Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның көмекшісі) – яғбу титулымен аталатын. 568 жылдан бастап Түркі қағанаты 4 аймаққа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара будундар (жалпы халық), таттар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалардың барлығы - оғыз деп аталған. 581 жылы Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарын үзеді. Сөйтіп, Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтін болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы маңызы азая бастайды. Тобо хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанаттарында өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жылдарға қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 604 жылы Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Тардуш (Дато) сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып сайланды. Түріктердің наным-сенімдері және дінi, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынған. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топ шамандардың қолында болды Ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. Батыс Түрік қағанатының хронологиялық тарихын негізгі үш кезеңге бөлуге болады. Біріншіден- оның Түрік қағанатына енген уақыты Екінші кезең- Батыс түрік қағанатының құрылуы Үшінші кезең-Түргеш қағанатының құрылуы.
Қарлұқтар 6-7 ғасырларда Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының ықпалына кірді.