Халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми -танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;
көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;
мәтінге жоспар құруды;
шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.
Шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;
шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.
Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;
мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.