Тік бұрышты өлшеу
Жер асты теодолиттік жүрістерінің қабырғаларының еңкіштігін өлшеу, сол қабырғаның жазықтыққа түскен сәулесінің ұзындығын және тригоно-метриялық жолмен іргелес жатқан қосындардың бір-бірінен биіктігін анықтау болып табылады.
Маркшейдерлік түсірістерде тік бұрыштарды өлшеу геодезия курсындағы сияқты теодолит дүрбісінің екі жағдайында өлшенеді.
Тік бұрышты өлшеу құрылғысының қорабын дүрбінің оң жағына (КП) және сол жағына (КЛ) аударып, дүрбінің екі жағдайында да есеп алады. Дүрбі ішіндегі жіп торының көлденең сызығын, тіктеуішті ілген жіптің байланған (белгіленген) тұсына немесе тіктеуішті ілген жерден төменірек
6-сурет
түйін түйіп, соған бағыттау керек.
Тік бұрышты өлшеу алдында аспап биіктігін (і), нысаналау өсімен қосынға дейінгі биіктікті (V) өлшейді (6-сурет).
Өлшенген тік бұрыштың (қабырға еңкіштігі) шамасы және нөлдік орын (МО) төмендегі формуламен есептеледі:
; . (13)
7-сурет
Жоғарыдағы келтірілген формуладан мынадай қортынды шығаруға болады:
-теодолит пен белгіні дәлдей алмаудан кеткен қатенің шамасы үлкен болатындықтан, маркшейдер бұл жұмысты атқаруда жауапкершілікпен қарауы керек;
-теодолит пен белгіні дәлдей алмаудан кететін қатенің шамасы, өлшенетін бұрыштың шамасына байланысты болады (өлшенетін бұрыштың шамасы 180 градусқа жақындаған сайын бұл қате арта түседі);
-теодолитті қосын үстіне дәлдей алмау қатесінің әсері, өлшенетін бұрыштың қабырғаларының ұзындығына кері қатынаста болады;
-белгілерді қосын үстіне дәл орната алмаудың қатесі, өлшенетін бұрыштың шамасына байланысты емес және де ол өлшенетін бұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының жазықтықтағы сәулесіне кері қатынаста болады.
Жер асты түсірмелерінде өлшенетін бұрыштардың көбі 180 градусқа жақын болады, ал ұзындықтарының шамасы көп болмайды. Сондықтан, маркшейдер теодолит пен белгілерді орнату жұмыстарында ұқыпты болғаны жөн.
Маркшейдерлер тәжірибесінде үш түрлі аспаптарды және белгілерді қосын үстіне дәлдеу тәсілдері бар: тіктеуішпен дәлдеу; оптикалық және автоматты түрде дәлдеу.
1.13.Жер асты маркшейдерлік түсірістерінде ара қашықтықтарды өлшеу
Жер асты маркшейдерлік жұмыстарда ара қашықтықтарды өлшеу өте жауапты жұмыстардың бірі болып есептеледі. Ара қашықтықтарды өлшеудің бірнеше түрлері бар;
1. Қарапайым таспалармен (жіп, мата, металлдардан жасалған таспа-лар);
2. Болат таспалар, инварлық сымдармен өлшеу;
3. Оптикалық аспаптарды пайдалану;
4. Жарық жылдамдығын қолдану аспаптарымен;
5. Радио сигналдарын пайдаланып ара қашықтықты өлшеу аспаптары;
6. Лазерлік ара қашықтықты өлшеу аспаптарын пайдалану.
Солардың бірі-ара қашықтықты болат таспамен өлшеу тәсілін қарас-тырамыз. Жер асты түсірмелері қабырғаларының ұзындықтарын кен қазбала-рының табаны деңгейінде аспалы таспалармен немесе арнаулы сымдармен өлшейді. Қазба табанында өлшеу жер астында қолайсыз болғандықтан, көбінесе таспаны аспалы түрде пайдаланады.
Теодолиттік түсірістердің қабырғаларының ұзындықтарын 50 метрлік болат таспалармен өлшеу тиімді, өйткені бір қабырғаны бірнеше бөлікке бөліп өлшгеннен көрі, бірақ рет ұзын таспамен өлшеу нәтижелі болады. Ұзын таспалардың тиімділігін, бұрыштық өлшеу және ұзындық өлшеу жұмыс-тарын бірге жүргізгенде айқын байқауға болады. Мұндай жағдайда таспа-ның бас жағы теодолит дүрбісінің жазықтықта айналу өсімен теңестіріледі де, екінші жағын еңкіштігі өлшенетін қабырғаның соңғы нүктесіне бағыттайды (8-сурет).
Жер асты түсіру жүрістерінің қабырғаларының ұзындықтарын өлшемес бұрын, сол нүктелер үстіне немесе астына тіктеуіштің дәл орнатылғанын қадағалайды.
Кен қазбалары жазық болатын болса, онда жазық ара қашықтық өлшенеді, бұл кезде теодолит немесе нивелир аспаптарының дүрбі сәулеле-рінің деңгейі, ал дәлдігі төмен түсірістерде шамамен, яғни көз дәлдігімен тіктеуіш жіптері бойынан жалпы деңгей белгіленіді де, сол деңгейде ара қашықтық аспалы түрде өлшенеді. Кен қазбаларының еңкіштігі үлкен болса, онда еңкіш ұзындық өлшенеді де, теодолит дүрбісінің сәулесі арқылы тіктеуіш жібіне белгі салы-нып, өлшенетін қабырғаның еңкіштігі журналға жазылып отырылады.
8-сурет
Жоғарғы дәлдікті ара қашықтықтарды өлшеу кезінде, компараторда тексерілген құжаты бар болат таспалармен немесе инварлы сымдармен өлшейді. Ұзындық өлшеу жұмыстары қосындар үстіне, яғни нүктелер үстіне орнатылған үштағандар арасында жүргізіледі. Және бұл өлшеулер кезінде шеткі екі үштағандарды қосындар үстіне оптикалық дәлдеу арқылы орнатады. Ұзындық өлшеу реті геодезия курсындағы базистерді өлшеу жұмыстарына сәйкес жүргізіледі.
1.13.1. Жер асты түсірістеріндегі ара қашықтықтарды болат
таспалармен өлшеу тәсілі
Болат таспалар жер асты теодолиттік жүрістерінің ұзындықтарын өлшеудегі негізгі құралдарының бірі болып есептелінеді.
Болат таспалардың ұзындықтары 20, 30 және 50 метрлік болып келеді. 50 метрлік болат таспа қолдануға пайдалы, өнімді және дәл өлшеуге көп септігін тигізеді.
Тірек торларының 1 разрядты түсіру торларының ұзындықтарын тек қана компараторда тексерілген таспалармен өлшеуге рұқсат етіледі.
Мысалы 8а-суретте АВ қабырғасының ұзындығын өлшеу керек болса, онда таспаның ұзындығы жететіндей етіп екі немесе бірнеше бөлікке бөледі. А нүктесіне теодолитті қойып АВ қабырғасының еңкіштігін, яғни тік бұрышын өлшейді, содан кейін дүрбінің көздеу өсі арқылы шамамен АВ қабырғасының ортасына (С нүктесіне) тағы бір тіктеуіш іледі. Көздеу өсі тұсынан тіктеуіштер жіптеріне, яғни С және В нүктелеріне белгі немесе түйін түйіп қояды.
Ұзындықты өлшеу үшін, таспаны екі жағынан керіп ұстайды. А нүкте-сінде дүрбінің айналу өсінің тұсына, В нүктесінде белгі салынған жерге, яғни тік бұрышы өлшенген кездегі бағыттаған жерге ұстайды. Таспаның бір жағына тарту күшін өлшегіш-динамометр іліп, 98Н (10кгс) күшпен кереді де бір уақытта екі жағынан бір уақытта есеп алынады. Есеп алу үш рет қайталанылады, әр қайталанған сайын таспаны жылжытып отыру керек. Ұзындықты тура және кері бағытта екі рет өлшейді. Екі өлшемнің айырмасы тірек торлары үшін ұзындықтың 1:3000 қатынасындай, 1 разрядты торлар үшін 1:1000 қатынасындай шамалардан аспауы керек. Ұзындық өлшеу кезінде сол жердегі (қазба ішіндегі) ауаның қызуы 1 градус дәлдікпен өлшенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |