Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Инновация - жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Инструментализм



бет21/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания

Инновация - жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
Инструментализм - соған көпшілік теориялық түсініктердің, оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпирикалық мазмұны болмайтын және осы мағынасында объективтік элемнің сипаттамасы бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы басқада-эмпирикалық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, оның логикалық реттілігін құрудың жақсы кұралы болуда жатыр.
Индетерминизм - (от лат, in — емес жэне лат, determinare — анықтау) — себептілік байланыстың объективтілігін (онтологиялық индетерминизм) немесе ғылымдағы себептілік түсіндірудің (әдістемелік индетерминизм) танымдық мәнін жоққа шығаратын. Детерменизмге қарама-қарсы. Детерминизм себептіліктің объективті сипатын нығайтады индетерминизм септіліктің жалпыға ортақ сипатын теріске шығарады (үшқары формасында - себептілікті мүлде теріске шығарды).
Интерсубъективтьгпк - кең мағынасында өзара әрекеттесетін субъектілер тәжірибесінің ортақтығы және оның нәтижелерінің ортақ маңыздылығы. Интерсубъектілер деп, әдетте, кұрылым субъектілеріне тән, өзара түсінушілік және ортақ маңыздылық мүмкіндігін қамтамасыз ететін ортақтық аталады.
Индукция -логикалық пайымдау жолы, дедукцияға қарама қарсы әдіс. Жеке кағидалардан жалпы тұжырымдарға әкелетін дәлелдеу жолы. Индукцияның негізгі eкі формасы - бақылау, тәжірибе. Ф. Бэкон негізін салған.
Иррационализм - философиядағы идеалистік ағымдарды белгілейтін термин. Иррационализм рационализмге қарама-қарсы, таным процесіндегі ақыл-ойдың мүмкіндіктерін терістейді немесе шектейді және дуниені танудың негізі ретінде ақыл-ой жете алмайтын немесе оның табиғатына қарсы бірдеңені түсінеді, болмыстың өзін логикаға қарсы, иррациональдік сипатта деп тұжырымдайды. Иррационализм ағымы К.Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің, Ницше, Бергсонның өмір философиясында, К.Юнгтың еңбектерінде қалыптасты.
Инь және ян - (қытай философиясы) - этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жағасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер кyштepi ретінде қарастырылады. Олар бip-бipіне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкеледі, Инь - дүниенің рационалдық, «әйелдік бастауы», Ян - бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерленуінен табиғат құбылыстары да, коғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.
Категория - шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жалпы және қарапайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Сонымен қатар, категориялар таным объектілері болмысының алғашкы және негізгі формалары.
Креативтілік - шығармашылықты тұлғаның, процестің, өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуге көрінетін тудырушы қабілеті.
Критицизм - философиялық және ғылыми-теориалық ойлауға тән ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жок, сондықтан ғылымның міндеті - ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет