропа жəне АҚШ
мемлекеттерінде таратылған, оларда ғылыми зерттеу мен лабораториялар
меңгеруі біріккен.
ХІХ ғ. аяғында университеттік ғылыммен бірге өнеркəсіптік ғылым
дамыған, оған дейін индустриалды қажетті технологиялар ғалымнан алшақ
адамдардың іс-əрекетінде үстемді болған. Ал ғасырдың аяғында электр,
химиялық, басқа құбылыстарды қарапайым ой арқылы түсіну жеткіліксіз
болған соң, индустрияның алғы қатарында жұмыс атқаратын үлкен
компаниялар өз іс-əрекетіне ғалымдарды шақырып, зерттеу лабораториялар
ашқан. Осы бағытта Германия мен АҚШ мемлекеті озған. Мысалы,
американдық өнеркəсіпте 1899 ж. 139 зерттеу лабораториясы ашылған, ал 1918
ж. 500-ден астам. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалармен жəне əскери
зерттеулермен байланысты ғылымның дамуы алға басты, мысалы, екінші əлем


113
соғысынан кейін бейбітшілік жəне əскери ядролық бағдарламалар, ғарышты


зерттеу
бағдарламалары
т.б. қабылданған. Сонымен, ғылымның
институционалдық трансформациясы қазіргі білім қоғамындағы «үлкен
ғылымды» қалыптастырып, оның өсуіне əкелді.
Қазіргі ғылым пəнаралық деңгейде дамиды. Көп пəндер педагогикалық
жəне институционалдық негізбен қалыптасқан, мысалы, оқытушы ұжымы,
бағалау жəне оған корпорациялар себеп болған. Қазіргі тірі жəне жемісті
зерттеулер пəнаралық - генетикада, география мен əлеуметтану жəне
психологияда. Мысалы, əлеуметтануда экономикалық əлеуметтану, əлеуметтік
психология, саяси əлеуметтану, этносоциология, əлеуметтік антропология т.б.
қалыптасқан. Сөйтіп, зерттеулер мəселе емес, пəндік айырмашылық арқылы
жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет