Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



бет79/87
Дата02.12.2023
өлшемі1,15 Mb.
#131426
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87
Байланысты:
Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы-emirsaba.org

Катастрофа теориясы - қолданбалы математиканың бөлігі, бифуркация
теориясының бұтағы, динамикалық жүйелерді зерттеу құралы, геометрияда
сингуларлық жалпы теорияның ерекше бөлігі. Осы теорияның негізін қалаған
американдық тополог Хасслер Уитни (1955), ал 1958 ж. француз математигі
Рене Том. Олардың теориялары Кристофер Зиманның шығармалары арқылы


198
танылды.


Фрактал (лат. жарма, ұнтақталған) - өзіне ұқсайтын қасиеті бар, яғни, əр
бөлігі өзінің толық фигурасына ұқсас геометириялық фигураны мазмұндайды.
Кең мағынада фрактал деп Евклид кеңістігіндегі ұнтақталған метрлік бір
қалыптық (мысалы, Минковскийдікі немесе Хаусдерфтікі) немесе қатал
топологикалықтан кең метрлік бір қалыптық көп түрлі нүктелерді айтады.
Бифуркация (лат. «екіге бөлінген»), кең мағынасында объектілердің əр-
түрлі
сапалық
тұрғыдан
құрылым
өзгерістері
мен
метаморфоза
параметрларының өзгеруін мазмұндайды.
1. Өзен бифуркациясы - өзенің арнасы мен ангары екі бұтаққа бөлінуі.
2. Медицинадағы бифуркация - құбырлы мүшенің (түтікше немесе
кеңірдек) екі ұқсас бұрыш бойынша екі бұтаққа бөлінуін айтады.
3. Механикалық бифуркация - динамикалық жүйенің қозғалысында
параметрларының кішкентай өзгерісіне қарамай жаңа сапаға өтуді айтады.
4. Білім бифуркациясы - жоғары оқу орында жоғары сыныпты екі бөлімге
бөлуді айтады.
5. Уақыт-кеңістік бифуркациясы - ғылыми фантастикада уақытты əр
қайсысында қатарлас түрде сол жағдайлар болып жатқан (қайталанатын) бір-
неше ағымға бөлу. Қатарлас уақыт пен кеңістікте өмір өзгеше болу мүмкін.
6. Бифуркация нүктесі - жүйенің тұрақты жұмыс уақытының ауысуы.
Синергетика мен теңсіз өлшем термодинамикадан алынған термин.
7. Аттрактор (ағыл. қатыстыру, тарту) деп - динамикалық жүйенің
фазалық кеңістігінде жүйенің траекториясы ұмтылған көп нүктелерді атайды.
Траектория аттракторға қарай жақын өтсе, келесіде сол аймақтан шықпай оған
жақындай
береді, яғни, аттракторда
тартылу
эффекті
байқалады
(аттракторлардың бəріне тəрізді емес). Нүкте аттрактордың ең қарапайым түрі.
Аттрактор болып қисық жəне тегіс көп түрлердің астары болуы мүмкін;
сонымен қатар фракталды көптер. Аттракторлар тұрақты жəне тұрақсыз деп
бөлінеді. Тұрақты деп:
- өзгеше (асимптотикалық тұрақты) нүктелер;
- тұрақты (орбиталды асимптотикалық) шекті циклдер (айналма);
- тұрақты инвариантты торлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет