Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет111/122
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#11561
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Байланысты:
toymataev философия

Бифуркация (лат. «екіге  бөлінген»), кең  мағынасында  объектілердің  əр-
түрлі 
сапалық 
тұрғыдан 
құрылым 
өзгерістері 
мен 
метаморфоза
параметрларының өзгеруін мазмұндайды.
1. Өзен бифуркациясы - өзенің арнасы мен ангары екі бұтаққа бөлінуі.
2. Медицинадағы  бифуркация - құбырлы  мүшенің (түтікше  немесе
кеңірдек) екі ұқсас бұрыш бойынша екі бұтаққа бөлінуін айтады.
3. Механикалық  бифуркация - динамикалық  жүйенің  қозғалысында
параметрларының кішкентай өзгерісіне қарамай жаңа сапаға өтуді айтады.
4. Білім бифуркациясы - жоғары оқу орында жоғары сыныпты екі бөлімге
бөлуді айтады.
5. Уақыт-кеңістік  бифуркациясы - ғылыми  фантастикада  уақытты  əр
қайсысында  қатарлас  түрде  сол  жағдайлар  болып  жатқан (қайталанатын) бір-
неше ағымға бөлу. Қатарлас уақыт пен кеңістікте өмір өзгеше болу мүмкін.
6. Бифуркация  нүктесі - жүйенің  тұрақты  жұмыс  уақытының  ауысуы.
Синергетика мен теңсіз өлшем термодинамикадан алынған термин.
7. Аттрактор (ағыл. қатыстыру, тарту) деп - динамикалық  жүйенің
фазалық  кеңістігінде  жүйенің  траекториясы  ұмтылған  көп  нүктелерді  атайды.
Траектория аттракторға қарай жақын өтсе, келесіде сол аймақтан шықпай оған
жақындай 
береді, яғни, аттракторда 
тартылу 
эффекті 
байқалады
(аттракторлардың бəріне тəрізді емес). Нүкте аттрактордың ең қарапайым түрі.
Аттрактор  болып  қисық  жəне  тегіс  көп  түрлердің  астары  болуы  мүмкін;
сонымен  қатар  фракталды  көптер. Аттракторлар  тұрақты  жəне  тұрақсыз  деп
бөлінеді. Тұрақты деп:
- өзгеше (асимптотикалық тұрақты) нүктелер;
- тұрақты (орбиталды асимптотикалық) шекті циклдер (айналма);
- тұрақты инвариантты торлар.
Хаос  теориясы - сызықты  емес  динамикалық  жүйелердің  жағдайын
сипаттайтын  математикалық  аппарат. Жүйе  бастаушы  шартқа  сезімтал  болса
хаосқа  ұрынады. Салдары  ретінде  жүйенің  мінез-құлығын  детерминистік
сипаттау моделіне қарамай оның мінез-құлығы кездейсоқтыққа ұқсас. Мысалы,
атмосфера, турбуленттік  ағымдар, коммуникативті  қоғам, биологиялық
популяциялар т.б.
Хаос теориясы бойынша, қиын жүйелер алғашқы шарттарға тəуелді жəне
қоршаған ортадағы кішкентай өзгерістер күтпеген салдарға əкелуі мүмкін.
Хаотикалық мінез-құлығына  ие  математикалық жүйелер детерминацияға
бағынады, сол себепте реттелген деп саналады.


199
Осы теорияның пионерлары: француз физигі, математик Анри Пуанкаре;
совет  үкіметінің  математиктері  А.Н. Колмогоров, В.И. Арнольц, Мозер
(басқаша Колмогоров, Арнольд, Мозер – КАМ) хаос теориясын құрастырған.
Эвристика (грек. «іздеймін», «ашамын») - жаңа  тұжырымдамаларды,
идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін əдістерді қолдану,
қосымша  оқыту  процестердің  тəсілдері  туралы  шығармашылық  іс-əрекетті
зерттейтін  ғылым. Эвристикалық  əдістердің (эвристиканың  басқа  атауы)
шешімдерді  жылдамдатуға  ықпал  жасайтын  өзгешелігі  бар. Сол  жағдайда,
эвристика  деп, мақсаттарды  шешу  əдістерінің  жиынтығын  атайды; немесе
Сократикалық  майевтикадан  бастама  алатын  оқыту  тəсілін  атайды.
«Эвристика» сөзі  грек  тілінен «іздеймін», «табамын». Ежелгі  аңыз  бойынша,
«Эврика!» («Таптым!») деген  сөзді  ежелгі  грек  математигі  жəне  механик
Архимед (б.д.д. 287-212) гидростатика  заңын  ашқанда  айтқан. Осы  сөзден
антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет