6. Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.
Оқу дағдысы: 2-сыныпта оқушылардың мәтіндерді дұрыс, түсініп оқуына баса көңіл бөлінеді. Шапшаң, мәнерлеп оқу дағдыларынқалыптастырып, жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Оқу түрі: дауыстап оқу, іштей оқу.
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныпты бітірген оқушы:
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;
мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);
оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;
2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды меңгереді.