Д әдіс-тәсілдері: сауалнама, әңгімелесу, сипаттау, салыстыру


Бұл – қазақ, тәңірге зар еткен қазақ!



бет2/5
Дата13.09.2022
өлшемі83,17 Kb.
#38985
1   2   3   4   5
Бұл – қазақ, тәңірге зар еткен қазақ!
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,
Оқыған азаматын күткен қазақ!
Мағжан ЖҰМАБАЙҰЛЫ
Қазір қазақтың ең басты мұңы не? Ұлтымыздың үлкен-кішісі нені уайым қылуда? Қазаққа төніп тұрған қауіп қайдан? Жыл озған сайын Алаш жұрты аранын ашқан аждаһаның көмейіне жұтылып барады.(Бұл жерде біз аждаһа деп батыс мәдениетін алып отырмыз )
Біздің жауымыз алыстан келген жоқ. Кешегі қанды қасіретті бүгінгі ұрпақтың ұмытуға хақы бар ма?
Алаштың арыс азаматтары алмағайып кезеңде бастарын бәйгеге тігіп жүріп жұртының қамын жеді. Барлығы сол жолда өкінбестен шаһид кешті. Біз сол сом жүректі арыстардың ұрпағымыз.
Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!


Арыстандай ай­батты, Жол­барыс­тай қайратты. Қы­ран­дай күшті қа­наты, Мен жастарға сенемін!». Ғасырға жуық уақыт бұрын Мағжан ақын осы­лай жырлаған. Жастарға сену, оларға сенім арту, жауапкершілік жүктеу әр заманда болған. Аға толқынның өзінің ізін басқан іні-қарындастарына ерекше ілтипат білдіріп, ұстаздан шәкірт озуын қалап тұруы да заң­ды­лық. Өйткені, өздері түрлі себептермен атқара алмаған істі жастардың жүзеге асырарына, қоғам өміріне дендеп енгізеріне сенеді. Сондықтан оларға үкілі үмітін артады.
Бүгінгі жас — ертеңгі қоғам тұтқасы. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.Біздің ойымызша жастардың бойында ұлт рухы мен өзінің туған елінің тарихына тағзым ететіндей өмірлік тәжірибе мен патриоттық сезім қалыптасу керек. Жасыратыны жоқ, жастарымыздың бәрі бірдей туған елінің сенімін арқалап өтуге дайын емес.. Мемлекеттік деңгейде жастар саясатының дұрыс жүргізілуі – қоғамның ілгерілеуі үшін аса маңызды.
Бүгінгі жастар тура­сында әртүрлі пікір бар. Жағымдысы да, жағым­сы­зы да аралас. Қалай болғанда да Елбасымыз айтқандай Болашақ жастардың қолында.
Рас, әлем алдында Қазақстан имиджі бар.Бірақ шынында әлем алдында біздің пәлендей салмағымыз бар деп айту қиын. Біз компьютер немесе керемет бір жүйе ойлап тапқан жоқпыз. Ең құрығанда қарапайым сіріңке мен шегені өндірген ел емеспіз. Бұл келешектің еншісінде, жастардың қолында.
Сонымен қатар тіліміздің де өркендеуі осы жастардың қолында.
Қазақ қазақшасын, қалмақ қалмақшасын білмесе, екеуі де орыс тілін жетік біліп, орысша сөйлеп тұрса, ол кім? Ол – түрі этникалық азия ұлты болғанымен, көзі сығырайып моңғолит болғанымен, ол – орыс! Кәдімгі орыс ұлтының, сол мәдениеттің өкілі, сол тілдің жеткізушісі! Ондай қазаққа Әуезовтің қажеті жоқ, оған Жансүгіровтің керегі шамалы. Ол Доспамбет, Қазтуған, Шалкиізді неғылсын. Егер өресі жетіп жатса ол Толстойды оқиды. Болмаса Толстойды қайтсін. Ол күнделікті «Времядағы», я болмаса, басқа бір «сары прессадағы» бірдеңелерді оқиды. Қала берсе, соның артындағы сөзжұмбақты шешіп отырады. Ондайлардың қатары қазір де аз емес. Мағжанның, Елбасының сенген жастары олар емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет