199
Осы теорияның пионерлары: француз физигі, математик Анри Пуанкаре;
совет үкіметінің математиктері А.Н. Колмогоров, В.И. Арнольц, Мозер
(басқаша Колмогоров, Арнольд, Мозер – КАМ) хаос теориясын құрастырған.
Эвристика (грек. «іздеймін», «ашамын») - жаңа тұжырымдамаларды,
идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін əдістерді қолдану,
қосымша оқыту процестердің тəсілдері туралы шығармашылық іс-əрекетті
зерттейтін ғылым. Эвристикалық əдістердің (эвристиканың басқа атауы)
шешімдерді жылдамдатуға ықпал жасайтын өзгешелігі бар. Сол
жағдайда,
эвристика деп, мақсаттарды шешу əдістерінің жиынтығын атайды; немесе
Сократикалық майевтикадан бастама алатын оқыту тəсілін атайды.
«Эвристика» сөзі грек тілінен «іздеймін», «табамын». Ежелгі
аңыз бойынша,
«Эврика!» («Таптым!») деген сөзді ежелгі грек математигі жəне механик
Архимед (б.д.д. 287-212) гидростатика заңын ашқанда айтқан. Осы
сөзден
антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.
Демаркация мəселесі - Поппердің философиялық концепциясында бұл
мəселе қосымша негізгі ұғымы болып саналады. Философияның
мақсаты
ғылыми білімді ғылыми еместен ажырату. Ажырату əдісіне Поппердің
пікірінше, фальсификация əдісі жатады.
Достарыңызбен бөлісу: