Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова


Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер



бет20/123
Дата06.01.2022
өлшемі361,51 Kb.
#16256
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   123
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

3. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер.

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:

- оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

- зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім»тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

- жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;

- дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

- дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).



Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

- мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;

- ойын әдісі;

- «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;

- сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

- тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;

- оқушылардың білімін жүйелі түрде мониторингілеу;

- оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

- оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);

- оқушылардың оқу әрекетін жеке, жұптық, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

- оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білім мен сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.

Әдебиеттік оқу пәнін оқытуда келесі ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:

˗ оқушыны қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту;

˗ өз ойларын еркін айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беру;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.



Бұл «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

˗ оқытудың сапасын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;

˗ ғаламтор ресурстарымен жұмыс жасайды (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

˗ мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);

˗ ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды(принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

˗ электронды оқулықтарды пайдалану;

˗ тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;

˗ ақпаратты саралап, зерттей алу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет