Отыздан асқаннан соң әйелдер кестеленген кимешекпен жүреді. Әшекей тастарды қолданудың да өзіндік рәмізі бар. Халық інжу — көзді шел басудан, көз сүйелінен; құлпырма тас — көз тиюден, маржан — азғындыққа түсуден, дүр тасы — жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген, әйелдің қолындағы жүзікті ас адалдығының кепілі деп білген.
Ғылыми әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік белгілері айқындалған:
1) мал бағу — шаруашылықтың басым түрі;2) жыл бойы малды табиғи үстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі; басымдығы. 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону; 4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.
IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарыныңқажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.
Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.
Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.
Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.