Д. Исабековтің «Әпке» драмасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар



Дата02.12.2023
өлшемі15,87 Kb.
#132109
Байланысты:
Әпке (1)


Д.Исабековтің «Әпке» драмасындағы жалпыадамзаттық құндылықтар
«Әпке» драмасы 1977 жылы Дулат Исабековтың қаламынан туған, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында жүргеніне 30 жылдан асқан туынды. М.Әуезов атындағы мемлекеттік театр бойынша Алматыда танымал туындылардың бірі бола отырып, аға буынның да, жас буынның да театр сүйер қауымының үлкен аудиториясын жинаған.
Қойылым ретінде танымал пьеса – «Әпке» 1977 жылы республикалық байқауда үздік драмалық шығарма ретінде бірінші жүлдені алды. «Әпке» жеке және отбасылық бақыт мәселесін қозғайтын, драмалық мазмұны терең, жанашыр, сонымен бірге өткір публицистикалық қойылым. Бұл «аналар» мен «балалардың» ғана емес, жаңа ұрпақтың да қиын өмірлік жағдайларын көрсетеді, кейде үлкендерге өз құқықтарын орындауы тиіс деп тым қатал талап ететіндігін де ашық көрсеткен.
Драманы жазылып шыққаннан соң, бірден жоғары дәрежеде бағаланғаны соншалық, 30 жылдан астам қазақ театрларының сахналарында қойылып келеді. «Әпке» пьесасы үздік драмалық шығарма мойындалған соң, ол ешқашан өзектілігін және құндылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі күнге дейін бұл қойылым еліміздегі ең танымал театр қойылымдарының бірі болып табылады және әрқашан қалың көрерменді жинайды.
Дулат Исабековтың айтуынша, ол басты кейіпкер бейнесінде барша қазақстандық әйелдердің батылдығын, қайсарлығын, ішкі жан дүниесінің сұлулығын көрсеткісі келген. Қамажай інілері Омар, Тимур және сіңілісі Нәзиләні тәрбиелеп отыр. Қамажай жастығына қарамастан олар үшін Ана атанады, бірақ есейгеннен кейін іні-қарындастары оның осынша жасаған құрбандығын бағаламады. Олардың амандығы үшін балалық пен жастық шағында өзін құрбан еткен үлкен әпкелеріне алғыс білдіруге тырыспай, бірте-бірте үйлерін тастап кетеді..
Драмада отбасылық құндылықтар мен адами қасиеттерге мән берілген. Отбасы – рухани дамудың бесігі. Бұл өзін-өзі тану және қанағаттану орын алатын дәстүрлі институттардың бірі. Отбасыдағы ата-ана болсын, бауырлар болсын бір-бірінің сүйіспеншілігіне, қамқорлығына, қолдауына, құрмететіне және жақсы қарым-қатынасына мұқтаж. Балалардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың «дәндерін» аша отырып, біз ізгі қасиеттерді қалыптастырамыз. Ішкі үйлесімділікке жету үшін адам ойында, сөзінде және іс-әрекетінде жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстануы керек. Құндылықтар әдетте жеке адам үшін маңызды бір бөлікті құрайды. Дәл сол жағдай Қамажайдың басында да кездесті. Ол басқаларды құрметтеп, оларға өз махаббатын аямағанмен, өзін-өзі құрметтей алмады. Өзін жақсыға лайық көрмеді, бүкіл өмірін бауырларына, отбасына арнауға міндеттімін деп санады. Алайда, оның бойындағы нәзіктік пен қатар мықтылық, көздеріндегі жалын, батылдық, сынаққа сынбау, адамгершілікті сақтау қалу секілді ұстанымдар жақсы адамның бейнесі ретінде қалыптасты. Бұл қасиеттердің барлығының бір адам бойынан табылуы жоғары бағалануға тиісті әрі үлгі тұтуға тұрарлық. Драмада жақсылықпен қатар жамандықта кездеседі. Әділетсіз тағдыр, еңбекті білмеу, өз әпкелеріне сатқындық жасау, құрметсіздік, ашкөздік секілді қасиеттерде кездескен. Бауырлардың әпкесіне жасаған опасыздығын “су ішкен құдығына түкіру” деп сипаттауға әбден болады.
Драма күллі қазақ даласын шарлап, әр адамзаттың жүрегінен жоғары орын алған. Қандай жағдай болмасын, өмірлік пайдаға асатын, біздің жан-дүниемізге, рухымызға азық болатын мәңгілік құндылықтар әрдайым жоғары болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет