Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйесінің ғылыми негіздерін анықтау



бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі243,83 Kb.
#44530
түріСабақ
1   2   3
Химия сабақтарының құрылымы.
Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды калыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді.
Олар: 1) оқушыларды түгендеу;
2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық жұмыстар жүргізу немесе сөз әдістері арқылы жаңа материалды түсіндіру;
3) үйге тапсырма;
4) баяндалған білімді қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару).
Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.
Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дэрістерінің сабақатры алты бөліктен тұрады.
Мысалы, дәріс сабағының бөліктері:
  • оқушыларды түгендеу;

  • 2) үй тапсырмасын тексеру;
    3) мұгалімнің дәрісі;
    4) үйге тапсырма;
    5) оқушылардың сұрақтарына жауап беру;
    6) мұғалімнің сұрауы.

Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар:
  • оқушыларды түгендеу;

  • 2) өздігінен істейтін жұмыстарға мұғалімнің түсінік беруі;
    3) окушылардың тәжірибелер жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер мен жабықтардың тізімін жасау;
    4) жұмыс орнын эзірлеу;
    5) тәжірибелерді жасау және есеп жазу;
    6) жұмыс орнын тәртіпке келтіру және өткізу.

Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі және біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі-мақсаттары, мазмұны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.
Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттары оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады.
Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.
Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер мен дағдылар жиынтығынан тұрады.
Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.
Мазмұндық. құрылымның әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өз-ара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді.
Сабақтың мақсаттары, мазмұны және әдістерінен түзілетін үш қүрылымы бір-бірімен байланысып жатады.
Әдістемелік әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі.
Бұл көзқарас бойынша кезкелген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім.
Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімді өтуге дайындайды, мазмұны сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады.
Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.
Зертханалық сабақ.
Бұл әдістің мәні — оқушылардың сарамандық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру.
Бұған жататындар:
оқушылардың эксперименті (зертханалық жұмыстар, сарамандық тәжірибелер),
химиялық есептер шығару және жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау.
Мұның бәрі оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары, оны жаппай, топпен және жеке түрде ұйымдастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет