1 2 3 4 5 6 7
1) гексагондық призма, 2) гексагондық пирамида, 3) гексагондық дипирамида, 4) гексагондық трапецоэдр, 5) дигексагондық призма, 6) дигексагондық пирамида, 7) дигексагондық дипирамида.
10 сурет – Ортанғы категориясының, гексагондық сингониясының қарапайым пішіндері
Ортаңғы сингонияларда, төменгі категорияның қарапайым пішіндерінен, моноэдр және пинакоид кездеседі. Ашық пішіндері боп призмалар және пирамидалар саналады. Сәйкес сингонияларында тригондық, тетрагондық және гексагондық призмалар кездеседі. Жоғарғы ретті L3, L4, немесе L6 өстеріне перпендикуляр қималарының пішіндері үшбұрышты, шаршы немесе алты бұрышты. Дипирамидалар, скаленоэдрлер, трапецоэдрлер, ромбоэдрлер және тетрагондық тетраэдр жабық пішіндерге жатады.
Дипирамидалар тригондық, тетрагондық және гексагондық болады. Скаленоэдр– ол жақтары әр түрлі қабырғалы үшбұрыштардан туратың қарапайым пішін. Скаленоэдрлер тек тригондық және тетрагондақ сингонияларда кездеседі. Трапецоэдрдипирамидаға ұқсас, осы қарапайым пішіннің жақтары төрт бұрыштардан тұрады, ал бүйір қабырғалары бір жазықтықта жатпайды. Трапецоэдрлар тек симметрия жазықтары жоқ симметрияның үш түрінде болуы мүмкін. Ромбоэдр – оның алты жақтары ромбыдан тұрады, ол диагональдары бойынша созылған немесе қысылған текшеге ұқсас. Ол тек тригондық және гексагондық сингонияларға тән. Тетрагондық тетраэдр – оның төрт тең жақтары, бүйірлері тең үшбұрыштардан тұрады.
Кубтық сингонияға15 қарапайым пішін жатады, олардың бәрі жабық пішіндер болады. Төменгі және ортаңғы сингониялардың қарапайым пішіндері кездеспейді. Куб (гексаэдр) алты қос-қостаған параллельді шаршы жақтардан тұрады. Ал текшенің әр жағын төрт тең үшбұрыштарымен ауыстырса, сонда тетрагексаэдр пайда болады. Октаэдр сегіз қос-қостаған параллель тең үшбұрыштардан тұрады. Кубтық сингонияның тетраэдрі төрт тең жақты үшбұрыштан тұрады, олар кеңістікті қауыстырады.