Орындаған: Гаратаев б тексерген: Айтпенбетова А. К



Дата11.04.2023
өлшемі17,17 Kb.
#81587
түріСабақ

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ОСӨЖ


Орындаған: Гаратаев Б
Тексерген:Айтпенбетова А.К.

Ақтөбе 2022ж



8-тапсырма. Мәтіннен ғалымның тіл қисыны деп нені айтқанына назар аударып, оның тілдік нормамен сабақтастығына талдау жасаңыз.
Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білуі тиіс. Яғни сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс.
Біздің қазақ тіліндегі сөздің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тіл қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөзді таңдап ала білуді және сол сөзді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бәрі бірдей пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әр түрлі сөз қолданады. Мәселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсіз бе? деп, біреу «күйлі, қуатты барыз ба? деп амандасады. Бәрінің де ой-мақсаты бір, бөрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әр түрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.
Қысқасынан айтқанда, әркім сөзді өз қалауынша алып, өз оңтайлы кҿруінше тұтынады.
Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп түзу – тіл қисыны деп аталады (А.Байтұрсынұлы).
Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым.Лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, əдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатын-дығын көрсету. Сөзден əдемілеп əңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мəселен, түрлі зат керек. Ол керек зат — топырақ болса, оны біріктіріп илейді; иленген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сəулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сəулетті, əдемі болып шықпақ. Сөзден құрастырып пікірлі əңгіме шығару үшін жұмсалатын зат — сөздер.
9-тапсырма. Берілген үзінділерден қосүнді сөздің қолданысындағы ерекшеліктерді көрсетіп, стильдік талдау жасаңыз.
Мына батырды болысы түскір тағы да жылқыға жұмсады-ау?! Тағы бір лаңға қалмасақ нетті. Төңірек біткеннің қыл құйрығын болыстың қорқау кҿмейіне тыға-тыға бұл Рысқұл бұрын не береке тапты? Әрең қойдырып едік, өзі де «енді жылқы алуға бармаспын деп серт беріп еді. Содан да болыспен екеуінің арасында сырқатты сызат түсіп еді. Мынау не жорық, қақпанға қайта түсті-ау, арланым, - деп Ахат іштен тынып бір күрсініп, Рысқұлды жұтып жіберген сайдың түбіндегі үрейлі қараңғылыққа үңіле қарады(Ш.Мұртаза).
Дауылбайдың қаһары қыстан жаман. Қыс өтер, көктем шығар, құстар қайтып оралар. Ал Дауылбай ше? Ол өткінші ме? Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің. Бәрі ҿтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. Ол да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар... Ал Дауылбай кім Ескендірдің қасында(сонда).
Соңғы жыллардағы көркем шығармалардың сюжеттік-кешенінде кейіпкердің ішкі жан дүниесін жан-жақты терең суреттеуге қызығушылықтың артып баруы және персонажға тілдік мінездеме беру қажеттілігінің жүзеге шығуы, автор және кейіпкер сөзімен бірқатарда қос үнді сөздің пайда болуына алып келді. Қос үнді сөздің прозалық шығармалардың құрылымында молынан кезігуі – қайсы халықтың болса да көркем әдебиетінің идеялық-тақырыптық, жанрлық және көркем-стилистикалық жақтан байып, жетіліп отырғандығын айғақтайды.
Мысалы, қос үнді сөздің пайда болу және қалыптасуына орыс әдебиетінде А.С.Пушкин негіз салған болса, соңынан осынау соны тәсіл, орыстың реалистік прозасының қалыптасу кезеңдерінде Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Н.Чернышевский, А.Чехов, В.Г.Короленко, И.А.Гончаров т.б. қаламгерлердің шығармаларында өз жалғасын тапты. Көркем шығарманың тілдік кешенін құрайтын автор сөзі, кейіпкер сөзі және қос үнді сөз типтері жайлы ілкі пікірлерді біз өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап танымал орыс ғалымы М.М.Бахтиннің еңбектерінен кезіктіреміз. М.М.Бахтин «Достоевский поэтикасы мәселелері» зерттеуінде қосүнді сөздің басқа сөз типтеріне (автор ҳәм кейіпкер сөзі – Б.З.) қарағанда ерекшелігін «Автор өз мақсаты үшін өзгенің сөзінен пайдалануы мүмкін және сол жолмен өзінің бағыты болған және оны сақтап тұрған сөзге жаңа мағынадағы бағытты қоса сипаттайды. Мұндай сөз міндеті бойынша өзгенің сөзі санатында ұғынылуы ықтимал. Алайда, бір сөзде қос мағыналы бағыт, қосүнді пайда болады. Пародиялы сөз сондай, стилизация сондай, стилизацияланған баян осылай болады» – деп тәптіштеп жазады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет