Коммуникативті оқыту ұстанымы
бет 21/123 Дата 06.01.2022 өлшемі 361,51 Kb. #16256
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі Коммуникативт і оқыту ұстанымы: тілдік дағдыларды дамыту.
Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау ;
тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
шығарма бойынша жоспар құру;
тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту , дәлелдеу;
шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу ;
ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу ;
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
Әдебиеттік оқу пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу ;
ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау).
Әдебиеттік оқу пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын , фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
әдеби шығармадан алынған көркем , бейнелі сөздерді жазу;
әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау ;
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: