Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
__________________
Д.Ж. Алипова
«____» _________2022 ж.
«Мәңгілік ел» идеясы және қазақ халқының рухани мәдениеті
(модуль атауы және шифр)
Syllabus
(Жұмыс оқу бағдарламасы)
Пәні «Мәңгілік ел» идеясы және қазақ халқының рухани мәдениеті
(пәннің толық атауы және коды)
Мамандық Дизайн
(мамандықтың атауы және шифр)
Білім траекториясы: Бакалавр
АТЫРАУ, 2022 ж.
Әзірлеуші:Бердіғожин Лесқали Базарғалиүлы-тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор
Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№___хаттама ___ _____ 2022 жыл
Кафедра меңгерушісі ________________ Д. Алипова
(қолы)
Факультет оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілді. №___хаттама ____2022 жыл
Факультет ОӘК төрағасы ____________________ Қорған Б.Б.
Силлабус (Syllabus)
Оқытушы туралы мәлімет:
Аты, жөні: Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы
Байланыс ақпараты – ұялы телефоны: 8778 968 7863
Электронды пошта – berdyguzhin@mail.ru
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес
Сабақ кестесінен бос уақыт:
Жұмыс телефоны:
1.2. Пән туралы мәлімет
Пәннің атауы және коды:«Мәңгілік ел» идеясы және қазақ халқының рухани мәдениеті
Кредит саны - 5
Өтетін орны: №4 корпус, 331 аудитория
Сағаттың бөлінуі:
Сабақтың түрі
|
Жалпы сағат саны
|
Күзгі семестр
|
Көктемгі семестр
|
аптасына
|
барлығы
|
аптасына
|
барлығы
|
Дәрістер
|
30
|
|
|
|
|
Практикалық сабақтар
|
15
|
|
|
|
|
СОӨЖ
|
15
|
|
|
|
|
СӨЖ
|
75
|
|
|
|
|
АБ
|
15
|
|
|
|
|
Барлығы
|
150
|
|
|
|
|
1.3. Білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі дағдыларына қойылатын талаптар:
Пререквизиттер: Пәнді игеру Қазіргі Қазақстан тарихы, дінтану, саясаттану, философия пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.
Постреквизиттер: «Мәңгілік ел» пәнін игеру болашақта «педагогика» пәнін сәтті меңгеруге ықпал етеді.
1.4. Пәннің сипаттамасы:
1.4.1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Курстың негізгі мақсаты: ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.
- Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне терең бойлау, оның тарих, тіл, салт-дәстүр, өзіндік болмыс сынды маңызды құрамдас бөліктерін зерделеу, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық мүддесін, ұлттық құндылықтары менҚұндылықтар бағдарын саналы түрде қабылдау негізінде болашақ мамандардың (ұлтына қарамастан)жоғары деңгейлі ұлттық сана-сезімі мен оның өзегіретіндегі ұлттық рухты қалыптастыру.
- Болашақ мамандардың (мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің) ұлттық сана-сезім, жасампаз рух, патриоттық рух, тарихи сана мен әлеуметтік жады дамуының негізі ретінде өз ұлтының түп-тамырларын, туған халқының қалыптасып, даму тарихын терең пайымдауға тәрбиелеу. Осы ретте ұлттың даму тарихы өткен мен бүгін және болашақтың ажырамас бірлігі, өзара байланысы сапасында зерделенеді.
- Болашақ мамандардың (ұлтына қарамастан) Қазақстан халқының тарихи дамуындағы басты қозғаушы күш, біріктіруші әрі нығайтушы бастама болып
табылатын ұлттық рухы мен бірлік рухын дамыту және нығайту (халықтың рухы мықты болған сайын оның мемлекеттігінің перспективалары жоғарылай
түседі).
- Болашақ мамандардың қазақ тілін мемлекеттік тіл, ұлттық сана-сезімнің базалық тетігі, қазақ халқының, қазақ жерін мекендейтін барша халықтар мен Ұлыстардың руханияты мен бірлігінің тұғыры, тұтастай ұлттық рух дамуының негізі ретінде белсенді түрде меңгеруге дайындығын дамыту.
- Қазақ халқының озық дәстүрлерін (қонақжайлық, барша адамдарға деген ықыласты көңіл мен қамқорлық, төзімділік) негізге ала отырып, болашақ мамандардың(ұлтына қарамастан) бірлесіп өмір сүріп жатқан халықтар мен ұлыстардың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен тарихына деген құрмет сезімін дамыту.
- Болашақ мамандарды (ұлтына қарамастан) өз бойында келесі қасиеттерді саналы түрде қалыптастыруға бейімдеу: а) жоғары деңгейдегі ұлттық абырой, патриотизм мен азаматтық, төзімділік (толеранттылық) пен гуманизм; ә)этносаралық, конфессияаралық және мәдениетаралық сұхбат құруға әзірлік; б) Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық «мәңгілік» мұраттарын бейнелейтін және жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық орнауына септігін тигізетін, зорлық-зомбылыққа жол бермейтін өмір, еркіндік, ар, сенім, махаббат, бақыт сынды жалпыадамдық тұғырлы құндылықтар бағдарын ұстануға ықыласты болу.
- Болашақ мамандардың заманауи әлеуметтік-мәдени жағдайда келесі қасиет-сапаларға ие бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаға деген сұраныстың жоғары болатындығын саналы түрде пайымдап түсінуге бағыттау: а)өзін жетілдіруге, өздігімен дамуға, өзініңнегізгі күш-қуатын іске асыруға және өзінтанытуғаұмтылыс; ә) жаңа білім мазмұныны игеріп, тың идеяларды ойлап табуда бастамашылдық таныту және оларды отан игілігі үшін жүзеге асыруға дайын болу.
Достарыңызбен бөлісу: |