Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет115/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122
Пəндік матрица - парадигма ұғымына тең ұғым.
Қалыпты ғылым - бір кезеңде  парадигманың  басымдылығын білдіретін
ұғым. Осы  кезеңнің  соңы «аномалийлердің» (сол  шеңберде  шешілмейтін
мəселелер) қысылымымен парадигма ішінен «жарылғанда» болады. Бір-бірінен
жүлдені  тартып  алу, басқаша  дағдарыс, революциялық  кезең  басталады.
Біреуінің жеңісімен дағдарыс шешіледі, сөйтіп, «нормалы» кезеңін бастамасын
білдіреді, келесіде, осы процесс қайталанады.
Басты 
қатыру 
жаттығулары - бұл 
ұғым 
Т. Кунның
тұжырымдамасында «нормалы  ғылым» кезеңіне  сипаттау  береді, яғни  нақты
парадигманың  шеңберінде  сондай  жаттығуларды  шешу  арқылы  ғылыми
білімнің баяу кумуляциялық дамуы өтеді.
Парадигмалардың  сəйкессіздігі - бір-бірін  ауыстыратын  теориялардың
арасында  қандай  болса  қатынас  мүмкін  емес  деген. Бұл  тезис  парадигмадан
тəуелсіз  фактілердің  болуы  мүмкін  еместігін  бекітеді, яғни, бақылаудың
теориялық  орташа  тілі  жоқ. Керісінше, ғалымдар  парадигманың  мазмұнын
меңгерген  соң, оның  призмасынан  өтіп «дүниені  көруге» үйренеді. Теорияны
фактілер  бағаламайды, теория  мағыналы  тəжірибеге  кіретін  фактілерді
анықтайды. Осымен  Кунның  ғылым  эволюциясында  бірізгіліктік  жоққа
келтіріледі: алғашқы  парадигмамен  жиналған  білім  оның  құлдырауымен
лақтырып тасталады, ал ғылыми қоғамдар бір-бірін ығыстырады.
Пол  Фейерабендтің «эпистемологиялық  анархизмына» келесі  ұғымдар
қатысты: теорияның  пролиферация  принципі, ғылым  методологиясындағы
плюрализм, ғылым методологиясындағы анархизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет