Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет1/39
Дата27.09.2023
өлшемі0,73 Mb.
#110952
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
История и философия науки. Методические указания



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ


КАЗАХСТАН

Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ


ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им. Д.СЕРИКБАЕВА

Қрықпаев М.Қ.

ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ

Барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨОЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Өскемен


2014
УДК 001: 1/14(07)

М.К.Қрықпаев. Ғылым философиясы және тарихы: Семинарлық сабақтар мен МӨОЖ арналған әдістемелік нұсқаулық / М.К.Қрықпаев Өскемен: ШҚМТУ, 2014 -57 б.


Әдістемелік нұсқаулықта: курс бағдарламасы, семинарлық сабақтар жоспарлары, өздігінен зерделеуге арналған сұрақтар, ««Ғылым философиясы және тарихы»» курсы бойынша глоссарийлер мен тестілік тапсырмалар берілген. Рефераттар тақырыптары, әр тақырып бойынша негізгі әдебиеттер тізімі берілген.
Оқу құралы күндізгі оқу түрінің барлық мамандықтарының магистранттарына өздігінен жұмыс жасауға арналған.

МТФ әдістемелік комиссиясымен бекітілген.


№ хаттама
ШҚМТУ, 2013-10-11

Мазмұны:


Кіріспе ...................................................................................................................... 3

  1. «Ғылым философиясы және тарихы» курсының мақсаты мен міндеттері ..5

  2. «Ғылым философиясы және тарихы» курсының бағдарламасы ...................5

  3. Семинарлық сабақтар жоспарлары және магистранттардың өздігінен

жұмыс жасауларына арналған тапсырмалар, рефераттар тақырыптары,
әдебиеттер тізімі ................................................................................................7

  1. Білімді тестілік бақылау ..................................................................................

5. Глоссарий ..........................................................................................................
6. ХХ ғасырдағы батыс еуропалық философиясы мен ғылым әдіснамасының
негізгі өкілдері ..................................................................................................

КІРІСПЕ



Көп деңгейлі білім беру жүйесіне ауысу, болашақ ғалымдар және оқытушылар – магистранттарды қажетті біліммен қаруландырудың жаңа курстарын енгізуге себепші болды. Сонымен қатар, жаңа кезеңде қоғамдағы өмір сүру шарттары да қарқынды өзгеруде. Біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әділ атап өткен «білім-ғылым-жаңартулар» үш тағаны басқаратын постиндустриальды әлемге қадам басудамыз. Бүгінгі уақыт – ғылымның табысты уақыты. Жаңалықтар енгізу негізінде индустрияландыру қоғамымыздың бағдарының маңызды құндылықтары болып табылады. Мұның барлығы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру мен техникалық ЖОО оқыту жүйесін сапалы өзгертуде жаңа тәсілдерді іздеуді, ғылыми, философиялық дүниетанымын, ұлтаралық қатынас мәдениетін, шыдамдылықты қалыптастыруды қажет етеді. Сапалы білім, бүкіл ғұмырын оқуға арнау бұл балама емес, бұл маңызды қажеттілік, және де жасампаз ойлайтын маман үшін қажеттілік. Сондықтан үздіксіз білімді жетілдіру, білімді, кәсіби құзіреттілікті арттырып отыру қажет. Өз кезегінде ХХ ғасырда неміс философы Г.Зиммель: «білімді адам – ол білмейтін затты қайдан тауып алуға болатынын білетін адам» деп көрсеткен болатын. Айқын деңгейде бұл міндеттер жаңа ғылымның серпінін, ерекшеліктерін, әдіснамасын, әлеуметтік рөлін, этосын ашатын, ғылыми әрекетті ұйымдастыруды қарастыратын, математика, физика, информатика, синергетика және т.б. арнайы пәндердің нақты философиялық мәселелері көзделген «Ғылым философиясы және тарихы» курсын меңгеру процесінде жүзеге асырылуда. Аталған курс жаратылыс ғылымдарының дамуының қазіргі жағдайын түсінуге, философия мәнмәтінінде ғылыми пікірлердің ерекшеліктерін және дамуын ашады, сондай-ақ ғылыми парадигманың ауысу логикасын ашуға мүмкіндік береді.
Білімнің бүгінгі әдіснамасы тұтастық ұғымына, модельдік тәсілден және абстракциялық қатынастан нақты жағдай элементтерінің интегралды синтезіне ауысуына бағытталған. Философиялық таным бұл тек проблемалы емес, сонымен қатар баламалы болып келеді, бұл ретте әр заман түпкілікті мәселені шешуде өзінің көзқарасын бағымдайды. Осылайша, философия қандай да бір білімдердің жиынтығы ғана болып табылмайды, сондай-ақ заман жосығының, әлеуметтік-мәдени қызметтің де таңдауы болып табылады. Магистранттардан эпистемологиялық және әдіснамалық тұжырымдамаларға талдау жасаған кезде өзіндік және шығармашылық ыңғайды талап етеді. Сондықтан, Интернет алмастыра алмайтын отандық және әлемдік ғылымның терең философиялық мұрасын шығармашылықпен ұғыну қажет. Бұл магистранттың білім алу процесінде тек қана, қандай да бір белгілі білімдер жиынтығын алып қоймай, сонымен қатар логикалық ойлауға, теориялық және практикалық мысалдарды тиімді шешуге үйренетіндігінің, ойлау және қатынас мәдениетін меңгеретіндігінің кепілі болып табылады.
Әдістемелік құралда берілген: «Ғылым философиясы және тарихы» курсының бағдарламасы, семинарлық сабақтар жоспарлары, өздігінен зерделеуге арналған сұрақтар, курс тақырыптары бойынша тестілік тапсырмалар, глоссарийлер және батыс еуропасы философиясының негізгі өкілдеріне жалпы сипаттама, ХХ ғасырдағы батысеуропа философиясы мен ғылым әдіснамасының негізгі өкілдеріне сипаттама берілген. Рефераттар тақырыптары, әр тақырып бойынша негізгі әдебиеттер тізімі ұсынылған.
«Ғылым философиясы және тарихы» курсын оқып-үйрену үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу жоспарымен 2 кредит берілген, соның ішінде 15 сағат дәріске, 15 сағат семинарлық сабақтарға, 30 сағат МӨОЖ-на. Сондықтан басты акцент жетекші оқытушының басшылығымен магистранттардың өздік жұмыстарына қойылады.
Бағдарламамен классикалық және постклассикалық философияның, және ғылым әдіснамасының, синергетиканың, ақпараттық эпистемологияның көкейтесті мәселелері бойынша оқытушының шешімімен техникалық және магистранттардың дайындық профилін ескере отырып, курсты кеңейтуге рұқсат етілген.
Семинарлық сабақтар жоспарларында әр тақырыптар бойынша түйінді мәселелер ғана көрсетілген, алайда, қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар кіргізуге болады. Рефераттар тақырыптары және әдебиеттер тізімі кеңейтілуі, толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.
Автор әдістемелік құралды ары қарай жаңарту және жетілдіру үшін оқытушылардың, магистранттардың сындарлы ескертпелері мен ұсыныстарын ризашылықпен қабылдайды.

1. «ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ» КУРСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Курс мақсаты – магистранттарға танымның ғылыми теорясының және ғылыми зерттеулер әдіснамасының негіздерін беру, ғылымның генезисі мен даму динамикасын көрсету, ғылым философиясының ең өзекті тұжырымдамасының мағынасымен таныстыру, ғылым мен оның философиясының өзара байланысын және айырмашылығын түсіндіру.
«Ғылым философиясы және тарихы» курсының бағдарламасы мынадай негізгі міндеттерді қояды:
1.1. Магистрантарды ғылым философиясының тарихының тұжырымдама-лық мазмұнымен, классикалық үлгілермен және ғылым модельдерімен таныстыру, генезистің, ғылыми пікірлердің туындауы мен дамуының логикасын көрсету. Ең негізгі ұғымдармен, категориясымен, принциптерімен, курс әдіснамасымен, оның құрылымымен және динамикасымен таныстыру.
1.2. Ғылыми-философиялық бағдарламалардың негізгі тұжырымдамасын, ғылыми танымның алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін ашу.
1.3. Магистрантты «дайын білімді пайдаланушыдан» шығармашыл, тұжырымдай білетін, ойлай білетін маманға қайта бағдарлау, ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларына үйрету, интеллектуалды қабілеттерін кеңейтуге және дамытуға жағдай жасау.
1.4. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және адамгершіліктік-гуманитарлық ауқымды мәселелерді сауатты қоя білуге және оларды шешуге қабілетті дүниетанымы терең, шығармашыл-мәдениетті магистранттарда өзіндік, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Курс құрылымына мынадай бөлімдер кіреді: 1) ғылым философиясының пәндік саласы; 2) қазіргі өркениетті мәдениеттегі ғылым; ғылымның пайда болуы және оның дамуының негізгі сатылары; 4) ғылыми танымның құрылымы. Ғылым динамикасы және ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Ғылыми дәстүрлер және ғылыми рефолюция; 5) философия және ғылыми зерттеу әдіснамасы; 6) ғылым – әлеуметтік институт ретінде.
Оқу жоспарынан және сағаттар санынан дәріс үшін 15 сағат бөлінеді, семинарлық сағаттар – 15 сағат, МӨОЖ – 30 сағат. Курс сұрақтарының басты бөлігі оқытушының басшылығымен өздігінен оқу үшін беріледі.
2. «ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХЫ» КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет