Д. Қыпшақ*, И. Б. Сарсенова



бет1/7
Дата30.05.2022
өлшемі175,77 Kb.
#35956
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қыпшақ Д. Статья для журнала Наука и Техника-2(1)


МРНТИ 39.21.02 DOI хххххххххххххх


Д. Қыпшақ*, И.Б. Сарсенова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы,Алматы қ.
К.Т. Саканов
Торайғыров университеті, Қазақстан Республикасы, Павлодар қ.
КӨК-ЖОН ФОСФОРИТ КЕН ОРНЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ


Аннотация. Қазақстан Республикасы халқына Жолдауында Президент жер қойнауын пайдалану саласына, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін қажеттігін атап өткен болатын. Әкімшілік бөлініс бойынша Көк-Жон кен орнының Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелері Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының Сарысу ауданында, ал Кесіктөбе учаскесінің Баладегерес блогы ішінара Түркістан облысында орналасқан.
Көк-Жон фосфорит кен орнының Кесіктөбе учаскесінің Баладегерес блогы бұрын өндірілмеген. Облыс пен кен орнының рельефі солтүстік-батыс бағытта созылған аласа жоталар мен бойлық аңғарлардың кезектесуі болып табылады.Бұл міндетті орындаудағы маңызды қадам – еліміздің кен орындары аймақтарының даму мүмкіндігін зерттеу, жаңа барланған аймақтардың болашағын зерделеу, экономикалық пайдасын есептеу, экологиялық залалын бағалау. Бұл ғылыми мақала қоршаған ортаға әсерді кешенді бағалау нәтижелері бойынша «Көк-жон» кен орнының Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелерінің (Баладегерес блогы) тау-кен жұмыстары жобаны іске асыру аймағындағы қоршаған ортаның ағымдағы жай-күйін, оның құрамдас бөліктерінің ықтимал әсерлерге тұрақтылығын кешенді талдау, ықтимал техногендік факторларды зерттеу негізінде жасалды.
Мақаланың нәтижесінде егістік объектілері орналасқан аумақтардың экологиялық жағдайы жалпы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Түйін сөздер: қоршаған орта, экологиялық бағалау, дисперсия, рекультивация,Санитарлық қорғау аймағы,беттік дисперсия,Көк-жон фосфорит кен орны.


Кіріспе
Бұл мақаланың негізгі мақсаты Көк-жон кен орнының Аралтөбе және Кесіктөбе блоктары (Баладегерес блогы) бойынша тау-кен жұмыстары жоспарын әзірлеудің қоршаған ортаға әсерін бағалау болып табылады.Табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің өзгерістерінің негізгі бағыттарын және олардың тудыратын зардаптарын анықтау.Жобаны іске асыру процесінде қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған іс-шаралардың құрамы бойынша ұсыныстар әзірлеу. Жерді рекультивациялау бойынша егжей-тегжейлі шешімдер жеке мелиоративтік жоба мен жою жоспары шеңберінде қабылданады. Мелиоративтік жұмыстардың құрамдас бөлігі құрылыстың барлық аумағынан топырақ-құнарлы қабат пен әлеуетті құнарлы қабатты алып тастау және сақтау болып табылады.
Мақаланың міндеттері: Көк-Джон фосфорит кен орнының қоршаған ортаға әсерін талдау. Кен орынның экологиялық жағдайына баға беру. Химиялық ластану көздері мен олардың көлемін есептеу. Санитариялық-қорғау аймағының (СҚА) қабылданған мөлшерінің негіздемесінде анализ жасау.Беттік дисперсияны есептеу арқылы атмосфераның ластану деңгейін анықтау.
Мақаладағы қолданылған зерттеу әдістері мен мәліметтері. Бақылау әдісі,библиографиялық зерттеу, қолданбалы кешенді физикалық,географиялық зерттеулер,индикациялық бағалау,іріктеме әдіс,Қазгидромет мәліметтері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет