Д. И. Менделеев «Химия негіздері» еңбегінің кіріспесінде элементтер мен жәй заттарды «химиялық білімнің негізі» деп қарастыра отырып, олардың табиғаттағы әр түрлі таралуын көрсеткен және ең кең тараған деп келесі 14



Дата15.12.2023
өлшемі18,08 Kb.
#138114
Байланысты:
f6041b64605f930


05.03.2021 ж.
Тақырып; Жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері
Жай зат — бір химиялық элемент атомдарынан түзілген зат. Жай зат химиялық элементтің бос күйіндегі өмір сүру формасы болып табылады, мысалы, темір — темір элементінің атомдарынан, азот — азот элементінің атомдарынан құралған, т.б. Жай заттардың молекулалары бір атомнан (Nе, Аr, т.б.), екі (Сl2, Н2, О2, т.б.), үш (О3) немесе одан да көп атомдардан құралуы мүмкін. Химиялық элементтер мен жай заттардың арасындағы айырмашылық — бір элементтің бірнеше жай зат түрінде бола алуында. Сондықтан олар сан жағынан бірдей болмайды; мысалы, көміртек химиялық элементі алмаз, графит жай заттары түрінде бола алады, бұлар — көміртектің аллотроптық түр өзгерістері Әрбір жай заттың өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Олар өзара әрекеттескенде әрқайсысына тән қасиеттері жойылып, күрделі заттар түзіледі. Мысалы, жай заттар сутек пен азот әрекеттескенде күрделі зат — аммиак түзіледі.
1. Д.И. Менделеев «Химия негіздері» еңбегінің кіріспесінде элементтер мен жәй заттарды «химиялық білімнің негізі» деп қарастыра отырып, олардың табиғаттағы әр түрлі таралуын көрсеткен және ең кең тараған деп келесі 14 элементті атаған: сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, хлор, калий, кальций және темір. Д.И.Менделеевтің пікірі бойынша, табиғатта аз тараған, бірақ тіршілікте және техникада көп қолданылатын 23 элемент бар. Олар: литий, бор, фтор, хром, марганец, кобальт, никель, кадмий, қалайы, сүрме, йод, барий, платина, алтын,сынап, қорғасын және висмут.
«Сирек, бірақ жақсы танымалдарға» 14 элемент жатады: берилий, титан, ванадий, селен, цирконий, молибден, палладий, цезий, вольфрам, осмий, иридий, талий, торий, және уран. Бұл элементтерді Д.И.Менделеев «аз қолданылатын» деп сипаттайды. Сонымен қатар, «өте аз кездесетін, әрі іс жүзінде қолданылмайтындарға» келесі 18 элемент жатқызады: скандий, галий, германий, рубидий, иттерий, ниобий, рутений, родий, индий, теллур, цезий, лантан, неодим, празеодим, самарий, иттербий, эрбий,тантал.
Геохимия бойынша элементтің «сиректігін» ферсман келесі үш себеппен түсіндіреді:
1) Элементтің атом құрылысымен байланысты сиректігі және соның нәтижесіндегі тұрақсыздығы;
2) Элементтің жердің терең аймақтарында жинақталуының арқасында оның беткі қыртысында аз болуы;
3) Элементтің жинақталуына кедергі келтіретін химиялық қасиеттердің ерекшеліктері.
Осыған байланысты Ферсман сирек элементтерді үш топқа бөлді:
І. Жалпы сирек:
а) Li, Be, B- ғарыштың тапшы элементтері
б) Ta, W, Re, Os, Ir, Pt, Au, Hg, Ti, Bi, Th, U - ядросының заряды жоғары элементтер
в) Po, Ra, Ac, Th, Pa, U - радиоактивтік ыдырау элементтері
ІІ. Жер қыртысындағы сирек кездесетін, себебі жердің біз зерттей алмайтын қабатында жинақталады (яғни, атом және гидросфераны қосқанда 16 км қабаттан төмен жинақталатын элементтер):
а) Ge, W, Mo, Ni, Co - сидерофилдер деп аталған;
б) Ru, Rh, Pd, Os, Ir, Pt және Au – платиналық металдар;
в) Se, Te, As, Sb, Bi – шамалап.
ІІІ. Химиялық қасиеттері ерекше болғандықтан сирек элементтер:
а) He, Ne, As, Kr, Xe – асыл және инертті газдар;
б) Li, Be, B, F, Sc, V, Ga, Br, Rb, Y, Nb, In, I, Cs, сирек жер элементтер, Re, Ta, Hg, Tl - реттік нөмірі тақ типтік сирек элементтер
Кестеде кларк мәндерінің әр түрлі екені байқалды: кейбір элементтер үшін өзгермеген, ал кейбіреулері үшін Ферсманның мәліметтері Кларктікімен салысьырғанда төменірек, оны салмақтық пайызды туралап табумен түсіндіруге болады, ал кейбір элементтер үшін мәндердің өте жоғарлауы байқалады. Оны жаңа кен орындарының ашылуымен, анализ есептерінің жоғарлауымен түсіндіруге болады. Әсіресе қатты ауытқулар мың және оң мың есе – талий, индий, галий, ванадий, цезий үшін.


Сұрақтар;
1.Жай заттар дегеніміз қандай заттар?
2. Химиялық элементтер мен жай заттардың арасындағы айырмашылық қандай?
3.Жер қыртысында сирек кездесетін элементтер қандай элементтер?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет