Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Синергетиканың философиялық мəселелері



Pdf көрінісі
бет35/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Синергетиканың философиялық мəселелері
Дүниенің  постнеоклассикалық  бейнесі - ағаш  сияқты  бұтақты  графика -
И. Пригожиннің  бельгия  мектебінің  ғылыми  нəтижесімен  байланысты.
Келешек  өзінің  басынан  бастап, қазіргі  уақытта  да  бізге  анық  емес. Даму  бір
немесе  бірнеше  бағытта  болуы  мүмкін. Жүйе  құрылымының  өзгеруіне  жəне
меңгерудің  жаңа  түрі  пайда  болу  үшін  тек  бір  энергетикалық «шаншу»
жарайды. Қазіргі  дүниенің  постнеоклассикалық  бейнесінде  қоғамдық


80
құрылымдардың талдауында ашық сызықсыз жүйелерді зерттеуге шарт, оларда
алғашқы  шарттар  үстемді: индивидтердің, локалдық  өзгерістер  мен
кездейсоқтық  факторлар. Жəне  постнеоклассикада  құндылық-мақсатты
құрылымдар жаңа императивке айналады.
Постнеоклассиканың  мықты  методологиялық  тезисі - бір  траекториядан
екіншіге ауысу, жүйелік естен айырылу. Көпөлшемдік байланыс моделінде, екі
емес  одан  көп  жақтар  қатысатын, турбуленттік  кеңістік  пайда  болады. Онда
бағытталған  векторлардың  күштік  сызықтары  басқалардың  ұмтылыстарымен
кездеседі, үшіншінің  əсерімен  өзгереді, жалпы  ортақ  байланыста  қалыптасқан
алғашқы  мен  келешектен  қазіргінің  тəуелділігі  даму  логикасын  бұзады.
Осындай жағдай туралы былай дейді: «Жүйелік ес жоғалды».
Келесі  тағы  маңызды  ереже - когеренттік  қағиданың  бұзылуы  жəне
локалды, екінші  дəрежелі  себептерге  көлемі  мен  энергетикалық  өлшемі
бойынша  жаһандық  салдар  қатысты. Осы  жағдай  болашақты  анықсыз  жəне
жаңалықтар  үшін  ашық  қалады. Осындай  жүйелердің  эволюция  келешегінде
көп  түрлі  комбинациялар  мүмкін, ал  дағдарыс  нүктелерінде  бұтақтау  эффект
болады. Осындай  əдеттерді  сипаттау  үшін  ағаш  сияқты  бұтақталған  графика
лайық. Осы  жағдай  қазіргі  дүниенің  постнеоклассикалық  бейнесінен  бір
сызықтыққа бағытталу мен тоталдық жарияланудан, яғни, айқындалмағандығы
болмыстың атрибутивтік қасиеті деп онтологиялық мəртебеге ие болады.
Постнеоклассикалық 
методологияның 
қалыптасқан 
ұғымдары:
бифуркация, флуктуация, диссипация, оғаш (əпенді) аттракторлар, сызықтық
емес. Олар  категориалдық  мəртебеге  ие  болып, келесі  жүйелердің  əдептерін
түсіндіреді (организмикалыққа дейін, организмикалық, əлеуметтік, іс-əрекеттік,
этникалық, рухани т.б.).
Теңдік жағдайда бифуркациялық механизмдер жұмыс жасайды. Олар екі
ұштасқан  нүктелерді  жəне  жалғыз  емес  даму  бағытын  көрсетеді. Осы
əрекеттердің  нəтижелерін  анықтау  қиын. И. Пригожиннің  пікірінше,
бифуркациялық процестер жүйенің қиындау жағын айқындайды; Н. Моисеевтің
пікірінше, əлеуметтік  жүйенің  жағдайы  бифуркациялық  болады. Флуктуация
жалпы  оқиғада  күйіну  жəне  екі  үлкен  класқа  бөлінеді: сыртқы  ортамен
қалыптасатын флуктуация тобы; жүйенің өзімен қалыптасқан флуктация тобы.
Бір жағдайда флуктуация жүйенің бəрін жаулап алып, оның өмір сүру тəртібін
өзгертеді. Олар  жүйені «реттілік  типінен» шығарып, ретсіздікке  немесе
реттіліктің басқа деңгейіне əкеледі.
Күйіну  жайылатын  жүйелер  диссипативтік  деп  аталады. Мəнінде,
жүйенің  флуктуацияға  қатысты  əдептерінің  сипаты, ол  оны  толық  жаулап
алады. Диссипативтік  жүйенің  негізгі  қасиеті – əр  түрлі  ықпалдарға  керемет
сезімділік  осы  жағдаймен  төтенше  теңсіздік. Ғалымдар  тағы  бір  құрылымды
белгілейді - аттракторлар - тартымды  көптіктер, олар  элементтерді  тартатын
орталықтарды  қалыптастырады. Мысалы, халық  жиналғанда, өзгеше  өз
жолымен  келе  жатқан  адам  сол  жерден  жəй  өтіп  кетпейді. Оны  жүру
траекториясының  сызығы  сол  жаққа  ауысады. Қарапайым  өмірде  оны  əуестік
деп  атайды. Өзіндік  меңгеру  теориясында  осындай  процесті «жиналу  нүктеге
жылжу» деп  атайды. Аттракторлар  өзінің  айналасына  стохастикалық


81
элементтерді жинап алады, сөйтіп, ортаны құрып, реттілікті жасайды.
Дүниенің постнеоклассикалық бейнесінде реттілік, құрылым, хаосомдық,
стохастикалық нақтылықтың объективті жəне əмбебап қасиетіне жатады. Олар
өзін құрылым дамудың əр кезеңінде білдіреді. Теңсіз жүйелердің иррегулярлық
əдеті туралы мəселе ғылыми пəндердің орталығында тұр, əуелі синергетиканың
- өзіндік меңгерудің - спонтанды структурогенездің жалпы заңдарын шығаруды
өзінің пəні деп санайды.
Синергетика  ұғымы  қазіргі  пікірталастарда  кең  таралған. Терминнің  өзі
грек  тілінде  жəрдем, қатысу, көмекші  деп  мағына  береді. Оның  іздерін
исихазмде - Византияның мистикалық ағымында табуға болады. Көп жағдайда
ол ғылыми зерттеу контекстінде «келіскен іс-əрекет, үздіксіз ыңтымақ, бірлесіп
қолдану» деген мағынада қолданылады.
1973 ж. Генрих  Хакеннің  конференцияда  сөз  сөйлеген  жылы
синергетиканың  шығу  жылы  болып  саналады. Г. Хакен  синергетиканың
жаратушысы 
корпоративтік 
құбылыстар 
əр 
жағдайларға 
тəрізді:
астрофизикалық  құбылыстар, фазалық  өтулер, гидродинамикалық  аума,
атмосферада  циклондардың  пайда  болуы, популяциялардың  динамикасы,
моданың 
құбылыстары. Өзінің «Синергетика» атты 
классикалық
шығармасында  Хакен  былай  деген, біз  көп  пəндерде, астрофизикадан
əлеуметтануға  дейін  жүйелердің  бөліктерінің  кооперациясы  макроскопиялық
құрылымдарды  немесе  қызметтерді  шығарады. Синергетика  өзінің  қазіргі
жағдайында  макромасштабында  драмалық  жағдайға  ұшырады. Нақты  түрде
синергетиканы  өзіндік  меңгеруге  ықпал  ететін  жүйенің  бөліктері  мен
жартысында  қандай  өзгерістер  болады  деген  сұрақтар  қызықтырады.
Парадоксалды  жағдай - жүйенің  ретсіздік  жағдайынан  реттілік  жағдайында
олар өздерін ұқсас көрсетеді.
Хакен  өзінің  жаңа  пəнін  синергетика  деп  мынандай  себептермен  атады:
бірінші, ол  макроскопиялық  деңгейдегі  пайда  болатын  құрылымдар  мен
олардың  қызметтерін  негіздейтін  жүйелердің  бөліктерінің  келісім  ісін
зерттейді; екінші, ол  жүйелердің  өзіндік  меңгерудің  жалпы  принциптерін
табуға  əртүрлі  ғылыми  пəндердің  жігерлерін  біріктіреді. 1982 ж. өткен
конференцияда  синергетиканың  жаңа  приоритеттері  шығарылған. Шағын
кəсіптік  білім  аймақтарының  дағдарысы  болған  соң, Хакеннің  пікірінше,
білімнің бағдарламасын санаулы заңдар, тұжырымдамалар мен идеяларға дейін
азайту қажет, ал синергетиканы сондай талпыныстың бірі деп санауға болады.
Ғалымның  пікірінше, əр  түрлі  табиғаты  бар  жүйелер  өзіндік  меңгерудің  ұқсас
қағидаларын  құрастырады - электроннан  адамға  дейін - синергетика  табиғи
жəне əлеуметтік жүйелердің, процестердің жалпы детерминанттарын іздейді.
Сөйтіп, синергетика  жемісті  ғылыми  тұжырымдама  болып  саналады.
Оның  пəні - спонтанды  структогенез. Ол  өзіне  қазіргі  ғылыми  бейненің  жаңа
приоритеттерін еңгізеді: тұрақсыз теңсіз дүние туралы тұжырымдама, дамудың
анықсыз жəне көп альтернативті феномені, ретсіздіктен реттіліктің пайда болу
идеясын. Реттілік  пен  ретсіздік  ұғымдарды  түсіну  үшін, бағытталған  ретсіздік
теориясын  жəне  ретсіздіктің  жалпы  жіктелуі  мен  типологияны  шығару  қажет.
Соңғысы  қарапайым, қиын, детерминацияға  бейімделген, кезектесетін, шағын


82
сызықты, үлкен  көлемді, динамикалық  т.б. Ретсіздіктің  ең  қарапайым  түрі -
«кішкене  мөлшерлі» - ғылым  мен  техникада  кездеседі, детерминациялық
жүйелермен  сипатталады. Ол  уақыт  тұрғыдан  ұзақты, бірақ  қарапайым
кеңістікте өзгешелігі бар. «Көп мөлшерлі» ретсіздік сызықты емес орталардың
ретсіз  əдетімен  бірге  жүреді. Ал «детерминацияландырылған  ретсіздік» деп
сызықсыз  жүйелердің  əдетін  көрсетеді, стохастикалық  негізі  бар, бастаушы
ретсіз жəне шекаралық шарттары бар шешімдермен суреттеледі.
Тұрақтылықты  жоятын  жəне  ретсіздікке  көшудің бірнеше  себептері бар:
шулар, сыртқы  ақаулар, ызаландыратын  факторлар. Хаосомностің  негізін
бостандықтың  көп  түрлі  деңгейлерімен  байланыстырады, олар  абсолюттік
түрде кездейсоқтық бірізділікті таратады. Хосогенності жарататын жағдайларға
қозғалыстың  тұрақсыздығын, яғни, екі  жақын  жағдайлар  сыртқы  стохастика
əсеріне əсер ете келе əр түрлі траекторияларында дамиды.
Ретсіздіктендіру  процесі  туралы  дəстүрлі  пікірлерге  қазіргі  зерттеулер
маңызды  қосымшаларды  енгізеді. Дүниенің  постнекласикалық  бейнесіне
ретсіздік  деструкцияның  себебі  ретінде  емес, спонтанды  структурогенездің
себебі  болатын  материалдық  байланыстардың  алғашқы  тұрақсыздығының
себебі. Соңғы  теориялық  зерттеулер  бойынша  ретсіздік  түрсіз  масса  емес, өте
қиын құралған жүйенің бірізгілігі, оның қисыны да қызықты болып табылады.
Ғалымдар бағытталған ретсіздіктің теориясын шығаруға жақындайды, ретсіздік
қозғалыс  мерзімсіз  қайталанатын, тұрақсыз  траекториялары  үшін  кеңістік  пен
уақытқа корреляциялары үшін кездейсоқтық таралу тəрізді.
Реттілік  пен  ретсіздік  категорияларының  социологизациясы  адам  өлшем
болмысында  айқындалған, хаотикалық  құрылымдарға  негативтік  қатынас  пен
тек реттілікті қабылдау салдары дейді. Қазіргі философияға екі ұштасты бағыт
тəрізді (антропологиялық-антропологиялық  емес). Ғылыми-теориялық  сана
қазіргі  синергетикалық  парадигмада  ретсіздіктендіру  үрдісінің  конструктивті
түсіну  рөлі  мен  маңыздылығына  қадам  жасайды. Əлеуметтік  практикада
хаосомностық  пен  анықсыздыққа  қарсы, оларды  негативті  бағалау
формуларымен  қатар  қосып, методологиялық  талдаудан  ысырып  тастауға
тырысады. Соңғысы, рационалистік  утопиямен  тоталитарлық  тəртіптердің
үстемділігімен  айқын, олардың  мақсаты «толық  реттілік» пен «темір
қажеттілікті» тұрақты қылу.
Сонымен  қатар, «қаталдық» пен «хаос» терминдерін  деструктивті
мағынада  түсіну  қазіргі  табиғаттану  мен  философиялық-методологиялық
талдаудың  материяның  қасиеті  ретінде  универсалдық  реттілікпен  бірге
ретсіздікті  мойындауына  қайшы. Жəне  ол  Гесиодтан  бастама  алатын  ежелгі
тарихи-философиялық дəстүрдегі ретсіздікті өзгеше бəрін қамтитын жаратушы
бастама деп түсінуге қайшы. Антика түсінігінде көрінбейтін жəне жетілмейтін
ретсіздіктің түр жаратушы күшіне ие, «ауыз ашық», материяның түрсіз, бірінші
мүмкіндігі, ол бірінші тірі түрлерді жаратады.
ХХ  ғ. кейін  антикалық  көзқарас  ғалымдардың  шығармаларында
көрсетілген; Дж. Глейк  өзінің «Хаос: жаңа  ғылымды  жаратуда» былай  дейді,
динамикалық  ретсіздік - қозғалыстың  жаңа  түрлерін  ашу, физикада
элементарлық  бөлшектерді, кварктерді, глюондарды  материяның  жаңа


83
элементтері  ретінде  түсіну. Ретсіздік  туралы  ғылым - ол  болмыс  емес,
процестер мен қалыптасу туралы ғылым.
Постнеоклассикалық  методологиямен  байланысты  екі  ұштастық
мəселелерді  шешуге  қажеттілік  туылады. Біріншіден, «бағытталған  ретсіздік
теориясында» құрылымдық  білімнің  көбеюі  құрылым  мен  хаотазацияның
өзгешелігін білу жəне түсіну болып табылады. Мысалы, олар циклдік схемамен
емес, қосымша  бинарлық  жəне  қосынды  қатынастармен  көрінеді. Реттілік  пен
хаостың байланысы, оны бинарлық қайшылықтың көрінуі, екі стихияның өмір
сүруінде  жəне  күресінде  айқын. Циклдық  дегеніміз  жағдайлардың  өзгеруі,
ауысуы, яғни, бинарлық  оппозиция  көп  нəтижелі  эффекттермен  келіседі:
керісінше сияқты бір-бірін негіздеу, алғашқы негізді сақтап трансформациялау
(реттілік  пен  ретсіздіктің  көбеюі), сол  қайшылықтың  жаңа  негіздерін  ашу
(мысалы, басқа  уақыт, реттілік  пен  кемістік). Қосымша  қатынас  меңгерілген
толықтыққа  құрылымсыз  күштердің  басып  кіруін  негіздейді. Бұл  жағдайда
толықтыққа  оған  бөтен  элементтердің  қатыстыруы, тұрақталған  компоненттер
жүйесіне, оның  инновациялық  пен  қиын  деңгейлерін  өсірмей  жəне  өзгертпей,
қиын қосалқы құрылымдарға дақтар тигізеді.
Осымен  қатар, дүниенің  ғылыми  бейнесін  құрастыруында  қазіргі
ғылымдардың  жетістіктеріне  қарамай, скептиктердің  де  үндері  басылмайды,
олардың  пікірінше, үшінші  мыңжылдықта  ғылым  гравитацияны, өмірдің
шығуын, сананың  қалыптасуын, парапсихологиялық  пен  биоэнергиялық-
бағдарламалық байланыстарды түсіндірген жоқ. Жағдайлар мен элементтердің
кездейсоқтық  байланысымен  өмір  мен  ақылдың  пайда  болуын  мүмкін  емес
жəне де бұл гипотезаға ықтимал теорияда тиым салады. Сол жағдайда Жердің
өмір сүру кезеңдері мен іріктеу нұсқаулары да жеткіліксіз.
Ғарыштың  релятивистік  концепциясы  əуелі  жағдайда  ойға  сиятын
материалдық  Ғарыш  деп  түсінген, оның «бастама» идеясы  түбінде  шексіздік
идеясын  жоққа  шығарып, толық  төңкеріске  əкелді. Космолог-релятивистердің
біздің кеңейтілетін Ғарыш - Метагалактика - жалғыз жəне бəрін қамтушы деген
пікірі алғашқы жарияланған Жер туралы пікірді қайталайды, яғни, жалғыз Күн
жүйесінде  немесе  Галактикада  Жер  жəне  оны  қоршаған  басқа  жұлдыздар
жалғыз. Шындығында  Ғарыштың  космологиялық  моделі  дүниенің  тек  бір
фрагметін, яғни  универсумның  тек  бір  локалды  аймағын  түсіндіреді. Кеңістік
пен  уақыттың  шекті-шексіз  космологиялық  бейнелері  сол  локалды  аймаққа
қатысты  болған  соң, жалпы  шексіздік  идеясын  жоққа  шығармайды.
Космологияның  қазіргі даму кезеңіне релятивистік космологияның үстемділігі
тəрізді, яғни, ол  дүниеге  толық  жəне  соңғы  сипаттау  бермейді, бірақ  біздің
Ғарышты  физикалық-кеңістік  тұрғыдан  түсіндіру  үшін  шексіздік  пен  шектіні
зерттейді. Релятивистік  космологияның  негізін  салушылар  А. Эйнштейн  мен
А. Фридман.
Жалпы ықтималды теорияны шығарған соң (ЖЫТ, 1916 ж.) А. Эйнштейн
ғарыштың бірінші релятивистік моделін құрды жəне келесі ережелерін ұсынды:
1. Зат  пен  сəуле  шығару  Ғарышта  бірқалыпты  жайылады. Осыдан
шығады, Ғарыштың  кеңістігі  біртекті  жəне  изотропты. Бірақ  көлемі  үлкен
объектілердің  кеңістік-уақыт  геометриясы  өзгереді, сол  өзгеріс - Ғарыштың


84
біртекті  изотропиялық  кеңістігінде  тұрақты  қисықтығы  бар  кішкентай  ауытқу
кездеседі.
2. Ғарыш  стационарлы, уақыт  тұрғысында  өзгермейді. Сонымен,
кеңістіктің  геометриясының  эволюциясы  мүмкін  емес. Эйнштейннің  əлемін
«жұмыр» дейді, себебі, оны  шексіз  жайылған  төрт  өлшемді  цилиндр  түрінде
бейнелеуге  болады. Сол  цилиндрдің  бойында  алғашқы  мен  болашаққа
бағытталған  уақыт  осі  пайда  болады. Цилиндрдің  қиылысы  кеңістікті
шығарады. Бұл  модельде  ол  тұрақты  жағымды  қисықтығы  бар  үш  өлшемді
аумақтық кеңістік. Оған шекті көлем тəрізді. Бірақ оны біз артында ештеңе жоқ
«дүние шегі» деп түсінбейміз. Кеңістік «өз-өзіне тұйықталады», сол арқылы біз
бөгетке ұшырамай шексіз айналамыз.
Бірақ, Эйнштейннің «жұмыр  əлемі» алғашқыда  қалды. Оның  Ғарыштың
стационарлық  моделін  құрастыру  талпынысы  Ғарыштың  мəңгілікте  өзгермей
бар  екен  деген  дəстүрлі  бейнелеудің  көрінісі. Эйнштейн  дүниенің
стационарлық моделін өзгеше шарттар негізі арқылы алды.
Осы  космологиялық  мəселенің  қазіргі  шешімін  Кеңес  математигі
А. Фридман шығарды, ал дамытқан бельгиялық космолог М. Леметр. Фридман
дүниенің стационарлығынан бет бұрып, оның біртектілігі мен изотроптылығын
сақтады. Осы арқылы үш шешімнің мүмкіндігі пайда болды:
1. Егер  ғарышта  заттардың  тығыздығы  мен  сəуле  шығару  бір  шекті
(дағдарыс) өлшемге тең болса, онда кеңістік Евклидті, яғни, нөлдік қисындысы
бар, əлем шексіз.
2. Егер  тығыздық  дағдарыс  нүктеден  кем  болса, ғарыш  кеңістігі
Лобачевскийдің  геометриясымен  сипатталады, оған  керісінше  қисын  мен
шексіз көлем тəрізді, ол ашық жəне ертоқымға ұқсас.
3. Егер  заттың  тығыздығы  дағдарыс  нүктесінен  көп  болса, ол  шексіз,
бірақ  көлемі  шекті. Əлем  жабық  жəне  шекті. Ол  Риман  геометриясымен
сипатталады.
Сөйтіп, ғалымдардың  пікірлері  əр  түрлі, өзгеше. Біреулері  шексіз
жайылатын  ғарыш  туралы  болжауды  қабылдаған, «Үлкен  жарылыс» атты
концепция  бойынша 17-20 млрд. жыл  бұрын  ғарыш  ең  кішкентай  көлемде  ең
тығыз сингулярлық жағдайда шоғырланған. Осы «Үлкен жарылыс» ғарыштың
жайылуына  бастама  берді, сол  жағдайда  заттардың  тығыздығы  өзгеріп,
кеңістіктің қисындысы жөнделеді. Басқалардың пікірінше, созылуға тағы қысу
пайда  болады, сол  процесс  қайталанады. Осының  негізімен «тамыр  соғысы»
сияқты  ғарыш  туралы  гипотеза  ұсынылады, ол  бойынша  əр 100 млрд. жыл
сайын бəрі «Үлкен жарылыстан» басталған.
Ғарыш  созылады  ма  əлде  тағы  қысу  басталады  ма  деген  ашық  сұрақ.
Бірақ «қызыл  ығысу» атты  құбылыс  бəріне  айқын  факт, ол  сəуле  шығу
бастамадан  алшақтау  белгісі, яғни, галактикалар  өздеріне  дейін  аралыққа
пропорционалды  жылдамдықпен «ұшады». Осы «қызыл  ығысу» атты, яғни,
галактикадан  тыс  тұмандардың  сəуле  шығару  спектралды  сызықтардың
«қызыл» соңына  ығысуын 1912 ж. В.М. Слайфер  ашқан. Аз  уақыттан  кейін
(1929 ж.) Эдвин  Хаббл  жаңа  заң  ашады, ол  бойынша  қанша  бақылаушыдан
тұман  алшақ  болса, сонша «қызыл  ығысу» өлшемі  көбейеді, сонша  одан


85
алшақтау  жылдамдығы  өседі. Үлкен  аралықта  галактиканың  жылдамдығы
үлкен мағынаға жетеді. Соған қарамай кеңеюмен бірге ғарыштың тығысу жəне
«тамыр соғысы» сияқты ғарыштың модельдерін теориялық тұрғыдан болжауға
болады, яғни, кеңістікте  шекті, бірақ  уақытта  шексіз  ғарыш  ауыспалы  түрде
бірде кеңейеді, бірде тығысады.
Ең  қызықты  болжау  бойынша, «алғашқы  жарылыстың» нəтижесінде
гравитациялық 
кеңістікте 
сингулярлық 
жағдайдан 
тек 
біздің 
бір
метагалактикасы пайда болмайды, ал  көп түрлі метагалактикалар. Олардың əр
қайсысына  əртүрлі  мағынасы  бар  физикалық  параметрлер  тəрізді: өзгеше
типологиясы  бар  кеңістік (локалды  ашық  немесе  локалды  жабық, өзгеше
өлшемдерімен) жəне өзінің космологиялық уақыты (мүмкін, бірөлшемді емес).
«Көп  əлемдік» тұжырымдамада  ғарыштың  қызық  бейнесі  суреттеледі. Ол
қазіргі  пікірлермен  келіседі, сол  бойынша, материалдық  əлемнің  кеңістік-
уақыттық  шексіздігін  метрикалық  шексіздік  деп  түсінбейді, материяның
құрылымының кеңістік-уақыттық шексіздігі деп түсінеді.
Қазіргі  ғылым  философиясына  комплекстік  баға  береміз  десек, қазіргі
эпистемологияда əртүрлі тұжырымдамалар мен бағыттар кездесетіндігін айтып
кету  қажет. Кейбір  кезде  олар  бір-біріне  қайшы, мысалы, Вена  ұжымының
ғылым  унификациясы  бағдарламасы  немесе  Майкл  Поланидің  тұлғалық  білім
тұжырымдамасы  немесе  Фейерабендтің  эволюциялық  методология  моделіне
жəне методологиялық анархизмге (бəрі мүмкін, болады) арқа сүйейтін ғылыми
білімнің  өсу  тұжырымдамасы. Жəне  мақсаттары  да  əртүрлі: верификациядан
фальсификацияға, экзальтацияланған  эмпиризімнен  интуитивизмге  жəне
конвенционализмге.
Ғылым  философияның  күрделі  мəселелерінің  бірі - қоғамтанудың
методологиясын  қалыптастыру, бұл  мəселе 80-шы  ж. үстемді  болды. Жəне  ол
ғылым  философияның  алғашқы  кезеңін  жоққа  шығаратын  болды, яғни,
математика, физика, химия  мен  биологияның  пікірлері  ғылымның  негізін
құрған  болатын. К. Поппердің  жəне  К. Гемпельдің  дедуктивті-номологиялық
моделі  табиғаттану  мен  қоғамтану  зерттеулерінде  тең  түрінде  қолданылады
деген пікір. Түсіндіру процедурасы жалпы заңдардың бар екендігін дəлелдейді.
Осымен  байланысты, ғылым  философияның  тақырыптық  бөлімдерін
талдағанда, оның  көп  өлшемдігі  мен  бір  сызықсыз  екендігі, қағидалық  түрде
кумулятивті  еместігіне  келеміз. Мысалы, нормалық  нұсқау  логистикалықты
сұраныс етеді, ал тарихи нұсқауы нормалық тұжырымдарды қолдайды.
Өзгеше  назарға  сұраныс  жасайтын  тарихи  материалдың  логикалық-
методологиялық  экспликациясы. Ғылыми  теорияның  семантикалық  моделін
американдық  логик  жəне  психолог  Патрик  Суппес (1922 ж.) ұсынған, ол
философия мен өзгеше ғылымдардың байланысына арқа сүйейді. Сол  тезистің
нəтижесінде  философиялық  пен  ғылыми  əдістердің  ешқандай  айырмашылығы
жоқ. Əр  мəселе  философиялыққа  өзінің  мағынасымен  жəне  парадоксалдық
себебімен  айналады. Суппестің  тұжырымдамасының  жетілген  нəтижесі -
эмпириялық ғылымдарды дəлелдеуде аксиоматизация əдісін қолдану, яғни, сол
теорияға  қана  өзгеше  теориялық-көптүрлі  предикатты  анықтау. Лаплас
детерминизіміне 
қарсы 
шығып, Суппес 
себептіліктің 
ықтималды


86
тұжырымдамасын дамытады жəне білімнің абсолюттік түрде айқын жəне толық
деген тұжырымдамаларды сынға алады.
1959 ж. бастап  Суппес  Стенфорд  университетінде  əлеуметтік
ғылымдардың  математикалық  зерттеу  институтында  директор  лауазымын
атқарады, жəне  физика  философиясынан  психология, компьютерлерді  оқыту
процесінде  қолдану, компьютерлік  оқытудың  арнайы  тəсілдерін  шығару
мəселелерімен 
айналысады. Ол 
методологиялық
бихеовиризм
тұжырымдамасын  ұсынады, ол бойынша  психология ғылымы бақылау əдеттің
өзгешелігінің  артынан  жүріп  отырады. Оның  ішінде  ділдік  жағдайлардың
маңызды рөлі мойындалады.
Американдық 
философ 
жəне 
логик 
Куайннің (1908 ж.)
тұжырымдамасында  онтологиялық  ықтималдылық  тезисі  ұсынылған. Сол
бойынша  бір  онтологияның  екіншіге  қарағанда  қолдануы  тек  прагматикалық
мақсаттармен байланысты. Онтологиялық мəселе  бұл  жерде  теориялардың бір
тілден екіншіге аударуымен байланысты, себебі, ол соңғысының тілін біріншіге
қатысын  анықтау  қажет. Радикалды  аударманы  жоққа  келтірген  соң  Куайн
ғылымның  унификация  жасаған  тілін  жоққа  шығарады. Ғылымды  ол  ағзаның
қоршаған  ортаға  бейімделу  түрі  деп  санайды. Сол  себепте  ол «ынталық
мағына» деген  ұғымды  ұсынады, ол  сыртқы  ынталардың  айтылып  жатқан
сөйлеммен  келісу  немесе  келіспеуі. Барлық  жаңалықтар  немесе  тосын  сыйлар
ғылым  философиясынан  келесі  түсінік  пен  фильтрацияны  сұрайды. Осыған
қарамай ғылым философиясы дамып жатыр.
Ғылым  философиясында  синергетика  үрдістерін  түсіну  қазір  өзекті.
Синергетиканы  келесі  ұғымдар  арқылы  сипаттау  жасайды: өзін  меңгеру,
стихиялық-спонтанды  структогенез, бір  сызықсыздық, ашық  жүйелер.
Синергетика  сыртқы  əлеммен, заттармен, энергиялармен, бағдарлама
жүйелермен  айналысуды  зерттейді. Дүниенің  синергетикалық  бейнесінде
көпнұсқаулармен жəне тұрақты қалыптасу үстемді. Болмыс пен қалыптасу бір
ұғымдық кешенге кіреді. Уақыт конструктивті қызметті атқарады.
Сызықсыздық  бір  мағына  мен  унификацияға  қарсы  болған  соң, көп
бұтақты  ізденіс  пен нұсқаулы білім  методологиясын  негіздейді. Сызықсыздық
философиялық  қағида  ретінде  реалдылықты  көп  мүмкіндік  алаңы  ретінде
бейнелейді. Сызықсыз  жүйелерге  қағидалы  түрде  тəрізді  келесі: жүйелердің
қасиеттеріне  сыртқы  əсермен  бірге  əсершінің  болу  жағдайында  өзгеше, ал
əсершісіз жағдайда басқа болады.
Кейбіреулер, синергетиканың  бастаушы  бейнесін  А. Богдановтың
«Тектология. Жалпы меңгерілген ғылым» (1913-1917 жж.) атты шығармасында
табады. Тектология (грек. «құрылыс  туралы  ілім») - бұл  бəрін  біріктіретін
жалғыз  қағиданы  қолдайтын  шығарма. Ұйымдастыру - түсіну  модельдері  мен
практикалық  өзгерісті  талдауында  бастаушы  пункт. Тектологияның  негізгі
идеясы  əртүрлі  жүйелердің, «кешендердің» қандай  нақты  материалдан -
атомдық, молекулярлық, биологиялық  немесе  əлеуметтік ден  тəуелсіз тұратын
құрылыс  заңдарымен  дамуының  бірлігі. А. Богданов  ұйымдастырылған
жүйелердің - неорганикалық, органикалық 
жəне 
əлеуметтіктердің
изоморфизмдері  туралы  тезис  ұсынады, яғни, солардың  пайда  болу, сақтау,


87
өзгеру  жағдайлары, əртүрлі ғылымдардың ұйымдастыру əдістері, элементтерді
құрастыру тəсілдерін қамтиды.
Келесіде  осы  изоморфизм  қағидасын  өзінің  жүйе  теориясында  неміс
зерттеуші  Л. Фон  Берталанфи  қолданған  жəне  алғашқының  идеясын
пайдаланды деген ой бар.
А. Богдановтың  идеясын  біз  кибернетиканың  қалаушысы  Н. Винермен
керісінше  түрде  қолданғанын «байланыс  идеясында» табамыз (бирегулятор).
Богдановтың пікірінше, дамудың жалпы сызбасы келесі элементтерден тұрады:
1. Алғашқы жүйе өзгеріс теңдік жағдайда тұрады. Қоршаған орта сияқты
ол  да  алғашқыда  əртүрлі (гетерогенді). Қоршаған  орта  өзгерсе  ол  да  өзгереді,
теңдігі бұзылады.
2. Теңдігі бұзылған жүйеде жүйелік айырмашылық заңы жұмыс жасайды.
Ол  бойынша  қосымша  жүйенің  шоғырлану  деңгейіне  қатысты  байланыстар
пайда  болады. Оларға  қарама-қарсы  тенденцияларда  тəрізді  болуы  мүмкін.
Жүйелік 
айырмашылық 
жүйелік 
қайшылықтарды 
тудырады, оның
құрымдылығын  жояды, дағдарыс  тудырады. Алғашқының  дағдарысын
аяқтайтын 
жаңа 
жүйе 
ортамен 
теңдікті 
қайтарады. Богдановтың
«Тектологиясында» зерттеушілер  ұйымдастыру  теорияның  жалғыз  табиғи
бөлігін  табады. Ұйымдастыру  пікірі  кішкентай  өзгерістердің  стратегиясын
қолдайды, яғни, үлкен эвристикалық мүмкіндікке ие.
Синергетиканың  стихиялық-спонтанды  структогенез  туралы  идеясы
адекватты  категориялық  аппаратты  сұрайды. Сол  жағдайда  қазіргі  ғылым
философиясы екі ғасырдың арасында анықсыз жағдайда мəселелерді іздеу жəне
шешуде  эвристика  түсіну  мүмкіндігін  универсалды ұстаным  ретінде  ұсынады.
Лакатос «жағымды» жəне «жағымсыз» эвристика  ұғымдарын  қолданғанда
соңғысын  тек  бір  мағынада  пайдаланды. Осы  шеңберінде  эвристикада  ізденіс
көлемі өлшемді болған. Ал эвристика өзінің алғашқы мағынасында (грек. табу,
ашу) деген  мағына  білдіреді. «Эвристика» терминін  ежелгі  гректің  ғалымы
Пагша  Александрийскийдің (б.д.д. ІІІ  ғ.) атымен  байланыстырады. Ол
математикалық  есептерді  шешуді  үйрететін  принциптердің  жиынтығы. Бұл
«өнер  сиқыры» құпия  болған  соң  ешкімге  жарияланбаған. Эвристиканы
жаңалық  ашу  ғылымы  түрінде  ұсыну  мақсаты  қиын  салдарды  тудырған.
Мысалы В. Лейбниц «Құрастыру өнері» атты талпынысында немесе Б. Спиноза
дұрыс  əдіс  оңтайлы  таңдауды  негіздейді  деп, түбінде  сол  теорияны  ашпады.
Бұл  жерде  мəселе  түбінде  эвристиканы  құрастыру, материалдарды  жинап,
аналогиялық түрде талдауға келтіру емес.
Эвристика  сферасын  көп  түрінде  екінші, анықсыз  методологиялық
регулятивтерді  жинау  аумағы  деп  санайды. Сол  себепті  эвристика  уайым,
шабыт, инсайт  жағдайымен  байланысты. Методологиялық  ойлаудың  қатал
жүйесінде  эвристика  əлі  анықсыз, бірақ  өзінің  мүмкіндік  жағынан  тосын
сыйларға  толы  іздену  мен  табу  аумағы  деп  анықталады. Онымен  логикалық
таңдау, бейсаналық ашық үндер мен əр аумақтың өзіндік ашылуы байланысты.
Формальды-логикалық  əдістер  эвристикалық - менталды-когнитивті  жəне
интуитивтілерге 
тəуелді 
факторлармен 
байланысты. Осы 
тұрғыдан
эвристикадан білімнің жаңа мүмкіндігі мен əлі ашылмаған жаңалықты күтеді.


88
Эвристиканы  жүйе  түрінде  ойлаудың  өзгешелігін  білдіруге  қолданады -
эвристикалық  ойлау. Ойлау  жарату  қызметіне  қатысты  қолданады. Батыс
методологтары көрсеткендей «батыс философиясында эвристикалық ойлаудың
табиғатын түсіндіруге бағытталған теориялардың үш  тобы айқын: «тынық су»
теориясы  немесе  орташаланған  еңбек; блицкриг  немесе  инсайт; ең  жақсы
тышқан қапқаны немесе оңтайлы методологиялық регулятив.
Эвристика  методологияның  бөлігі  ретінде  ресми  деңгейге  жеткен  жоқ.
Бірақ, əр  ғылыми  білімнің  аймағында  эвристика  шешуде  ең  оңтайлы, жедел,
шынайы  жəне  тиімді  жолын  таңдау  стратегиясы  болып  табылады,
эвристикалық  əдістер  мен  қағидалар  өзгеше, ешқашанда  пайдаланбаған
жолдарды  іздеуге  ықпал  етеді. Бұл  уникалды  аймақтың  қасиетіне
принципиалдық  пəнаралығы  жатады. Эвристикалық  пəндік  білімнің  ішінде  де
орыны  бар. Формальдандыруға  бой  бермей  эвристикалық  сезім  ғылыми
ізденістің  əр  қадамында  байқалады. Редукция, əдістерді  пайдалану,
гуманитарлық 
пен 
техникалық 
тəсілдердің 
интеграциясы, ғылыми
нəтижелердің  практикада  қолдануы, эксперимент  анық  немесе  анықталмаған
түрде  эвристикаға  негізделген. Эвристика  ғылыми  жəне  ғылыми  емес  білімді,
рационалды  жəне  рационалсыз  бағыттарды  қосуға  тырысады. Жəне  ол  əдет
тактикасын  таңдауға, дамуда  тұйық  қадамдарды  жасауға  сақтау  көмескі.
Шығармашылықта батылдықтың өлшемі ретінде эвристика əрқашанда ғылыми
білімнің  құрамдас  бөлігі  деп  саналған, ал  дүниенің  постнеклассикалық
бейнесінде  эвристикалық  ғылыми  білімнің  өлшемі  болып  ұсынылған.
Эвристикалық білімді беру, жеткізу процесті шығармашылыққа, мəселе қоюға,
ойын түріне жақындатып, өзгертуге бағытталған.
Эвристикаға  жақын  əдістердің  түрі  А.Ф. Осборнның «миға  шабуыл»
(мозговая  атака). Осы  əдісте  дəстүрлі  тəсілдермен  бірге: ауыстыру, тасымал,
біріктіру  жəне  бөлумен  елестетуді  дамытатын: қысылған  мерзімі  жүйесі,
сынаусыз  еркін  жағдайда  мəселені  талқылау, бəсекелес  атмосфераны  тудыру
жəне  əзіл  болжауларды  ұсыну. Бірақ  эвристикалық  бағыттың  өкілінің
Д. Пойяның  пікірі, шығармашылықта  ұтымды  жұмыс  істейтін  əдіс  жоқ - бұл
дəстүрлі тұжырым болып саналады.
Эвристика өзгеше методология ретінде келесі талаптарды қояды:
1. Ол  басқа  қарапайым, уақыт  алатын  əдістерге  қарай  мəселені  жедел
шешуге ықпал ететін əдістерге арқа сүйейді.
2. Қолданатын əдістер дəстүрлілерге қарағанда маңызды.
3. Зерттеу  өлшемдеріне  сыртқы  əсер  беретіндерге  қарсылық  білдіретін
əдістерді қолданады.
4. Ізденіс  моделі  индивидуалды  жəне  таным  субъектісінің  психикалық
жəне мотивациялық іс-əрекетімен байланысты.
Эвристикалық  іс-əрекеттің  келесі  модельдерін  ұсынады. Ең  қарапайым
моделі - соқыр  ізденіс  деп  аталады. Ең  таралған - «лабиринт» моделі, онда
ізденіс шешімі лабиринт бойында жүруге ұқсас.
Өзгеше  назарды  Г. Буштың  структурлық-семантикалық  моделіне  аудару
қажет. Ол  объектілер  арасында  құрылым  мен  мағыналық  байланысты
бейнелейді, мақсат  алаңын  қалыптастырады. Осы  модельмен  жасалған  жұмыс


89
келесі кезеңдерге бөлінеді:
- кірген  бағдарлама  ағымында  дискреттік  объектілерді  шығару
(селективтік іріктеу);
- олардың арасында байланыс табу;
- сол  қойылған  мақсатпен  байланысты  шығарылған  объектілердің
байланысын актуалдандыру;
- перифериялық байланыс пен объектілерден абстракцияландыру;
- жалпылау объектілерді құрастыру;
- жалпы объектілердің арасында байланыс іздеу;
- жалпыланған лабиринт бойынша ізденіс жасау.
Эвристика логиканың ішінде де орын алды, оны логикалық талдаудың бір
түрі  деп  түсінеді, ол  дəлелдеудің  қатал  əдістерімен  қолданады. Осы
өзгешелігімен  ол  интуитивті  жəне  этимологиялық  сипаттауға  қайшы  шықты,
яғни, формалды  емес, қатал  емес, спонтанды  шығармашылық  үрдіске  қатал,
формалды, қажетті логикалық пікірді ұғыну.
Эвристиканың  келесі  метаморфозасы  синергетикамен  байланыстырады,
ол  теорияның  өз  шегінен  шығуына  назар  аударады. Эвристикалық
постулаттарына келесі жатады:
1. Шығармашылықпен 
негізделген
құрастыру 
методологиясы
эвристикалы болып табылады.
2. Құрастыру мақсаттарының классы шексіз болса, құрастыру əдістерінің
тобы  шекті. Мақсаттың  шешу  ізденіс  жолының (əдісі) субъективті  жағы  бар,
жəне оның эффективтілігі құрастырушының шеберлігімен байланысты.
3. Мақсаттардың шешу жаңа əдістері сирек жағымды нəтижеге жеткізеді,
бірақ солар арқылы шешімдердің оригиналды деңгейі жоғары.
4. Əрқашанда  табылған  шешу  жолға  альтернатива  ретінде  қарсы  əдіс
табылады.
5. Ешқандай  құрастыру  мақсат  түсінілген  немесе  түсініктен  өтпеген
əдіссіз, пікір стрегиясымен тактикасыз шешілмеген.
Мысалы, геометрияның  қатал  жəне  тығыз  постулаттарына  қарамай
эвристика  постулаттарына  мүмкіндіктің  кең  жолдары  тəрізді. Эвристикалық
постулат бойынша, мақсаттардың ішінде нақтылыққа қарсы шықпағаны жоқ, ал
ізденіс  жолын  қарапайым  қадамнан  бастау  керек. Интуитивті  ізденіс  мидің
саналығын  қосқанда  басталады. Жəне  құрастыру  мақсаттың  шешуінде  ескі
жəне  жаңа  жолдардың  аралығын  өлшеу  процесі  қызық  жағдайға  əкеледі.
Эвристикалық  постулаттар  эвристикалықтың  атрибутивтігін  байқайды  жəне
шығармашылық  мүмкіндіктің  дамуына, культивациясына  назар  аударады.
Шығармашылық, эвристикалық  процесс мақсаттың анықтамасынан басталады,
бұл білм мен білімсіздік, анық жəне анықсыз, бар жəне жоқ аралығын айырады,
көрсетеді.
Эвристика  əдістері  де  үстемді  рөл  атқарады. Оның  арасында  аналогия
(əртүрлі  құрылымдарға  еліктеу); прецендент  əдісі (ғылыми  тəжірибеде  бар
əдістерге  назар  аудару); реинтеграция  əдісі (қарапайым  əдістерден  қиын
түрлерін  құрастыру, «Ариадна  жібі»); ағзалық  имитация  əдісі (ағзаға  ұқсас
болу) (мысалы, А. Тойнби  локалды  өркениеттер  теориясын  құрастыруда


90
қолданған); псевдоморфизация  əдісі (өз  түрін  қолданбау, мысалы, жаңбыр
шатыры, қол таяқ).
Қызықты түрлеріне жағымсыз күштерді жағымды күшке айналдыру əдісі
(инверсия əдісі); оны И. Лакатос аномалияны дəлелденген теорияның алаңына
айналдыруда  қолданған. Антитезис  əдісі, Гегель  диалектикасында  айқын
болған, дəстүрлі  əдістер, бағыттар  мен  тəсілдерге  қарсы. Стильдік  трафарет
əдісі, гирлянда  немесе  ілініс (жалғасу) əдісі, көп  қабатты  құрылыс  жəне
секцияға бөлу əдістері т.б. Адамның мүмкіндігіне жүгініп жаңа құрылыстырды
шығару антропотехника əдісі деп аталады.
«Миға  шабылу» атты  əдіс  жəне  синектика  өзгеше  орын  алады. «Миға
шабылу» сынаудың  конструктивті  рөліне  қарсы  шығу, нақты  айтсақ, сынау
жаңаның  шығуына  бөгет  жасайды. Шабылу  мəселені  шешуде  көп  санды
болжауларды  ұсынады. Бұл  кезеңде  əртүрлі  сынауға  тиым  қойылады, ашық
қарсылықтан  бастап  күлкі, мимикалық  өзгерістерге  дейін. Болжаулардың
құңдылығы эксперттер деңгейінде қарастырылады.
Ойлаудың  психологиялық  белсенділік  əдістерінің  жүйесі  ретінде
синектика қарастырылады. Ол арнайы топтың қалыптасуын міндет етеді, ол өз
тəжірибесін жинақтап əртүрлі тəсілдер арқылы сараптама бағасын береді.
Ең  күдік  келтіретін  эвристикалық  тип - соқыр  ізденіс  моделі - онда
интуиция  мен  сəттілік  маңызды. Бірақ  оны  жиі  қолданады  жəне  нəтижелеріде
эффективті болады.
Қазіргі  эвристика  келесі  модельдерді  ұсынады, оны  біз  жіктеу  кестесі
түрінде шығарамыз:
«Трансформатор» моделі - бар  мəселе  қатысы  жоқ, бірақ  көп  түрлі
трансформация жəне шарттары мен  талаптарын анықтау, мақсаттарды  өзгерту
арқылы шешімді іздейді, ұсынады.
«Шлюз» моделі - адамның  шығармашылық  белсенділігінің «шлюзың
ашу» қажеттілігінен  талпыныс  алады, моральдық  пен  материалдық
ынталандыруға сұраныс жасайды.
«Құмыра» моделі - əр  адам  бағдарламаның  жинақтаушысы  жəне  көп
мүмкіндіктің  сандығы. Оның  жиналған  білімі  динамикалық  қасиетке  ие, іс-
əрекетті өзгертуге бағытталады.
«Тұқым (дəн)» моделі - ағзалық  ұқсастыққа  толы. Оның  пікірінше,
шығармашылық іс-əрекет билогиялық жəне əлеуметтік себептермен негізделеді.
Əр  адамда  креативтік  бастамасы  болған  соң, ол  келесі  культивацияны  қажет
етеді.
«Ракета» моделі - ішкі импульс пен  энергияның маңыздылығына акцент
жасайды, ол адам үшін маңызды мəселені шешкенде белсендіге айналады.
«Трамплин-бөгет» моделі - субъектің  шығармашылық  процесінде
бағдарламаның  жетсіздігімен  байланысты  психологиялық  қиындықты  жойып
шығуға  талдау  жасайды. Кейбір  кезде  əуеске  айналған  ойлау  тəсілі
гносеологиялық  жəне  бағдарлама  бөгетіне  айналады. Оны  трамплин  моделі
(эвристикалық ережелер мен ұсыныстар) арқылы жеңіп шығуға болады.
«Призма» моделі - ол  пікір  бұрышын  немесе  қойылған  мақсаттарды
жалғастыру  қажеттілігіне  жəне  оның  əртүрлі  қырларын  қарастыруға


91
бағытталады.
«Құрғақ  ағаш» моделі - Гетемен  шығармашылыққа  берген  өзгеше
бағасымен байланысты, адамның күнделік еңбегі ол «ағаш жару жəне құрғату»
процесіне тең дейді. Ал шығармашылықтың оты жанғанда əлгі кептірілген ағаш
лапылдап жанады.
«Тең  иықты  таразы» - ол  жаратушының  білімі, тəжірибесі, іс-əрекеті,
мотивтері, ерік күші теңдік байланыста болуды қажет етеді.
«Комик  емес  тапқырлық» моделі - шығармашылықта  пародия, кəдімгі
жəне ғажайып, екі бойлы салыстыру, кездейсоқ қасиеті бойынша салыстыруды
біріктіруге  акцент  жасайды. Осы  өткірлі, тапқырлық  іс-əрекетке  ұқсас, бірақ
шығармашылық ойлауда тамырланған.
«Лабиринт» моделі - кең  қолданатын  модель - алға  басуға  бағытталған,
интуиция мен тапқырлық жетістік пен сəтсіздіктің мүмкіндігін бейнелейді.
Эвристикалық іс-əрекеттің негізі - бейнелеу мен фантастика, скептицизм
мен критицизм, болжау, солипсизм, мистицизм, қиял т.б.
Эвристикалық пікірлер индукция, абдукция мен аналогияға арқа сүйейді,
нақты жəне соңғы қатал нəтиже бермейді. Жəне ол зерттеушілерден батылдық
пен жігерлілікті талап етеді.
Эвристикада  тұрақты, үстемді  жолдар  жоқ, ақыл  эвристикада
стереотиптер  мен  регламентация  мүмкін  емес, ол  сюрприз  аймағына  кіреді,
жəне  əр  адамның  индивидуалдық  қабілеттеріне  тəн. Эвристика  ғылыми
білімнің  өсу  мəселесіне  келесі  себептермен  енгізілген: теорияның  өз  шегінен
шығу  жағдайында  əр  білімнің  өсуінің  тұрақты  қасиетін  айқындайды.
Эвристикалық  дегеніміз - бұл  жерде  жаңа  аймақты  қажет  ету. В.В. Ильин
айтқандай, эвристикалық  дегеніміз, теорияның  өз  шекарасынан  шығу
талпынысы, экспансия арқылы кеңейюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет