Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



бет65/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Ежелгі Шыгыс білімі - бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені
индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда кəсіби түрде ұрпақтан-ұрпаққа
жалғаса берген білім. Білімнің дамуы стихиялық түрде өткен; таным
нəтижелеріне ешқандай сынау-рефлексиялық қызмет өткізілмей, оны сынаудан
айналдырмай, дəлелсіз догматикалық негізбен қабылдаған; білім дайын түрде
жарияланған қызмет рецепті түрінде қалыптасқан, оған практикалық-
технологиялық, утилитарлық қасиеттері себеп. Ежелгі Шығыста қалыптасқан
таным іс-əрекетінің тарихи типі интеллекттің ғылымға дейінгі кезеңіне сай
жəне əлі де ғылыми деп аталмайды.
Классикалық ғылым - өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқан
тарихи-мəдени кеңістіктегі үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми
интеллекттің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде
теорияландырудың (мəселені қою тəсілдері, зерттеу тəсілдері, пəндік
аймақтарын сипаттау, нəтижелерді дəлелдеу түрлері, нəтижелерді ұсыну,
мазмұндау, бекіту түрлері) типтік ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы
болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдылық, абсолютизм, қияли
реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм,
аналитизм, механицизм, кумулятивизм.


183
Бейклассикалық (классикалық емес) ғылым - классикалық емес кезеңнің


идеялық негіздері - ХХ ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар:
жаңашылдық, ревизия, дəстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан
ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм,
рəмізділік, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада
канонға сəйкес емес белгілерге толы дəстүрлі емес интеллектуалды келешек
қалыптасты. Соның
ішінде: полифундаментализм, интегратизм,
бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет