6. Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар. Оқу дағдысы: 2-сыныпта оқушылардың мәтіндерді дұрыс, түсініп оқуына баса көңіл бөлінеді. Шапшаң, мәнерлеп оқу дағдыларынқалыптастырып, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Оқу түрі: дауыстап оқу, іштей оқу. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныпты бітірген оқушы:
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;
мәтінді саналы оқуды;
шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды;
мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды;
мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын табуды;
мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ-тапсырмаларды таба алуды;
көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;
мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді табуды;
тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді;
мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;
ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға, т.б.) сай өңдеу мен жүйелеуді;
сызба бойынша өлең құрастыруды;
мәтін кейіпкерлеріне, туысқандары мен достарына хатпен құттықтау жазуды;
халық ауыз әдебиеті үлгілерінен және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды;
2-3 өлеңді жатқа айтуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды меңгереді.