Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



бет67/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Философия - қөзқарастың тарихи түрі, адамзат мəдениетінде басқа
көзқарас түрлерімен бірге дамиды (қарапайым, дін, аңыз, өнер жəне жартылай
ғылым). Көзқарастың негізгі мəселесі - адамның қоршаған ортаға қатынасы
болып табылады (табиғатқа, қоғамға, басқа адамдар мен өзіне). Осы
қатынастардың негізінде жеке адам мен əлеуметтік қоғамда қалыптасқан
құндылық жүйесі жатыр (игілік пен зұлымдылық, ақиқат пен жалған,
үйлесімдік пен үйлесімсіздік, борыш пен іс-шексіздігі, махаббат пен кек алу,
үміт пен үмітсіздік, пайда мен зияндылық, белсенділік пен қабілетсіздік т.б.).
Осы дүниеге көзқарастардың барлық түрлері (қарапайым түрінен басқа) өзгеше
қасиеттерге ие, яғни мəселелерді шешуде өзге тіл мен əдістерді қолданады.
Философияға келсек оның теориялық қасиетін айтып кетуге болады. Əртүрлі
дүниеге көзқарас мəселелердің шешімінде (онтологиялық, гносеологиялық,
этикалық, эстетикалық, экзистенциалдық, праксеологиялық т.б.) ол ақылға,
анықтамалық ойлауға, дəлелге арқа сүйейді. Осы оның басымдылығы да
кемшілігі де деп айтуға болады. Себебі, əртүрлі құндылыққа қатысты
мəселелердің шешімі логика заңдылығына бағынбайды. Философия өзінің
жалпылыққа жақын табиғатымен бүкіл эмпириялық материалдардың жəй
жиынтығы емес, керісінше соларды рационалдық тұрғыдан сызбамен көрсетеді,
талдау, салыстыру арқылы жүйелендіреді. Осы қасиетінің жақсы ұтымды жағы
бар: 1. адамзат ұжымы көптүрлі жəне қайшылығы мол болған соң, оларға ортақ
рационалды түсінік мүмкін емес; 2. нақты тарихқа қарағанда философияның
алуан түрлілігі адамзатты болашақта күтіп тұрған əртүрлі мəселелердің
шешімін кесте немесе басқа рационалды түрмен көрсете алады.
Ғылым – əртүрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен
қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нəтижелерге бағытталған
өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі:
пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне
теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым
өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның
дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
Философия мен ғылымның қатынасы туралы трансценденталдық
концепция - тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға
дейін ұзақ эволюциядан өткен, ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін мəдениетте
үстемді орын алған, философияның (метафизика, натурфилософия) нақты
ғылымдарға
қарағанда
гносеологиялық
пен
əлеуметтік-гуманитарлық
үстемділігін дəлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы
келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия - ғылымның ғылымы»,
«Философия - ғылымдардың патшасы». Тəжірибе тұрғысында нақты
ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру,
түбінде ХІХ ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға əкелді. Осы
концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель,


185
Шеллинг, диалектикалық материализмнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі


кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары
деңгейі мен жалпы мəдени қажеттілігін қолдайды (Тейяр де Шарден т.б.).
Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция -
ХІХ ғ. 30-шы ж. (О. Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль) шыққан, келесі де
философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты-
ғылыми танымды дəстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды.
Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану
теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім
вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми əдістермен
зерттеу үшін философияға ғылыми əдістерді қолдану қажет (бақылауды,
жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дəлелдемесін). «Ғылым өзі
үшін философия» (О. Конт), «Физика метафизикадан байқа!» (И. Ньютон) -
позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми
философияны құрастыру мақсаты - дүниенің ғылыми бейнесі (Г. Спенсер),
ғылым методологиясы (Дж. Ст. Милль), ғылыми қызметтің психологиясы
(Э. Мах), ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы - М. Шлик,
Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория - К. Поппер жəне
ғылымның лингвистикалық талдауы сəтсіздікке əкелді. Ғылым принципиалды
түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның
санасының қызметінің тұтастығымен жəне оның барлық когнитивтік
құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді.
Философия
мен
ғылымның
қатынасы
туралы
диалектикалық
тұжырымдама - философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім,
сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мəнінде бір-бірімен
байланысты жəне де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын
қолданады. Оның дəлелі - олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде
дəлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық
негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық
аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара
ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау,
жалпы мəдени рөл атқарады. Себебі, ғылым мəдениеттің органикалық бөлігі,
философия
арқылы
мəдениет
өзін
тұтас
жəне
өзінің
негізін
рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дəлелдейтін «кентавр» сияқты
білім аймағы - «ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес
қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант,
Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет